️𝑍𝐻𝐴𝑁𝑌𝐿 𝐾𝐴𝐼𝑅𝐴𝑇𝑂𝑉𝑁𝐴️

  • Home
  • Kazakhstan
  • Semey
  • ️𝑍𝐻𝐴𝑁𝑌𝐿 𝐾𝐴𝐼𝑅𝐴𝑇𝑂𝑉𝑁𝐴️

️𝑍𝐻𝐴𝑁𝑌𝐿 𝐾𝐴𝐼𝑅𝐴𝑇𝑂𝑉𝑁𝐴️ Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ️𝑍𝐻𝐴𝑁𝑌𝐿 𝐾𝐴𝐼𝑅𝐴𝑇𝑂𝑉𝑁𝐴️, Doctor, Semey.

18/02/2026
19/01/2026

Ішкі жан дүниеммен сыртқы келбетім ұштасып тұрсын деп, бетімді әдемілеуге келдім😁
Мен таңдаған косметолог, өзінде болған бетіндегі проблемалардың жауабын іздеп, осы салаға келген қыз. Әр этапта не жасап жатқанын айтып, қалай әсер ететінін айтып, менімен байланыс жасап отырды.
Алда тағы бұйырса барып тұратыным сөзсіз!

Бұл жазба бұрынғыдан өзгерек…Жазу, білген түйгенімді, ақ параққа түртіп қойып, өз ойымды солай жеткізу маған мектеп кезі...
28/08/2022

Бұл жазба бұрынғыдан өзгерек…

Жазу, білген түйгенімді, ақ параққа түртіп қойып, өз ойымды солай жеткізу маған мектеп кезінен жеңілдеу болды. Басқалар сияқты досым деп, ішкі жан сырымды ақтарып, шер тарқатып айтпаппын ешкімге.

Қазір сол ақ парақтың орнын, осы Инстаграм басты мен үшін. Бұл жерде қалай бар, еш бүкпесіз бәрін жазып, бөлісіп жүремін.

Кейбір адамдар түсінбей, не осы айтып бәрін дейтінде шығар( примерно білем кімдер екенін😄) .

Но білесіздерма, мен Мамам өмірден қайтқаннан кейін, миым бірден не осознано елдің сөзін елемеу деген установканы қабылдапты.
Ұят болады, анау былай дейді, сөйлейді деген ой миымда мүлде жоқ қазір…
Мамам барда, ұятты болып мамама жаман сөз келмесін, деген оймен өстік. Мамам как будто, сол мидағы шектеуімізді өзімен бірге алып кеткендей болды..

Сол үшінде мен удобный келін, әйел, дос болуға тырыспаймын. Ел айтадығой ұят болар деп өз қалауымды шектемеймін( ну конечно в меру дозволенного).

Не істесемде бірінші Алладан хайырлысын сұрап, шын жүрегіммен ниетпен жасаймын.
Аяқ асты бұндай жазба жазуымның себебі де бар).
Елдің ойы өз өмірінен маңыздырақ адамдарды көріп, таң қалғаннан, менде неге ондай сезім жоқ екен деп миымды қазбалап, жауабын тапқаннан кейін, Альберт Энштейн сияқты “эврика” дедім).

Сіздерге де айтарым адамның разылығы үшін жасаған ісің, соңында разочарованиеге әкелуі мүмкін. Соңында кімді кінәлйәсің?
Әрине өзің!

Сол үшін бірінші өз ойыңмен, жүрегіңмен санасып жасайғой не нәрсені….

Босанғаннан кейінгі дефициттің      орнын толтыру!9 ай құрасғыңызда бөпеңізді көтеріп,аман есен жаныңыз қалып, қолыңыза ...
28/12/2021

Босанғаннан кейінгі дефициттің орнын толтыру!

9 ай құрасғыңызда бөпеңізді көтеріп,аман есен жаныңыз қалып, қолыңыза балаңызды алғанан кейін жаңа аналық өміріңіз басталады!

Бойымыздағы бар витамин минералдарымызды баламызға жұмсап, өз денсаулығымыз әлсірейтіні жасырын емес!

