
13/02/2023
Вакциналар ойлап табылғалы бері түрлі мифтер пайда болды және жойылды.
Солардың бірі:
Вакцинация табиғи иммунитетті шектейді
«Көптеген адамның түрлі ауруларға табиғи иммунитеті бар, ал егер мұндай адамға вакцина берілсе, онда иммунитет шамадан тыс жүктелуі мүмкін»
Өкінішке oрай, табиғи спецификалық (яғни арнайы вирустар мен бактерияларға қарсы) иммунитет жоқ. Иә, инфекцияларға қарсы туа біткен спецификалық емес қорғаныс механизмдері бар. Бірақ өкінішке қарай, В гепатитіне, дифтерияға, сіреспеге немесе тұмауға қарсы «табиғи» туа біткен иммунитет жоқ. Сол үшін өміріңізді вакцинациямен қорғау не үшін қажет және маңызды шара. Дегенмен, кейбір антиденелер анадан жаңа туған нәрестеге беріледі, бірақ ұзақ уақытқа емес. Олардың деңгейі баланы әрдайым қорғау үшін жеткіліксіз. Нәрестенің өміріне, дамуына, денсаулығына қауіп төндірмеу үшін, ұлттық екпе егу күнтізбесі бойынша вакцинацияны уақытылы жасау керек.
"Ауыл халқы мен қазақ тілді қауымдастықтың екпе егуге деген ниеттілігігін және COVID-19 маңызды аспектілері туралы хабардарлықты арттыру" - Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауы және демеуімен өтіп жатқан жоба.