Oteiboidaq клиникасы

Oteiboidaq клиникасы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Oteiboidaq клиникасы, Medical and health, Алма-Ата, Алма-Ата.

Адам өзінің аузынан шығатын жағымсыз иіске тез бейімделіп кетеді. Сондықтан негізгі себебі туралы ойланбауы да мүмкін. Б...
20/03/2022

Адам өзінің аузынан шығатын жағымсыз иіске тез бейімделіп кетеді. Сондықтан негізгі себебі туралы ойланбауы да мүмкін.

Бүгін сіздерге жағымсыз иіс шығу себептері және емдеу жолдарын ұсынамыз.

⁉️Жағымсыз иістің шығу себебі - 70% адамның ішкі ағзаларындағы аурулармен, ал 30 %-ы ауыз қуысы, тіс ауруларымен (тісжегі, қызыл иектің қабынуы т.б) байланысты.

Сол себепті егер аузыңыздан жағымсыз иіс байқасаңыз, ең бірінші терапевт-дәрігерге жүгініңіз.

Себептері:
🔹ауыз қуысы гигиенасының бұзылуы және кариес;
🔸гастрит;
🔹(көбінесе әйелдерде) қалқанша безі аурулары;
🔸гормоналды бұзылыстар;
🔹жұтқыншақ, көмей, мұрын қуысы аурулары;
🔸асқазанның ойық жарасы;
🔹бауыр жетіспеушілігі, жұмыс істемеуі немесе нашарлауы;
🔸өттің қабынуы;
🔹тоқ ішек ісігінің пайда болуы;
🔸күйзеліске ұшырағанда т.б.

🔰Жағымсыз иістен құтылу жолы:
🌿 Ауыздағы жағымсыз иістен тез арада арылғыңыз келсе, онда тамаққа кардамон қосыңыз немесе кардамонды шайнаңыз. Бұл дәмдеуіш ауыздағы зиянды бактерияларды өлтіреді.

Кардомон дәмі мен иісі өткір болғандықтан, аз ғана тұтынғаныңыз жеткілікті.

🌿 Ауыздағы жағымсыз иістен біржолата құтылғыңыз келсе зімбір көмектеседі. Тамақтан соң ½ шай қасық ұнтақталған зімбірді аузыңызға салып, мұқият шайнап, жұтыңыз.

✅Жағымсыз иістен тез әрі оңай құтылу жолы табиғи ем алу!
Шығыс медицина емдеу жолының өзегіне айналған табиғи шөп дәрілер ағзаға кері әсерін тигізбей емдейтінін еске саламыз.

Біз сіздерді OTEIBOIDAQ клиникасында күтеміз🌸

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін...
07/03/2022

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.

Ақ жаулықты апаларымыз бен аналарымыздың, сіңлілеріміздің төл мерекесі. Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйелдің қоғамдағы рөлі ерекше. Өйткені отбасының құты болған әйел Отанға да адал қызмет етеді.

8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.

Құрметпен: OTEIBOIDAQ клиникасы

Көктемгі аллергия туралы не білуіміз керек?Аллергия қалай пайда болады?Өсімдік тозаңына аллергия жылдың кез келген уақыт...
06/03/2022

Көктемгі аллергия туралы не білуіміз керек?

Аллергия қалай пайда болады?
Өсімдік тозаңына аллергия жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін, алайда адамдардың көпшілігі онымен көктемде ауырады. Себебі көктемде 100-ден аса өсімдік түрлері гүлдейді.

Тозаң мұрынға кірген кезде иммунды жүйе оны қателесіп, қауіп ретінде қабылдауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол ағзаға вирус кіргендей антиденелер түзе бастайды. Сол кезде қанда гистамин деңгейі жоғарылайды, сондықтан ол аллергия белгілерін қоздырады.

Аллергияны суық тиюден қалай ажыратамыз?

Басты айырмашылық – аллергия кезінде температура болмайды. Аллергиялық тұмау әдетте қатты түшкірумен, мұрынның қышуымен және көздің қызаруымен қатар жүреді.
Поллиноздың мынадай тағы бірнеше айрықша белгілері бар:

- Көздің ауыруы және жасаурауы;
- Түнгі жөтел;
- Беттің қызаруы;
- Таңертең өзін нашар сезіну;
- Әлсіздіктің бір аптадан аса уақытқа созылуы;
- Белгілер үйде немесе жаңбыр кезінде далада басылады.

Уақытылы емделмеу неге алып келеді?