Бәріңізде қалай қалыпқа келемін деген сұрақ тұрады. Ал ол үшін бір айдың тіпті бір жылдың өзі аздық етеді. Кем дегенде 3-4жыл дер едім. Ал кеттік>

✔️Ең бастысы ол ұйқы режиміңізді ретке келтіру. Балаңыз ұйықтағанда мүмкіндік болса өзіңізде сәл ұйықтап алыңыз. Балаңызды да ұйқысын ретке келтіріп үйреніңіз.

✔️ Тамақтану- баланың жағдайына да әсер ететін фактор! Сүт толтырамын деп шәй ішу это МИФ( бұл жайлы жеке тақырып қозғаймыз). Жәй жылы суды жиі ішіңіз. Қуырылған, газдалған, тәтті тағамдарды шектеңіз! Оның орнына, сұйық сорпалы нәрлі тағамдар жеңіз!

✔️ Енді витаминдер кезегі, Д 3 витамині- бүкіл ағзамыздың қорегі десем қателеспеймін! Жасушалық деңгейде қызмет атқарады, кальций мен фосфор сіңірілуіне қатысып, иммундық жүйені реттейді. Профилактикалық доза- 5000МЕ. Емдік доза 10000МЕ.

✔️ Магний- алдыңғы постта маңыздылығы жайлы айтып өттім. Босанғаннан кейін тез ашушаң болып, стресс, депрессияға түссеңіз ең керек минералдың бірі осы.

✔️ОМЕГА 3- жүктілік және бала емізу кезінде баланың ақыл ой дамуына, өзіңіздің тері, шашыңыздың қалпына келуіне оң әсер береді.

✔️ ЙОД- махаббатым ерекше❤️Жаңа туған нәрестеге 1-2 каплядан 1 жасқа дейін. Ал өздеріңіз 5-8 каплядан таңертең жылы сумен ішіңіздер. Мастопатия, киста, гипотериозға таптырмас минерал.

✔️ Витамин С( в виде аскорбата натрия)- “бүйрек үсті шаршау синдромы” деген ұғым бар. Әр безге күніне 500мг витамин С қажет! Әлсіздік, шаршағыштық, өмірге деген қызығушылықтың болмауы сияқты түсініксіз состояниеге түсуіңізге осы бүйрек үсті безінің дұрыс қызмет жасауы жауап береді.

Ал маңызды деген витамин минералдар осылар, басқада жеке дара симптомдарыңыз болса қосуға болатын витаминдер бар. Мысалға А витамині-шырышты қабаттардың жұмысына жауап беретін, В тобы витаминдері т.б
олар енді жеке дара талдап таңдалады.

Босанған қыз келіншектер көппе оқырмандарымның ішінен?

Кім қалай ағзасын толықтыруда

ОМЕГА 3Омега 3 ағзамызда өздігінен түзілмейді. Біз оны тек сырттан ғана ала аламыз( теңіз түбінде мекен ететін балықтар)...
23/12/2021

ОМЕГА 3

Омега 3 ағзамызда өздігінен түзілмейді. Біз оны тек сырттан ғана ала аламыз( теңіз түбінде мекен ететін балықтар). Ал оны теңіз түбінен ұстап жеуіміз екі талай. Жәй сазан балықтың өзін жесек жедік айына бір рет. Ал ОМЕГА- 3 бізге өте қажет қоспа болып табылады!

Омега -3 тің құрамында бізге қажет май қышқылдарына:
1. ЭПК (эйкозапентаен қышқылы)
2. ДГК (декозагексаен қышқылы)

Омега3 таңдағанда осы екі қышқылдардың дозасына қарап алу керек!

Зерттеулер бойынша, майлы балықты көп қабылдайтын адамдар, жүрек-қантамыр ауруларымен ауырмайды екен. Қандай керемет иә?

Мен өз практикамда, маған қабылдауға келетін 10 адамның 9 да жүрек қан тамыр аурулары бар десем өтірік айтпаспын. Ал ол науқастар тек симптомды басатын дәрілерді қабылдап, бауырларын отырғызуда🙁

Омега 3 ағзамызға не үшін қажет? Қандай жүйелердің жұмысын жақсартады?

