28/11/2023
ЕГЕР СІЗ ӘЛІ КВОТАҒА КЕЗЕККЕ ТҰРМАСАҢЫЗ👇
Квота бойынша ЭКҰ-ға іріктеуді ҚР ДСМ бұйрықтарына сәйкес, репродуктолог-дәрігер немесе гинеколог өткізеді.
1️⃣ҚАДАМ
РЕПРОДУКТОЛОГТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН АЛУ! Ол үшін Сіздерге:
+7 775 007 0700 нөмірімен ЭКОМЕД желісінің репродуктологының ҚАБЫЛДАУЫНА жазылып КЕЛУ КЕРЕК!
❗️Егер Сізге жақын Экомед орталығы болмаса, іріктеуді онлайн өту мүмкін! Ол үшін:
✅ +7 702 872 2244 WhatsApp нөміріне
немесе info@ecomed.kz поштасына мыналарды жіберу керек:
Сауалнама:
• Аты-жөні, жасы
• Телефон
• Экомед клиникаларының қайсысында ЭКҰ өтуді жоспарлайсыз?
• Анамнез: бедеуліктің ұзақтығы, жүктілік, түсік, жатырдан тыс жүктілік, босану, гинекологиялық операциялар.
• Бұрын жүргізілген тексерулердің және емдеу/операциядан кейін шығару нәтижелері.
✅Біздің дәрігерлер барлық құжатты қарап, сіздерге онлайн-кеңес береді.
✅Квота берілетін көрсетілімдерге сәйкес келген жағдайда, Сізге квота бойынша ЭКҰ-ға кезекке қою үшін ұсыныстары бар консультациялық парақ жіберіледі.
2️⃣ҚАДАМ
ЭКОМЕД-тен берілген қорытындымен тұрғылықты жері бойынша поликлиникада немесе әйелдер кеңесінде квотаға кезекке тұрасыз.
3️⃣ҚАДАМ
Тұрғылықты жері бойынша поликлиникалар/әйелдер кеңесі жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы комиссияға пациенттердің квотаға құжаттарын жібереді. Онда квоталық ЭКҰ-ға жіберу туралы шешім қабылданады.
ЕГЕР СІЗ КВОТАҒА КЕЗЕКТЕ ТҰРСАҢЫЗ👇
❗Сізге де емдеуші дәрігеріңізбен байланыста болу үшін өз деректеріңізді (жоғарыдағы 1-тармақ) жіберуді ұсынамыз.
4️⃣ҚАДАМ
Кезегіңіз келгенде, Сізге поликлиникаңыздан немесе Денсаулық сақтау басқармасынан ЭКҰ-ға жолдама мен үзінді көшірмені қайдан алатыныңызды хабарлайды.
⠀
5️⃣ҚАДАМ
Осы құжаттармен ДКК қорытындысын алу үшін өзіңіз таңдаған ЭКҰ-клиникаға қабылдауға келіп, ЭКҰ бағдарламасын бастау керек.
✳️Клиниканы таңдау сіздің заңды құқығыңыз екенін ұмытпаңыз!
✳️Квотаның кезегі бір! Яғни биылға квоталар бөлініп бітсе де, келесі жылдарға қазірден бастап кезекке тұру қажет!
☎️Тағы да сұрақтар туындаса, бізге 8775 007 0700 нөміріне қоңырау шалыңыздар.
#ЭКОпоквоте #аңсағансәби #квотаЭкомед #какполучитьквотунаэко