aigul.esenovna

  • Home
  • aigul.esenovna

aigul.esenovna Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from aigul.esenovna, Massage service, .

Жұма мүбарак болсын баршаңызға🌺
08/10/2021

Жұма мүбарак болсын баршаңызға🌺

МАССАЖ НЕГЕ 10 КҮН ЖАСАЛАДЫ?🤷‍♀️⠀Балаңызға не өзіңізге дәрігер массаж тағайындаса 1 курс массажды  5 күн, 15 күн емес на...
21/09/2021

МАССАЖ НЕГЕ 10 КҮН ЖАСАЛАДЫ?🤷‍♀️

Балаңызға не өзіңізге дәрігер массаж тағайындаса 1 курс массажды 5 күн, 15 күн емес нақты 10 күн деп береді. Осы 10 күнде не болатынын білесіз бе?

Білмесеңіз бірге талқылайық 👇🏼

📌10 күндік массаждың бастапқы 3 күнінде бейімделу(адаптация) болады.

📌4-7 күн аралығы негізі нысанға бағыттау.

Яғни нақты осы күндері жасалған массаж жақсы әсер етеді. Егер диагноздар бойынша (қисықмойын, гипоксия, дисплазия т.б) массаж жасалса осы күндер сіздің пайдаңызға ыңғайланады. Бала да жылауын қойып жата береді, денесі үйреніп, тірек-қимылы босаңсып, массажға икемді келеді.

📌8-10 күн нәтиже көрсету.

Яғни осы күндері сіздер алған массаждарыңыз нақты әсер етеді. Бала ширақталып, отыра алмайтын бала отырып, жата беретін бала денесін көтеріп еңбектеуге талпынады.

🛑Әр курс массаждан соң кемі 14 көбі 2 ай аралықта үзіліс керек. Бұл уақытта ағза есін жинап қайта массажға қажеттілігі туындайды.

Курсты үзбей жасаудың пайдасы осы...

Балаға массаж жасауға болмайды❗️МАМАН БАЛАҒА МАССАЖ БЕРДІ ДЕП АЛА БЕРЕМІЗ БЕ? 👇🏼🦵🏼Массаж 0-3, 3-6, 6-9, 9-12 айларында д...
09/09/2021

Балаға массаж жасауға болмайды❗️

МАМАН БАЛАҒА МАССАЖ БЕРДІ ДЕП АЛА БЕРЕМІЗ БЕ? 👇🏼

🦵🏼Массаж 0-3, 3-6, 6-9, 9-12 айларында дені сау балаға жасалынады. Ал, балада түрлі диагноздар болса, маман тағайындауымен оданда жиі массаж алуы керек.

Массаж жасауды ұсынып тағайындайтын мамандар:👇🏼

👩🏻‍⚕️ПЕДИАТР
🧑‍⚕️ОРТОПЕД-ХИРУРГ
👨🏽‍⚕️НЕВРОЛОГ

Массаж жасауға болмайтын жағдайларға тоқталайық ⬇️⬇️⬇️

⛔ Тері бөртпесі не жарақаты
⛔ Қан кету
⛔ Іріңді бөлінді
⛔ Туа біткен жүрек ақаулары
⛔ Жедел ауру (іш өтуі, температура көтірлуі, бактерия не вирусты инфекциялар)
⛔ Екпе салғаннан кейінгі 3 тәулік
⛔ Қан аурулары
⛔ Ісік аурулары
⛔ Гипотрофия
Сонымен қатар осы секілді т.б ауыр аурулар жатады.

Балапандарыңыздың денсаулығын күтіңіздер, ауырмаңыздар❤️

Сіз балаға массаж жасауға болмайтын кездерді білдіңіз бе?

