20/11/2025
2023 жылдың 18 қарашасы…
Өмірімдегі ең толқынысты күндердің бірі.
Бөпемді күткендей күй кешіп, Қазақстанға тұтықпаны кешенді емдеу орталығын алғаш алып келген сәт.
Оралда ашылған орталықтың алғашқы күнінен-ақ тұтықпаға жылдар бойы ем іздеген, үміт оты сөнген адамдарға дұрыс бағыттағы ем , нақты нәтиже, шынайы қолдау ауадай қажет екені анық көрінді.
Бізге келген әр жан — емші-бақсыны жағалап шаршаған, түрлі дәріні ішіп көрген, бірақ еш өзгеріс көрмеген адамдар.
Ал алғашқы нәтижелер…
Адамның тұтықпай еркін сөйлеп кеткен сәтін көру — сөзбен түсіндіру мүмкін емес қуаныш.
Өйткені менің өзім де 5 жасымнан тұтыққан жанмын.
Мамандар болмағандықтан қалай қиналғанымды білемін.
Сол себепті бұл мен үшін жәй орталық емес, жүрегімде 20 жылдан бері жүрген арманның орындалғаны.
2 жылда бізге Қазақстанның түкпір-түкпірінен емге адамдар келді.
2–3 айда тұтықпасын жеңіп, марапаттарын алып, еркін сөйлеп, жаңа өмір бастаған жүздеген жан бар.
Біздің миссия — тұтықпа ауру емес екенін дәлелдеу, және жылдар бойы сөйлеуге қысылып, тұтығып сөйлеуден ұялып жүрген әр адамға еркін сөйлеу мүмкіндігін сыйладық.
Бізге сеніп келген әр емделушіге, әр ата-анаға үлкен алғыс!
Бізге артылған жауапкершілік — үмітін жоғалтқан жанның жүрегіне қайта жылу сыйлау.
Орталығымыздың әр маманы — шын жүрекпен жұмыс істейтін мықтылар.
Бізден тек тұтықпай сөйлеуді емес, толық өзгерген болмысты, жаңа мінезді, жаңа әдеттерді алып шыққан талай адам бар.
Ата-аналардың алғысы — біздің ең үлкен мотивациямыз.
Бүгінгі 2 жыл — жай дата емес.
Бұл — әр емделушінің жеңісі.
Әр ата-ананың сенімі.
Әр маманның маңдай тері.
Мықты командам, бірге жасаған әр күніміз үшін рақмет.
Біз — адамдарға сөйлеудегі еркіндікті, тұтықпасыз жаңа өмірді сыйлайтын үлкен отбасы. ❤️
#арманымызбір #заиколог #массажист #психолог #афктренер