Өмір сапасы нашарлайды: аллергиялық тұмау шырышты қабықты тіртіркендіреді, бас ауруын шақырады, ұйықтауға кедергі келтіреді.

Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне темпер...
19/02/2022

Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температураны көтермейді

📌Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ал қарт адамдар мен екі қабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. (Мына адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады).

В гепатиті сұйықтық арқылы беріледі:
🔹 Қанмен және басқа да биологиялық материалдармен байланыста болған кезде дәрігерлер, медбикелер, тіс дәрігерлері сияқты қызметкерлер инфекциялық қауіпке ұшырауы мүмкін;
🔹Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбай жыныстық қатынас кезінде;
🔹Қан құю кезінде;
🔹Инъекциялық есірткі тұтынушылары бар стерильді емес инелерді бөлісу кезінде
🔹Татуировка және инемен тесу кезінде стерильді емес құралдар қолданылғанда
🔹Босанғанда, вирус анадан балаға беріледі;

OTEIBOIDAQ клиникасында бауырдағы зат алмасуды қалыпқа келтіріп, жұмысын реттейтін шығыс медицинасының өзегі табиғи шөп дәрілер бар екендігін еске саламыз.

📍Мекен-жайымыз:
Саяхат бизнес орталығы, 7 қабат

09/02/2022

Инемен емдеудің адам ағзамына әсері қандай?

✔️Ағзада 600-ден астам терінің түрлі қабатында орналасқан белсенді нүктелер бар.

Осы нүктелерге енгізу кезінде өзінің оң әсерін береді:
🔺остеохондроз, радикулит, протрузия т.б.;
🔺жүйке жүйесінің қызметін реттейді (ұйқысыздық, бас сақинасы, невроз т.б);
🔺иммунитетті арттырады;
🔺қан айналым реттейді;
🔺подагра, артрит, артрозда;
🔺қабыну процесстеріне қарсы (бронхит, цистит, простатит, холецистит т.б);
🔺терінің жағдайына әсер етеді (атопиялық дерматит).

Қандай қарсы көрсеткіштер бар❓
❌Жүктілік;
❌Жоғарғы дене қызуы;
❌Қан аурулары бар адамдар.

✔️Қолданылатын инелер жіңішке әрі ұзын. Сондықтан денеге кіргенде ауырсыну белгісі болмайды.
✔️Инелер қолданылар алдында стерилизацияланады және бір рет қолданылады. Ауру жұқтырып алам деп қорықпаңыз.
✔️Инемен емдеу ағзаға тәуелділік туғызбайды және жанама әсер бермейді.
✔️Сеанстың саны пациенттің денсаулығына қарай анықталады.

Біздің орталықта инемен емдеу процедурасы
✅Тәжірибелі маман;
✅Стерильді жұмыс жасау;
✅Тиімді бағасымен ерекшеленеді.

Мекен-жайымыз: “Саяхат” бизнес орталығы, 7 қабат

06/02/2022

Халық денсаулығы – ұлт байлығы , болашақ ұрпақ саулығы. Аллаға шүкір, осы жолда OTEIBOIDAQ клиникасы талмай еңбектеніп, елдің ықыласына бөленіп келеді.

Әдеттегідей жұмыс күні… Ойымда ештеңе жоқ, емделушілерді қабылдап кабинетімде отырғанмын. Аяқ асты “Желтоқсан ұйымы” өкілдері келіп,
“ В. М. Бехтерев атындағы Денсаулық сақтау саласына қосқан ұзақ жылдар бойғы еңбегіңіз үшін” төсбелгісі мен куәлігін табыстады.

30 жылға жуық ізденіс пен еңбекті елеп, осылай құрметтеп жатқандарыңызға рақмет. Төсбелгіні екінші үйіме айналған емханада, жұмыс кабинетімде табыстпуды жөн көрген екен. Мен үшін күтпеген сый болды.

Дәрігер үшін ең үлкен марапат- әркез емделулілердің алғысы болып қала бермек. Құттықтауларыңызды қабыл алдым. Алдын-алабаршаңызға алғыс🤲

Омикрон штамының басқалардан көбірек байқалған белгісі – буын, бұлшықет, сүйектердің қақсап ауыруы. 🌡Яғни, дене қызуы бо...
19/01/2022

Омикрон штамының басқалардан көбірек байқалған белгісі – буын, бұлшықет, сүйектердің қақсап ауыруы.
🌡Яғни, дене қызуы болмауы да мүмкін, бірақ басты симптомдардың бірі ретінде буын, сүйек, дененің қақсап ауыруын, айқын әлсіздікті және құрғақ жөтелді ерекше айтуға болады.