#детскиймассаж #детскиймассажнурсултан

♥️Алла жақсы көретін сөздер♥️⠀«Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) менің хал-жағдайымды сұрай келгенде мен: «Уа, Алланың елш...
03/09/2021

♥️Алла жақсы көретін сөздер♥️

«Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) менің хал-жағдайымды сұрай келгенде мен: «Уа, Алланың елшісі! Мен қартайдым. Маған отырған қалпымда істей алатын бір іс айтсаңыз жақсы болар еді», – деп өтіндім.

Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) маған: «Жүз рет «Субханаллаһ» деп айт. Расында, бұл Исмайыл ұрпақтарының арасынан жүз құл азат еткенмен тең.

💯Жүз рет «Әлхамдулилләһ» деп айт. Өйткені, бұл ер-тұрманы сақадай сай жүз сәйгүлікпен Алла жолында күрескенмен тең.

💯Жүз рет «Аллаһу әкбар» деп айт. Өйткені, бұл құрбандыққа атаған жүз түйеңе тең.

💯Жүз рет «Лә иләәһә иллаллаһ» деп айт. Расында, бұл сөздің сауабы жер мен көктің арасын толтырады. Осыны орындасаң, сол күні бірде-бір адам сенің осы ісіңнен артық игі іс жасай алмайды. Тек, сен секілді істеген адам ғана саған жете алады, − деп айтты»

Ал, сіз қандай сөздерді көп айтасыз?♥️
Жұма мүбарак болсын баршамызға🤲🏻

Сәбиіңіз басын ұстай алмай ма?Жаңа туылған нәрестенің моторикасын дамытудағы бірінші маңызды қадам - басын ішке жатқан қ...
02/09/2021

Сәбиіңіз басын ұстай алмай ма?

Жаңа туылған нәрестенің моторикасын дамытудағы бірінші маңызды қадам - басын ішке жатқан қалыпта көтеру.

🤷‍♀️Бала қашан басын ұстауы керек?
- бұл алғаш ана атанған, әлі тәжірибесі жоқ ата-ананың қоятын сұрағы.

👶🏻Егер сіздің нәресте ішке жатып, басын көтермесе немесе оны сенімді түрде, ұзақ уақыт ұстай алмаса мұның себебі негізінен мойын мен бастың бұлшықеттерінің әлсіздігі. Бұл мәселені жаңа туған нәрестелерге арналған массаж бен нәрестелік гимнастиканың көмегімен шешуге болады, бұл бұлшықеттерді күшейтудің ең тиімді әдісі екені сөзсіз.

Мойын мен иық бұлшық еттеріне сергітетін массаж және күшейту жаттығулары балаға басын ұстауға және көп күш жұмсамай әр түрлі бағытта бұрылуға үйренуге көмектеседі, яғни нәресте дамудың келесі сатысына дайындалады.

❗️Нәрестеңізде осындай проблема бар болса массаж курсына жазып, арнайы маманға көрсеткеніңіз жөн!

Кәсіби нәресте массажы курсы оң нәтиже береді, оған сіз және сіздің балаңыз да риза болады.

Массажға жазылу: 8702-471-72-74

Сіздерді күтемін👐🏻❤️

#детскиймассажнурсултан #неврологическиймассаж

Массаждан кейін бала неліктен ұзағырақ ұйқтайды? Массаждың 1ші сеансынан кейін балаңыз бірден ұйқыға кетті, ұйқысының ты...
31/08/2021

Массаждан кейін бала неліктен ұзағырақ ұйқтайды?

Массаждың 1ші сеансынан кейін балаңыз бірден ұйқыға кетті, ұйқысының тым ұзаққа созылғаны сонша, сіз уже уайымдай бастайсыз 🤷‍♀️😁

🔹Көп жағдайда алғашқы 2-5 сеанстан кейін осылай болады, кейін баланың денесі оған үйрене бастайды.
Бала 2 сағат емес, 4 сағат ұйқтауы мүмкін, сондықтан ол өзі тұрмайынша, оны оятудың қажеті жоқ!

☑️Бұлай болуының себебі: массаж, ЛФК және гимнастика - кәдімгідей үлкен физикалық нагрузка.

