30/03/2026
МӘМС аясындағы медициналық қызметтердің тиімділігі түсіндірілді
Бүгін Тараз қаласы мансаптық орталық филиалыда «Ашық есік күні» акциясы өтті. Іс-шара барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Жамбыл облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы өкілдері кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Даурен Бурханов халыққа медициналық сақтандыру жүйесінің маңызды тұстары, оның артықшылықтары мен халыққа пайдасы жайлы кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ Д.Бурханов денсаулық сақтау саласын қаржылық тұрғыдан тұрақтандыру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және оларды халыққа қолжетімді ету маңызды мәселелерін атап өтіп, осы орайда елімізде енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халыққа медициналық көмек көрсетудің жаңа деңгейін қамтамасыз етіп отырғанын баса айтты.
Өз кезегінде тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарға нақты жауап алды.
#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