🖌 Ең бастысы ол миымыздың шорегі десек болады. Балаларда Омега 3 жетіспеуі “синдром дефицита внимания» «гиперактивность» дамуы мүмкін.
Оқу үлгерімінің нашар болуы, есте сақтаудың төмен болуы да осы Омега 3 тің жетіспеуінен болады.

🖌 Омега 3 көздің торлы қабығының құрамына кіреді, ал оның жетіспеуі макулодистрофияға( соқырлық) әкелуі мүмкін.

🖌 Көңіл күйге әсер етеді, көбіне депрессия кезінде қолданады

🖌 Тромб түзілуінің алдын алады

🖌 Терінің серпімділігі мен әдемілігін қамтамасыз етеді

🖌 Қабынуға қарсы әсер етеді

Оййй айта берсең таң атады)) Көрдіңіздерма бір Омеганың өзінің қаншалықты пайдасы бар екенін?

Есіңізде болсын жақсы Омега3 ешқашан арзан тұрмайды. Бағасы қымбат жақсы Омега 3 тің.

Ал Омега 3 қабылдап бастайсызба?

АПТЕКА & IHERBСөздің басы…..Волшебный 🪄 барлық ауруға ем болатын бір ғана дәрі болмайды⛔️Айхерб  бәріне ем болатын дәріл...
20/12/2021

АПТЕКА & IHERB

Сөздің басы…..

Волшебный 🪄 барлық ауруға ем болатын бір ғана дәрі болмайды⛔️

Айхерб бәріне ем болатын дәрілер ғана сататын жер емес. Ол қарапайым интернет магазин. Ішінде значит жақсысы да жаманы да бар деген сөз!

Енді қараңыз сіз машинаның құрылымы, майы қандай болу керек, қандай антифриз құю керек деген сияқты элементтерді білмесеңіз оны маманынан барып сұрап барып жөндетесіз.

Бұл жерде де солай, өз бетіңізбен анау жақсы мынау жақсы деді немесе в наличий бар екен осы Д 3 деп ала беруге болмайды🚫

Оны да өз маманына барып, сіздің жеке дара ағзаңызға сай келетін формасын алу керексіз!

Қазіргі таңда Россия осы Айхерб сайтымен қатты күресіп келеді( оның ар жағында жақсы не жаман ой жатыр белгісіз, фарм компаниялардың конкуренті болғасын мүмкін) но олардың озвучкасы бойынша, халық бей берекет құрамында гормоны бар, зиянды шөптері бар препараттарды емін еркін алыуда деуі.

Иә ол жағы рас, елдер үйде отырып антипаразитарлы дәрілерге заказ беріп қабылдап, өз ағзасын одан ары құртуда. Олай денсаулыққа селқос қарауға болмайды.

Маған қазіргі таңда Айхербтен заказ беру жеңіл, себебі мен бірден құрамына қараймын. Сіңімді формасын іздеймін. Дозасын өз ағзамдағы жетіспеушілікке сай таңдаймын!

Егер сіздерде Нутрицевтиктер қабылдауға көшкіңіз келсе онда арнайы нутрицолог маманнан өтіп барып қана қабылдаңыздаршы дегім келеді!

Жеткізе алдымба сіздерге ойымды?

Сіздерде еш кеңессіз қабылдай бересіздерма?

ТЕМПЕРАТУРА 🌡“Температурам көтеріліп тұр, қандай жаропонижающе ішемін, парацетамол қайда?”Көпшілігіңізге таныс жағдай те...
14/12/2021

ТЕМПЕРАТУРА 🌡

“Температурам көтеріліп тұр, қандай жаропонижающе ішемін, парацетамол қайда?”

Көпшілігіңізге таныс жағдай температура көтерілгеннен қорқу.

Алайда бұл қуанатын жағдай. Себебі қандайда бір инфекциялық ауру кезінде t-ның жоғарлауы біздің иммунды жүйеміздің дұрыс жұмыс жасап жатқаны. Жоғары температурада ағазамызға енген вирустар өледі. Бұл ағзамыздың қорғаныш реакциясы.

