Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы Сапалы медициналық көмек көрсететін көпсалалы аурухана.

20  мамыр - Дүниежүзілік травматология күні! Травматология - клиникалық медицинаның ежелгі салаларының бірі, оның негізі...
20/05/2026

20 мамыр - Дүниежүзілік травматология күні! Травматология - клиникалық медицинаның ежелгі салаларының бірі, оның негізін қалаушы ұлы ғалым және ойшыл Гиппократ: ол «буындар туралы» және «сынықтар туралы» кітаптардың алғашқы авторы болды. Бұл термин грек сөзінен шыққан «жарақат» — жара, зақым және «логос» - ілім. Бұл жарақаттар мен зақымдануларды, олардың алдын-алу және емдеу әдістерін зерттейтін ғылым. Қазіргі заманғы травматология ғылымы - әлемдегі технология мен өнеркәсіптің дамуымен бірге күн санап жаңалыққа кенеліп жатқан медицина саласының бірі. Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігер травматологтары да сол қатарда. Қазіргі күні ауруханамыздың білікті мамандары арнайы мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету бойынша аумағымыздың ем сұрап келген тұрғындарына тәулік бойы қызмет етуде. Ауруханамыздың травматолог дәрігерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

15/05/2026
Уважаемые медицинские сестры!Поздравляем вас с Международным днем медицинской сестры! Желаем вам крепкого здоровья, счас...
14/05/2026

Уважаемые медицинские сестры!

Поздравляем вас с Международным днем медицинской сестры! Желаем вам крепкого здоровья, счастья, благополучия и успехов в вашем благородном труде. Спасибо за вашу заботу, доброту, терпение и ежедневный труд во благо здоровья людей!

13/05/2026

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында мейіргерлерге адал еңбегі, кәсібилігі және мамандыққа деген жанашырлығы үшін құрмет грамоталары, алғыс хаттар, медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

13/05/2026

🌷Құрметті мейіргерлер!

Сіздерді Халықаралық мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Адам жанына шипа сыйлап жүрген мейірімдеріңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз!

Құрметті мейіргерлер!Бүгін, 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні. Осы кәсіби мерекеге орай баршаңызды шын жүректен құ...
12/05/2026

Құрметті мейіргерлер!

Бүгін, 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні. Осы кәсіби мерекеге орай баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Мейіргер ісі – денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігі. Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті, мейірімділік пен жанашырлықты талап етеді. Сіздер күн сайын науқастардың саулығы үшін аянбай еңбек етіп, медициналық көмектің сапалы көрсетілуіне зор үлес қосып келесіздер.

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының мейіргерлері өздерінің адал еңбегі, кәсібилігі мен төзімділігінің арқасында медицина саласының дамуына елеулі үлес қосып отыр. Науқасқа жан жылуын сыйлап, қиын сәтте қолдау көрсете білу – үлкен адамгершіліктің белгісі.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен адам денсаулығын сақтаудағы қызметтеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен кәсіби жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,
Қайрат Жетібаев
Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының басшысы

Құрметті ардагерлер, қадірлі ағайын!Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – батырлық пен ер...
09/05/2026

Құрметті ардагерлер, қадірлі ағайын!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – батырлық пен ерліктің, елге деген адалдық пен отансүйгіштіктің айқын көрінісі болған қасиетті мереке. Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен шайқасқан батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олар бізге бейбіт өмір, тыныш ел мен жарқын болашақ сыйлады. Бүгінгі ұрпақ сол ерлікті әрдайым мақтан тұтып, құрметпен еске алады.

Ардагерлеріміздің қайсарлығы, төзімі мен Отанға деген сүйіспеншілігі кейінгі буынға үлкен өнеге. Біз олардың алдында әрдайым қарыздармыз және ерлік жолын ұмытпай, тарихымызды қадірлеуіміз керек.

Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға амандық, бақ-береке және құт-береке тілеймін. Елімізде әрдайым тыныштық орнап, көк туымыз биікте желбірей берсін!

Құрметпен,
Қайрат Жетібаев
Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері

Құрметті отандастар!Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке – ел тыныштығын күз...
07/05/2026

Құрметті отандастар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – ел тыныштығын күзетіп, мемлекет қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген азаматтарға көрсетілетін ерекше құрмет күні. Отанды қорғау – әр адамның қасиетті борышы. Бүгінде әскери қызметкерлер мен барлық күштік құрылым өкілдері елге адал қызмет етіп, батыр бабаларымыздың жолын абыроймен жалғастырып келеді.

Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, көк туымыз биік болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым тыныштық пен бірлік болсын!

Құрметпен,
Қайрат Жетібаев

05/05/2026

Құрметті акушерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Акушерлер күнімен құттықтаймыз!
Ана мен бала денсаулығын сақтаудағы ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің жоғары жауапкершіліктеріңіз бен адал қызметтеріңіз қоғам үшін аса маңызды.
Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс және отбасыларыңызға амандық тілейміз!

24/04/2026

Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен 2026 жылғы 23 сәуірде «Трансплантациялық координация және донорлық процесті ұйымдастыру» тақырыбында бейінді мамандарға арналған оқыту өткізілді. Семинар-тренинг Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантацияны үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталығының (Астана қ.) қолдауымен ұйымдастырылды.

Республикалық орталық директорының орынбасары Н. Жильгельдина бастаған спикерлер тобы семинар барысында Қазақстандағы ағза донорлығының заңнамалық аспектілері, ерік білдіру тәртібі туралы баяндама жасап, қайтыс болғаннан кейінгі донорлықта ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңызын талқылады. Дәрігерлерге донорлық процестің алгоритмі, зертханалық және клиникалық сүйемелдеу, тіркелімді белгіленген тәртіппен жүргізу бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Семинарға қатысушылар жүрек және бүйрек трансплантациясынан кейінгі реципиенттермен кездесті.

По инициативе Управления здравоохранения  23 апреля 2026г. проведено обучение профильных специалистов по теме: "Транспла...
24/04/2026

По инициативе Управления здравоохранения 23 апреля 2026г. проведено обучение профильных специалистов по теме: "Трансплантанционная координация и организация донорского процесса". Семинар-тренинг проведен при поддержке Республиканского центра по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг МЗ РК (г.Астана).
Команда спикеров во главе заместителя директора РЦКТВТМУ Жильгельдиной Н.З. на семинар-тренинге выступила с докладами по законодательным аспектам донорства органов в Казахстане, порядку волеизъявления, обсуждено значение информационно-разъяснительной работы при посмертном донорстве. Для врачей даны конкретные рекомендации по алгоритму донорского процесса, лабораторному и клиническому сопровождению, ведению регистра в установленном порядке.
Участники семинара встретились с реципиентами после пересадки сердца, почек.

Медицина Актобе

Address

Больничный городок, ж/м Жанаконыс 8 E
Aktobe
030012

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77132534265

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share