
24/05/2024
«Жанұя» отбасын қолдау орталығында «Әйелдер мен балаларды қорғау -азаматтық борыш» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қонаев дағдарыс орталығының басшысы Алпысбаева Раушан Куандыковна, Қонаев дағдарыс орталығының заңгері Бигашев Мурат Жукенович,Аудандық ішкі істер бөлімінен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы,полиция подполковнигі Есенбаева Эльмире Өмирзакқызы,Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы медико-социалдық және психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Таджиева Дана Бектургановна және «Ана жүрегі» қоғамдық қоры, «Ана мен бала» қоғамдық қоры, «Azamatsha KZ» қоғамдық қоры,Несіпбаева Асел Рахимбайқызы Қарасай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы,Жапарқұлов Айдын Жұматаевич Қарасай аудандық ювеналды полицияның қызметшісі, Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Саржанова Шынарай Сагындыковна қатысуымен өтті. Зорлық-зомбылық туралы соңғы қабылданған заңды талқылап,пікір алмасу өтті.
#қонаев #заңгер #жанұя #карасай #каскелен