Орталыққа ем алуға келген науқастардан байқалған басты белгілер осындай. Омикрон штамы жеңіл өтеді деген сөз де бар. Әрине, ауыр жағдайлар да бар. Дегенмен, науқастардың басым бөлігі амбулаторлық ем алғаннан соң бір аптадан кейін жағдайлары біртіндеп жақсара түскенін байқадық.

Жалпы, коронавирус үшін маска тағып жүру, қолды таза ұстау, халық көп жиналған орындарға, сауда орындарына бармау, қонақ шақырмау секілді екі жылдан бері айтып жатқан шаралар – қай штамм болса да өзекті болып қала береді.

10/12/2021

Несеп жолдары аурулары неден пайда болады?

❗️Цистит – қуықтың қабынуы. Циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе, әйелдер жиі ауырады.

⚠️Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді.

📌Аурудың алдын алу үшін режим және диета сақтау маңызды. Жеміс-жидекті көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, бұлау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп ішуді ұсынады. Егер ауру асқынып кетсе, бұған себеп болған ауруды анықтап, соған байланысты арнайы ем қолданылады.

15/11/2021

Асқазандағы немесе ұлтабардағы ойық жара ауруы – асқазанның немесе аш ішектің жоғарғы бөлігінің (ұлтабар) сілемей қабатындағы терең ақау.

Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жара ауруының дамуының басты себебі :

⚠️Helicobacter pylori (H.pylori) бактериясы. Асқазанның ойық жарасынан зардап шегетін адамдардың көпшілігінде бұл бактериялар асқазан-ішек жолдарында өмір сүреді. Дегенмен, асқазанында H.pylori. бактериясы табылған адамдардың барлығында ойық жара ауруы дами бермейді.  

⚠️Жүйкелік-психикалық факторлар (күйзелістер). Асқазанда тұз қышқылының өндірілуі, сондай-ақ, оның қимылдау қабілеті жүйке жүйесінің жағдайымен өзара байланыста. Ойық жара ауруына шалдыққан науқастардың 50-60 пайызында невроздар мен депрессиялар байқалады.

⚠️Алкогольді шамадан артық тұтыну

⚠️   Ацетилсалицил қышқылын (аспиринді), ибупрофенді, напроксенді, немесе басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды (НПВП) ұдайы қабылдау. Аспиринді немесе басқа НПВП кейде қабылдау қауіпсіз.

⚠️Темекі шегу

⚠️ Тұқым қуалау

✅ Ойық жара ауруын емдеудің негізгі бөліктері:хеликобактер инфекциясын жоюға бағытталған емдеу, ·     асқазанның қышқылдығын азайтуға және ойық жараға өң бітіруді ынталандыруға бағытталған емдеу, ·         диета ұстану. Ойық жара ауруын емдеу оның ауырлық дәрежесіне байланысты және консервативті (науқастың ауру тәртібін оңтайландыру, емдәмдік ұсыныстарды қадағалау, антибиотиктерді және сөлденуге қарсы препараттарды қолдану) немесе хирургиялық (аурудың асқынған түрлерінде) жолдары болады.   Ойық жара ауруын дәрілермен емдеуге асқазанның тұз қышқылының бөлінуін азайтатын препараттар  кіреді. Егер ойық жара Helicobacter рylor жұқпаланудан болса, дәрігер қосымша түрде антибактериалдық препараттарды кемінде, 7 күнге тағайындайды.

☎️ Толық ақпарат үшін +7 (701) 721-66-43

Мекен-жайымыз: Пушкин 2 | 76

13/11/2021

OTEIBOIDAQ орталығында шығыс-тибет медицина саласында көп жыл қызмет атқарған мамандар табиғи шөп дәрілермен:
🍃Асқазан, бүйрек, өт жолдары
🍃Жүрек аурулары
🍃Жүйке аурулары
🍃Қан аздық, , бас айналу
🍃Геммарой
🍃Қант диабеті
🍃Тағы да басқа ауруларды емдейді.
Емдеу жолдары: ине салу, массаж, әр адамның ағзасы қабылдау деңгейіне қарай арнайы дайындалатын шөп дәрілер.

📞Байланыс телефоны :
7 701 721 6643

🎈Пушкина 2/ 76

Address

Алма-Ата
Алма-Ата

Telephone

+77017216643

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Oteiboidaq клиникасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share