🔴Әрине, бұл баланы мықтырақ, сауырақ, төзімдірек ететін нагрузка түрлері!

Массаждан кейін балаңыз күш жинап, біраз тынығуы үшін, оған көбірек ұйқы керек. Оған кедергі келтіруге болмайды!

Сондықтан массаждан кейін балаңыз әдеттегіден ұзақ ұйқтаса, ҚОБАЛЖЫМАҢЫЗ🖐🏻

Аман-есен болыңыздар, ауырмаңыздар❤️

Конституция күні құтты болсын☺️Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақыт пен береке болсын❤...
30/08/2021

Конституция күні құтты болсын☺️

Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Әр шаңыраққа бақыт пен береке болсын❤️

Бет массажын қай жастан бастау керек?🔹Шамамен 40 -та әйел денесі менопаузаға дайындалады және терінің қартаю процесі бас...
28/08/2021

Бет массажын қай жастан бастау керек?

🔹Шамамен 40 -та әйел денесі менопаузаға дайындалады және терінің қартаю процесі басталып кетеді.

🔹Кейінірек түзеткеннен гөрі, беттің салбырауына жол бермей, жасқа байланысты өзгерістердің алдын алған оңайырақ.

🔹Сондықтан 25 жастан профилактикалық массаждан бастау керек.
Ал дененің гормоналды белсенділігінің төмендеу жасы жақындағанда, біз оған дайын боламыз, ал теріміз серпімділігін бірден жоғалтпайды және салбырамайды.

Әрбір қыз-келіншек әдемі болуға лайықты

Ерте қартайғыңыз келмесе өзіңізге көңіл бөліп, массаж процедураларын алғаныңыз жөн!
Если стареть, то только красиво😜

Бала массажынан бөлек, менің бет массажын да жасайтынымды білетін шығарсыздар. Японская буккальная техника арқылы.

Запись: 8702-471-72-74

#массажлицанурсултан #буккальныймассаж

Балама массажды өзім жасай саламын😱🙌Ананың массажы - жұмсақ тактильді әсер. Ол сипау мен жеңіл, үстірт, тітіркендірмейті...
27/08/2021

Балама массажды өзім жасай саламын😱

🙌Ананың массажы - жұмсақ тактильді әсер. Ол сипау мен жеңіл, үстірт, тітіркендірмейтін үйкелістен тұрады.

Ананың барлық қозғалысы тегіс, (плавный) болуы керек. Массаж кезінде ананың қолы таза, жылы, ұзын тырнақсыз, сақинасыз болуы керек, процедураға дейін оларға крем немесе май жағудың қажеті жоқ.

🆘 Бірақ емдік массажды тек арнайы мамандар жүргізуі керек❗

Емдеу үшін сіз диагнозды білуіңіз керек, нәрестенің қай жерінде ақау барын түсінуіңіз керек: тікелей бұлшықеттер немесе жүйке жүйесі.

Ананың бейқам қозғалысы мен балалар физиологиясының ерекшеліктерін білмеу балаға ауыр зиян тигізуі мүмкін.

Сондықтан да, балаңыздың неврологиялық проблемалары болса, міндетті түрде оны маманға апарғаныңыз жөн❗️

#детскиймассажастана

АНАЛАРҒА МАССАЖ ❤️Көзіңізді жұмып бір сәт өзіңізбен сөйлесіңізші. Және мына сұраққа жауап беріңізші: Қаншалықты жиі сіз ...
26/08/2021

АНАЛАРҒА МАССАЖ ❤️

Көзіңізді жұмып бір сәт өзіңізбен сөйлесіңізші. Және мына сұраққа жауап беріңізші:

Қаншалықты жиі сіз бұлшықет напряжениесін босатып, демалып, бәрін ұмытып, өзіңізге аз да болса уақыт арнағыңыз келеді?

Бірақ отбасына және кішкентай балаға қамқорлық жасап жүріп бұған уақытта бола бермейді иә?

