17/11/2023
Мазасыздық өршігенде өзімізге қалай көмектесеміз?
⠀
Әлемде не елімізде әртүрлі келеңсіз және әділетсіз дүниелер болып жатқанда, мазасыздықтың көтерілетіні норма, себебі біз адамбыз және өміріміз бен болашағымыз үшін қорқамыз. Алайда егер осы мазасыздық өміріңізде тұрақтап қалса, онда ол норма емес, себебі өмірдің сапасы төмендейді, ұйқы бұзылады, жұмыс істеу қабілет нашарлайды дегендей…
⠀
Осындай сәтте бір нәрсені есте ұстау керек. Біз қанша қаласақ та, кейбір ситуацияларға біз қалағандай әсер ете алмаймыз! Оларды басқара алмаймыз! Шарасыздық сезіміне түсіп кететініміз содан. Сол себепті фокусымызды қолымыздан келетін дүниелерге аудару керек. Мысалы, садақа беру, жәрдем ету, ақпарат тарату, ат салысу, т.б. Одан қалса, күнделікті рутинаңызды бұзбау. Таңертең тұру, таңғы ас дайындау, балаларды балабақшаға/мектепке апару/алып келу, жұмыс жасау, спортпен айналысу, жақындармен кездесу, бірге уақыт өткізу. Дұрысы осы қолыңыздан келетін нәрселердің тізімін жасап, көзіңізге үнемі түсетін жерге қою. Мазасыздық басып бара жатқанда, осы тізімге қарап, өзіңізді “жерге” түсіру.
⠀
Егер бұл әдіс көмектеспесе, мазасыздық өмір сапасын қатты нашарлатса, оған қоса бұрын болып кеткен оқиғалар еске түсіп, маза бермесе, онда психолог маманның көмегіне жүгіну керек!
⠀
Маған жазылу үшін профильдегі сілтемеге өтіп, ватсапқа жазыңыз.
⠀
#мазасыздық
#психолог
#психологонлайн