Яғни , инфекциялық аурулар кезінде лейкоциттер жоғары t-ра беретін пирогенді факторларды өндіреді, содан кейін вирустарға қарсы интерферондар синтезі басталады.

Енді осы интерферон жұмыс жасау үшін, дене температурасының жоғарлауы керек.

Сондықтан біз t-ны бірден түсірсек ағзамыз интерферонсыз қалады. Соның салдарынан ауруымыз ұзаққа созылып кетеді!

❗️Естеріңізде болсын инфекциялық аурулар кезінде дене t-сы 40С ары көтерілмейді. Температураның кері әсері 42 С жоғарлағанда ғана болады!

Сондықтан 40 С дейін t-ра көтерілсе түсірмеңіз, өз иммунитетіңіз жұмыс жасауға жол беріңіз.

Иә балаңыз қиналмасыншы деп дәрі бере салу оңай, алайда сіз онымен ағзасына зиян тигізіп жатқаныңызды ұмытпаңыз.

Көңіліңізді мейілінше бөліп, жиі суын беріп, қасықтың ұшымен 2сағат сайын Аскорбат натрия беріп, вирустың өкпеге еніп кетпеуі үшін Цинк берсеңіздер болады!

Жалғасын оқу үшін суретті жылжытыңыз↪️


Пост пайдалы болса ❤️ қойып, сақтап алыңыздар

ПРЕВЕНТИВТІ МЕДИЦИНАОйдағы сан сұрақ….Неге приемға келген пациентім 1000 мәрте айналып келе береді? Неге ем жүрмейді?Үйд...
12/12/2021

ПРЕВЕНТИВТІ МЕДИЦИНА

Ойдағы сан сұрақ….
Неге приемға келген пациентім 1000 мәрте айналып келе береді? Неге ем жүрмейді?
Үйде қызымның жиі ауруы? Айналамдағылардың сен дәрігер емесіңбе деген сан сұрақтары?

Осының барлығы менің превентивті медицинамен танысуыма әсер етті!

Қызым жиі ауырып қала беретін, ақыры жазылмағансоң антибиотик амалсыз беретінмін. Оның ағзаға қалай көп қабылдау зиян екенін біліп, уайымдайтынмын.
Сонда қалай емдеу керекпін деп басым қататын.

Классикалық медицинаның уақытша ғана көмектесетінін көрген соң, басқа жол іздей бастадым.

Жан жақты ізденіп, Инстаграм арқылы жақсы деген Нутрицолог дәрігерлерді күніге оқитын болдым. Вебинар, курстар оқып қызығушылығым одан ары артты.

Қазір қызымды антибиотиксіз, t -сын түсірмейде емдеуге болатынын біліп үйренгеніме қуанамын.

Үйдегі аптечка жаңарды, бұрын іші толған антибиотик, жаропонижающие, свечки сияқты дәрілердің орнын витаминмен минералдар басты.

Сонымен қоса тамақ рационымызды да дұрыстап келеміз. Себебі онсыз ішетін витаминдеріміз ауаға ұшқанмен бірдей, ағзамызға сіңбейді.

Міне превентивті медицина маған аурудың симптомын емес, оны жасуша деңгейінде қарастырып емдеуге, болдырмауға болатынын үйретті.

Ендігі арманым біліміме арықарайда осы бағытта қаражат құйып, ем жасап, науқастарға көмектесу!

Шын айтсам 9 жыл оқығанда, дәл қазіргідей медицинаға деген махаббатым болмапты?

Мені оқитын дәрігерлер барма араларыңызда? ↩️

Жанұям🌺
07/08/2021

Жанұям🌺

Жәй әдемі сурет😊❤️
08/09/2020

Жәй әдемі сурет😊❤️

29/08/2020

Только не смейтесь 😂
Самой смешно 😅
Ырымын жасап тусирген турим ғой жәй, қызық болсын деп🤗

💥💥💥💥💥💥💥💥
Получилось ли эффект 💥 BOOM или нет?

Address

Semey
071400

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ️𝑍𝐻𝐴𝑁𝑌𝐿 𝐾𝐴𝐼𝑅𝐴𝑇𝑂𝑉𝑁𝐴️ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category