Түптеп келгенде, сіз өз балаңыз үшін оның ҒАЛАМШАРЫсыз ғой (центр Вселенная), ал егер анасы бақытты болса, бала мен бүкіл отбасы сау және бақытты болады🙏🏻

Күйбең тіршілікке беріле бермей, бір сәт өзіңізге демалыс арнаңыз ❤️ сіз оған ЛАЙЫҚТЫСЫЗ!

Напряжение, стрессты шығару үшін, сонымен қатар, денеңізді сымбаттау үшін сізге:
✔️бет массажы
✔️общий массаж таптырмас демалыс болады.

Запиське жазылу үшін: 📲 8702-471-72-74

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ 🔈Балаңызды массажға әкелерде оның  вакцинациясымен сәйкес келмейтініне көз жеткізіңіз. Прививка массаж к...
25/08/2021

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ 🔈

Балаңызды массажға әкелерде оның вакцинациясымен сәйкес келмейтініне көз жеткізіңіз.

Прививка массаж курсының басталуына 5 күн қалғанда жасалатынына көз жеткізіңіз,(невропатологтар прививканы массаж курсы аяқталғаннан кейін 10-14 күннен кешіктірмей алуға кеңес береді).

Массаж курсы кезінде прививка алуға болмайды:
▪️Біріншіден, біз вакцинацияға реакцияны температура түрінде алуымыз мүмкін - ал бұл массажға қарсы көрсеткіш; ▪️Екіншіден, инъекция жасайтын жерді (бұл көбінесе жамбасы) бірнеше күн ұстауға, массаж жасауға тіпті болмайды!

▫️Қосымша тамақтандыруды (прикорм) бастаған болсаңыз, бөртпе тудырмас үшін жаңа өнімдерді енгізу қажет емес, себебі қатты бөртпе - бұл массажға қарсы көрсеткіш. ⠀

▫️Балаларға арналған массажға жазылу кезінде барлық қажетті мамандардан, әсіресе невропатолог, ортопед, хирургпен консультациядан өткен жөн. ⠀

▫️Әдетте, мамандар массажды тағайындағанда қосымша физиотерапияны да (парафин, электрофорез) тағайындайды, сондықтан барлығын бірден өту үшін массаж алдында бұны ескергеніңіз жөн.

Ауырмаңыздар, аман жүріңіздер ❤

Запись: 8702-471-72-74📲

Сәбидің дұрыс қозғалуы (жорғалауы)👇🏼Ата -аналар балаға дұрыс қозғалуды (жорғалауды) үйренуге көмектесуі керек. Негізгі д...
25/08/2021

Сәбидің дұрыс қозғалуы (жорғалауы)👇🏼

Ата -аналар балаға дұрыс қозғалуды (жорғалауды) үйренуге көмектесуі керек. Негізгі дағдыларды меңгеру - ата -ананың міндеті. Егер сіз гимнастика, арнайы жаттығулар мен массаж жасамасаңыз, онда нәресте кеш жорғалайтын болады және дұрыс қозғалмайды.

Нәресте жорғалауды үйренуі үшін:

✅ Белсенді кезеңде мүмкіндігінше жиі ішімен жатқызу керек. Осылайша ішек коликасының алдын алу ғана емес, сонымен қатар, жорғалау рефлексі де іске қосылады.

✅Жорғалап қозғалу әрекеттерін шектемеңіз. Баланы манеж немесе бесікке анасы басқа бөлмеде бірдеңемен айналысса немесе бала ұйықтау керек болса ғана жатқызу керек. Қалған уақытта ол еденде жатып, қиын және қажетті дағдыларды үйренуі керек.

✅Қызықтыруға тырысыңыз - баланың алдына жарқын, қол жетпейтін жұмсақ ойыншық қойыңыз. Қол жеткізуге тырысып, сәби жорғалай бастайды.

