07/08/2025
📢 ACQH ISO 9001:2015 халықаралық сапа стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өтті!
2025 жылғы 7 тамызда «Accreditation Center for Quality in Healthcare» (ACQH) қоғамдық бірлестігі СТ ҚР ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015) талаптарына сәйкестігін растайтын Сәйкестік сертификатын ресми түрде алды. Бұл құжат ұйымның сапа менеджменті жүйесінің енгізілгенін және тиімді жұмыс істеп тұрғанын растайды.
Сертификат ТОО «SMART CERT» сәйкестікті растау органы тарапынан беріліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркелген. Сертификаттың қолданылу мерзімі – 2028 жылдың тамызына дейін. Сертификаттау саласы – ACQH-тың білім беру және біліктілікті арттыру саласындағы қызметі.
🏆 ISO 9001 – бұл бүкіл әлемде танылған сапа стандарты, ұйым ішіндегі үдерістердің тиімділігі, басқарудың ашықтығы және үздіксіз жетілдіру қағидаттарына негізделген басқару деңгейінің жоғары екенін білдіретін белгі.
Бұл сертификатты алу – ACQH-тың:
• халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істейтінін,
• басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ететінін,
• серіктестердің, сарапшылардың және медициналық ұйымдардың сеніміне ие екенін,
• және өңірлік әдістемелік орталық ретіндегі рөлін нығайтып отырғанын тағы бір мәрте дәлелдейді.
📌 ISO 9001 сертификаты — халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларға қатысу, цифрлық және білім беру бағдарламаларын дамыту үшін берік негіз болып табылады!