✅ Ересектер қалай дұрыс жорғалау керек екенін көрсету керек. Бала ата-анасына еліктей отырып, қозғалыстарды қуана қайталайтын болады. Ойын түрінде алынған білім мен дағды тезірек сіңіп, есте сақталады, сондықтан нәрестемен көп ойнауға тырысыңыз.

#баламассажыастана #детскиймассажастана #массажнадому

Массаж, жаттығулар бұлшықеттердің қажетті күшін алуға, гипертонусты кетіруге және әлсіз бұлшықеттердің тонусын көтеруге көмектеседі.

Сондықтан да, нәрестеңіздің дұрыс жетіліп дамуына көмектесуге тырысыңыз, қажетті массаж курсын алыңыз ☺️

Запись: 8702-471-72-74. (Прямая ссылка в шапке профиля) 👆🏻

Массаж және сіздің КӨҢІЛ-КҮЙІҢІЗ 😉Неліктен массаж әрқашан біздің эмоционалды күйімізге оң әсер ететіні туралы ойландыңыз...
24/08/2021

Массаж және сіздің КӨҢІЛ-КҮЙІҢІЗ 😉

Неліктен массаж әрқашан біздің эмоционалды күйімізге оң әсер ететіні туралы ойландыңыз ба?

Бұл гормондарға байланысты!

Бұл процесс қалай болады?
Біздің өңделмеген эмоциялар 🙆‍♀ және жанасу сезімдерінің болмауы біздің ішімізде жиналып, бүкіл ағза үшін теріс әсер етеді.

Гормондар шығатын жер таппай, ішкі ағзаларға шабуыл жасайды. Нәтижесінде хронический аурулар пайда болады:

Жүрек-тамыр жүйесі, сонымен қатар бұлшықеттер мен буындар көбірек зардап шегеді.

Сондықтан, жақсыларым, мұндай проблемалардан аулақ болудың тиімді және өте жағымды әдісі бар:

БЕТ пен ДЕНЕ массажы - эмоционалды, бұлшықет және мускулдық напряжениені жою.

Запиське жазылу үшін: 87024717274 📲

ӨЗ ҮЙІҢІЗДЕ МАССАЖ ҚАБЫЛДАУ МҮМКІНДІГІ 💆🏻‍♀️⠀Массажға жазылғыңыз келеді, бірақ жолға уақыт шығындағыңыз келмей ме? 🤭⠀Үйд...
24/08/2021

ӨЗ ҮЙІҢІЗДЕ МАССАЖ ҚАБЫЛДАУ МҮМКІНДІГІ 💆🏻‍♀️

Массажға жазылғыңыз келеді, бірақ жолға уақыт шығындағыңыз келмей ме? 🤭

Үйдегі массаждың артықшылығы - ыңғайлылық. Сізге жиналудың қажеті жоқ, салонға барып, кептелісте тұрып, тұрақтан орын іздемейсіз!

Ыңғайлы үй жағдайында сіз мастерды күткенше өз ісіңізбен айналыса бересіз. Ал сеанстан кейін сіз тыныш үй жағдайында еш жерге асықпай демала аласыз. Бұдан жақсы не болуы мүмкін?

💆‍♀️ Үйдегі массаж - тез сауығудың, бұлшықеттердің шаршауын кетірудің және дененің жалпы тонусын жақсартудың тамаша әдісі.

Сонымен қатар, үйге мастерды шақыру арқылы сіз уақытты ғана емес, ақшаны да үнемдейсіз❗

Запиське жазылу үшін WhatsApp жазыңыз:
📲8-702-471-72-74

Махаббатпен ♡♡♡ сіздің .asher ❤️

#массажнавыездастана #массажлицанурсултан #системакапельница

ПРИНИМАЮ НА ЗАПИСЬ:✔️ детский массаж ✔️ массаж для женщин✔️ массаж лица с буккальной техникой ✔️капельницы, уколы и сист...
23/08/2021

ПРИНИМАЮ НА ЗАПИСЬ:

✔️ детский массаж
✔️ массаж для женщин
✔️ массаж лица с буккальной техникой
✔️капельницы, уколы и системы любой сложности.

Запись по номеру: 8702-471-72-74

СӘЛЕМ ДОСТАР! МЕНІ САҒЫНДЫҢЫЗДАР МА?☺️Қалайсыздар? Кімде не жаңалық? Мен Астанаға келдім. Мені іздеп, сағынып жүрген пац...
23/08/2021

СӘЛЕМ ДОСТАР! МЕНІ САҒЫНДЫҢЫЗДАР МА?☺️

Қалайсыздар? Кімде не жаңалық?

Мен Астанаға келдім. Мені іздеп, сағынып жүрген пациенттерім 😘 запиське жазылсаңыздар болады.

#массажлицанурсултан #капельница

Әйелдердің уақытынан бұрын қартаюына себеп болатын гормондар 👇🏼⠀💊Біздің ағзамыз шығаратын ондаған гормондардың арасында ...
27/07/2021

Әйелдердің уақытынан бұрын қартаюына себеп болатын гормондар 👇🏼

💊Біздің ағзамыз шығаратын ондаған гормондардың арасында әйелдің сыртқы келбеті үшін маңызды алты зат бар. Олар терінің серпімділігіне жауап береді, оның жоғалуы - қартаюдың алғашқы және көрінетін белгілерінің бірі болып табылады.

💊Егер дененің гормоналды тепе-теңдігі қандай да бір себептермен бұзылса, қартаю ерте басталуы мүмкін. Бақытымызға орай, теңгерімсіздікті түзетудің және жастықты ұзартудың жолдары бар! Гормондар, соның салдарынан әйелдер қартаюға қарағанда тезірек келеді, осы 6 гормонның не екенін анықтайық.

1. Дегидроэпиандростерон (ДГЭА)
2. Инсулин
3. Кортизол
4. Мелатонин
5. Соматотропин
6. Эстроген

Толығырақ білу үшін ⏩карусельді жылжыт

Екінші ИЕК қайдан шығады? 🤔⠀Ең алдымен, генді және артық салмақты кінәлаудан арылыңыз - көп жағдайда бұған бірінің де, е...
16/07/2021

Екінші ИЕК қайдан шығады? 🤔

Ең алдымен, генді және артық салмақты кінәлаудан арылыңыз - көп жағдайда бұған бірінің де, екіншісінің де қатысы жоқ.

Балалардың гендері бар, бірақ иектері жоқ қой. Арық адамда май жоқ, бірақ иек бар.

😳Ал сіздің өмір салтыңыздың оған қатысы бар:
- басыңды иіп, мойныңа қосымша жүктеме түсіретін отырықшы (сидячая) жұмыс
- биік, жұмсақ жастықта ұйықтау әдеті;
- «Техношея» деп аталатын гаджеттердің пайда болу ауруы: телефонға кіріп кету, иекті кеудесіне жақындата төмен қарау әдеті;
- Ең бастысы - ОСАНКА

Екінші иектің пайда болуының басты себебі - осы ОСАНКА 👀
Бүктелген, бүгілген арқа біздің басымызды төмен түсіретіндігімізге әкеледі, осылайша жатыр мойны омыртқасының статикасын бұзады және бұлшықеттің табиғи тепе-теңдігін «бұзады».

Қалыпты сау жағдайда мойынды ұстап тұруы керек бұлшықеттер стрессті жоғалтады және әлсірейді, тонус пен атрофияны жоғалтады.

Басқа бұлшықеттер, керісінше, шиеленісіп, шамадан тыс жүктеме жасайды, сөзбе-сөз сіздің басыңызды қармақ сияқты мойныңызда ұстайды.

Сондықтан, спортпен шұғылданыңыз және тік қалыпта болуды ұмытпаңыз (әсіресе осы постты оқыған соң😉

Address


Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when aigul.esenovna posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

  • Want your practice to be the top-listed Clinic?

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram