Dr.amandyk

Dr.amandyk Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Dr.amandyk, Doctor, .

ОРВИ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР⠀Мына симптомдар болса, дәрігерге 12-24 сағат ішінде бару керек:- 4-5 күннен артық 38С жо...
06/10/2023

ОРВИ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

Мына симптомдар болса, дәрігерге 12-24 сағат ішінде бару керек:
- 4-5 күннен артық 38С жоғары дене қызуының көтерілуі;
- дәрінің көмегімен түсіп, қайтадан дене қызуының жоғарылауы;
- жалпы жағдайының нашарлауы;
- қиын тыныс алу ( одышка);
- дем алу кезінде сырыл пайда болуы(хрипы, свист);
-жиі құсуға дейін апаратын приступты жөтел;
- құлақ, тамақ ауруы ( түнде ЛОРды іздемей-ақ ауырсынуды басатын дәрі беріңіз, ал таңертең дәрігерге барсаңыз болады;
- ОРВИмен бірге бөртпе, құсу немесе іш өту пайда болса.

17/05/2022

ТАБАН МАССАЖЫ

1айдан бастап жасауға болады. Табанда көптеген рецепторлар болғандықтан өз кезегінде баланың дамкуына оң ықпал жасайды

БАЛАМДЫ ҚАЛАЙ СӨЙЛЕТЕМІН? Ата-аналар: "Балам сөйлемейді" "Ойын жеткізе алмайды" "Балаимды қалай сөйлетемін?- деп сұ...
28/05/2021

БАЛАМДЫ ҚАЛАЙ СӨЙЛЕТЕМІН?

Ата-аналар: "Балам сөйлемейді" "Ойын жеткізе алмайды" "Балаимды қалай сөйлетемін?- деп сұрайды.

Енді сұрақ?

❓Балаңыздың сөйлеуі үшін қандай әрекет жасадыңыз?
❓Талпындыңыз ба?
❓Іздендіңіз бе?

Негізінде, баламмен мынандай-мынандай жұмыс жасадым ,бірақ балам сөйлемей қойды. Сөйлету үшін не істей аламын? - деп қойылған сұрақ орынды.

Балаңыз сөйлеу үшін:

✓Әрқашан жасап жатқан іс-әрекеттеріңізге баланы араластырыңыз және соның барлығын атап, айтып отырыңыз.

✓Баланың тілінде сөйлеуді қоямыз."Піш","фай","кіш" деген сөздерді қолданбай.Дұрыс атауын айтамыз.

✓Бала қандай да бір сұрақ қойса, сол сәтте жауап беріңіз. "Кейін айтамын" деп айтпауға тырысыңыз. Баланың қызығушылығы жоғалып, беті қайтады.

✓Кей ата-аналар баласы ыммен айтса соны түсініп, не қажет екенін сұрамайды."Не қажет?"—деп сұраңыз.

Баланың баланың анық, дұрыс сөйлеуіне көмектесетін техникалар туралы білгіңіз келсе, менің 31-ші мамыр басталатын марафоныма қатыссаңыздар болады🤗

Балаңызбен қалай тілдесесіз? Тілі анық па? Әлде оның "тілінде" сөйлесесіз бе?

Осыдан 5 жыл бұрын  біреу сен Дубайға барасың десе сенбес едім! Ол кездегі Амандық қандай еді? Декретте 5 жыл отырған, а...
22/02/2021

Осыдан 5 жыл бұрын біреу сен Дубайға барасың десе сенбес едім!

Ол кездегі Амандық қандай еді?
Декретте 5 жыл отырған, аралары 2ж толмайтын 4 баланы бағып отырған еді.

Әлемге ренжулі еді. Адамдарға, қайын жұртқа ренжулі еді. Обидасы көп еді. Всегда біреуді кінәлап, жертва болып жылап жүретін. Жұртқа айта алмағанын, ішінен айтып, іштей біреулермен ұрсысып жүретін. Не болмаса анау адамға айта алмағанын: "Түу, бағана былай" — деп айту керек еді деп қынжылатын. Күйеудің жалақысына ғана қарап отырған. Инстаграмды парақтап, әркімнің өміріне қызығатын.

Соңғы жылдары өзіммен жұмыс жасап бастадым. Өзімді зерттеп, білім алып. Өзгемен емес өзіммен арпалыс басталды. Аллаға шүкір, бұрынғы Амандық өзгере бастады. Өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын болды. Балаларының травмасыз өсуіне мән бере бастады. Өзін дамытты, білім алды. Жұртпен жарыспай, кешегі Амандықпен жарысатын болды. Жұртпен салыстырмай, кешегі өзімен салыстыратын болды.

Алланың барлық бергеніне сансыз шүкіршілік етемін 🤲.

Алла қаласа бүгінгі Амандық ертең бұдан да мықты нәтижелер көрсетіп, биіктерге ұмтылатын болады.

Менің жазғандарымнан кім өзін көрді?

"ЛОГОПЕД бол" курсынның бағдарламасы:1️⃣Тілдің кеш шығуының себептері2️⃣Ұсақ моториканың тіл шығуына әсері3️⃣Тыныс алу ж...
11/02/2021

"ЛОГОПЕД бол" курсынның бағдарламасы:

1️⃣Тілдің кеш шығуының себептері

2️⃣Ұсақ моториканың тіл шығуына әсері

3️⃣Тыныс алу жаттығуларын жасап үйренеміз

4️⃣Артикуляциялық жаттығулар үйренеміз

5️⃣Логомассаж жасап үйренесіз

Шыны керек, осы курсты бастаймын деп сағызша созып жүргеніме қанша уақыт 😔.

Көп ойландым, неше рет жасаймын деп бел будым. Бірақ последний момент тормозит етіп қаламын ылғи.

Ең бірінші өзімнен не үшін курс өткізгім келетінін сұрадым. Вообще мұндай курс жасауда оказывается ең маңыздысы — НИЕТ. Мына бас соны жақында ғана түсінді. Аллаға шүкір, ниетім дұрыс 🤲. Аналарға көмегім тиіп, баласының тілі шығып кетсе 👍😍. Тілдің кеш шығуына әкелетін себептерін осы курстан біліп, алдын алса КЕРЕМЕТ емес па?

Баласына артикуляциялық жаттығуды, Логомассажды өзі жасай алса ше? Басқаға ақша төлеп қайтеді?

Ең болмағанда баласының дұрыс тыныс алуын реттесе қандай мәселелердің алдын алатынын біліп шығады ғой 👍.

Ең бірінші саудаңды өзіңе өткізуің керек дейді ғой 😂. Өзіме өтті 😍. Тіпті курсыма өзім қатысқым келіп кетті 😂.

Шапка профилядағы ссылкамен өтіп толық ақпарат ала аласыз.

Сіз қатысасыз ба? Танысыңыз ше? Балаларыңыздың тілінің уақытымен шығуына ат салысайық 🤗

ЛОГОМАССАЖ⠀Логомассаж — артикуляциялық аппараттың бұлшықеттердің даму проблемаларын шешуге арналған құрал. Массаж дыбыст...
11/02/2021

ЛОГОМАССАЖ

Логомассаж — артикуляциялық аппараттың бұлшықеттердің даму проблемаларын шешуге арналған құрал. Массаж дыбыстың шығуына оң әсер етеді.

Баршаңызға сәлем!✋😊

Марафоннан қандай пайдалы нәрсе аламыз? Көмегі тие ме? Бұл қандай массаж өзі?деген сұрақтарға ЖАУАП👇

Логопедиялық массаждың пайдасы:

1. Сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тонусын қалыпқа келтіреді.
2. Сөйлеу процесіне бұрын қатыспаған бұлшықеттерді қосады.
3. Артикуляциялық аппараттың (Сөйлеу аппараты) үйлесімді қозғалысын дамытуға жағдай жасайды.
4. Сілекей бездерінің белсенді секрециясын төмендетеді.
5. Жұтқыншақ рефлексін күшейтеді.
6. Кинестетикалық сезімдерді ынталандырады (өз дене мүшелерін сезіну).
7. Сөйлеу аппаратының жиырылғыштығы нашар бұлшықет топтарын белсендіреді.
8. Тіл бұлшық еттерінің серпімділігін жоғарылатады, олардың жиырылу қызметін қалыпқа келтіреді.
9. Баланың сөйлеуін жақсартады.

Логомассажды үйрену үшін 13.02.2021ж басталатын
“ЛОГОПЕД Бол” курсыма келіңіздер 🤗.

Курстың толық бағдарламасын келесі постан оқи аласыздар 😘.

Курста пайдалы ақпарат өте көп.

Кім қатысады🤗?

2020 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Инстаграмды ашып қалсаң әркімнің жыл қорытындысы көзіңе  еріксіз түседі. Бәрінікі қызық  👍. Іште...
31/12/2020

2020 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Инстаграмды ашып қалсаң әркімнің жыл қорытындысы көзіңе еріксіз түседі. Бәрінікі қызық 👍. Іштей сол адам үшін қуанып қоясың.

2020 жыл ерекше жыл болды ғой негізі. Вирус біраз адамның жоспарларының іске асуына кедергі келтірді. Кейбіріне керісінше пайда әкелді. Мен үшін де осы жыл хайырлы болды.

✅ Басты қорқынышым — пациентті көрмей ем тағайындау болатын. Вирус күшейіп тұрған кезде телефонның құлағында ойнадық 😅. Онлайн назначение жасап үйрендім. Мені оқитын біразыңызға назначение жасадым. Кімге көмегім тиді қол көтеріп қойыңыздаршы 🤗. Вируспен күресте ешкім награда бермесе де өзімді "қаһарман" сезінемін ♥

✅ Стилистпен шала-пұла жұмыс жасасам да біраз өзгеріс бар. "Тренд","антитренд" ұғымдарымен таныстым. "Антитрендский" киімдерден құтылдым. "Трендский" киімдерге ие болдым. Көзге көрінгеннің бәрін ала бермейтін болдым. Осы үшін рақмет айтамын.

✅Біліміме инвестиция құйған жыл болды. Алла қаласа нәтижесін алдағы уақытта көре жатарсыздар 🤗

✅Ең бастысы — өзіммен жұмыс жасап жатырмын.
💢Өзімді жақсы көріп
💢өзіме уақыт бөліп
💢өзіме сыйлық жасап
💢жоспарлап үйрендім

Келесі жылғы жоспарыма Алла берекесін 🤲

Сіздің биыл қандай жетістігіңіз бар?

БАЛАҢЫЗ СӨЙЛЕЙ АЛМАЙ МА? 👶Балаңыз әлі СӨЙЛЕЙ АЛМАЙ ма? Әлде кейбір дыбыстарды айта алмай ма?🤔Не істеріңізді, кімнен көме...
26/12/2020

БАЛАҢЫЗ СӨЙЛЕЙ АЛМАЙ МА?

👶Балаңыз әлі СӨЙЛЕЙ АЛМАЙ ма? Әлде кейбір дыбыстарды айта алмай ма?
🤔Не істеріңізді, кімнен көмек сұрарыңызды білмей жүрсіз ба?
🙄Балаңыздың дұрыс әрі үйлесімді дамуы мазалайды ма?

Онда сізді 28 желтоқсанда басталатын "Логопед-АНА" курсыма шақырамын 🤗

🔹 Сіздерге қызық әрі құнды ақпараттар дайындап қойдым! 👍

Программасы❓
💢 тілдің кеш шығуына әкелетін себептерді анықтаймыз
💢дұрыс тыныс алуды үйренеміз
💢артикуляциялық жаттығуларды дұрыс жасап үйренеміз
💢логомассаж жасап үйренеміз
💢Логоформуланы үйренеміз

Курстың ұтымды тұстары:

✅ 1 апта бойы құнды ақпараттар.
✅ Сұрақтарыңызға жауап алатын кері байланыспен ватсапта топ болады
✅ Тілдің шығуына көмектесетін қарапайым әдістер
✅ Өздеріңіз жұмыс жасауға және распечатка жасауға арналған материалдар аласыз
✅Баланы жалықтырмай жаттығулар жасауды үйренесіздер

Қатысу құны бар болғаны 9️⃣9️⃣0️⃣тг.

Алғаш өткізіліп отырғандықтан бағасы арзан. Келесі курстарда бағасы өседі. Осы жолы қатысып үлгеріп қалыңыздар 🤗

САУСАҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ Бұл туралы жыр жазуға болады. Сол себепті қысқа нұсқасын  ұсынамын😉👇⠀«Баланың ойы оның са...
21/12/2020

САУСАҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Бұл туралы жыр жазуға болады. Сол себепті қысқа нұсқасын ұсынамын😉👇

«Баланың ойы оның саусақтарының ұшында» деп жазған В.А.Сухомлинский.

Қазіргі кезде бала қолдарының жан-жақты дамуы қаншалықты маңызды?

🚩 Қолдарда орталық жүйке жүйесіне импульстар жіберетін рефлекторлық нүктелер бар. Қол мен саусаққа арналған жаттығулар ми жұмысына жақсы әсер етеді.

Саусақ жаттығуларының пайдасы:

1) Ұсақ моторика сөйлеуді дамытуға тікелей байланысты.
Саусақтарға массаж жасау арқылы сіз баланың сөйлеу қабілетін дамытуға, сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айтуға көмектесесіз.

2) Саусақ қозғалыстарын дамыту арқылы есте сақтау қабілетін және зейінін жақсартасыз.

3) Сауат ашу мен жазуға дайындығын қалыптастырасыз.

4) Шығармашылық қабілеттері мен ақыл-ойын дамытасыз.

5) Жаттығулар көп уақыт алмайды.

✅ Саусақ жаттығуларды бала жасына қарай жасау керек. 3 жасқа дейінгі балаларға массаж болса, 3 жастан кейінгі балаларға доппен, таяқшамен, пазлмен және т.с.с заттармен ойнау маңызды.

2 жастан бастап балаға қалам ұстап үйрету арқылы дамуына оң әсер ете аласыз.

Балаңызға саусақ жаттығуларын жасатасыз ба?Жасатсаңыз қандай?

ТҮСТЕРДІ ҮЙРЕТУ   Маған келетін ата-анардың айтатыны:💢 "Апай түстерді үйретуге нервым жетпейді,қалай үйретемін? "💢Күнде ...
12/12/2020

ТҮСТЕРДІ ҮЙРЕТУ

Маған келетін ата-анардың айтатыны:
💢 "Апай түстерді үйретуге нервым жетпейді,қалай үйретемін? "
💢Күнде түстерді үйретем, бірақ мүлдем түсінбейді
💢Мен енді не істеймін? 🤷🏻‍♀️ деген сияқты сұрақтар келіп жатады.

✅Балаға бір мезгілде әр түрлі түсті үйретуге болмайды.🙅🏻‍♀️
Мысалы: мынау сары, мынау жасыл, мынау көк....деген сиякты.

✅Бір апта бойы 1 ғана түсті үйрену керек.
Мысалы: қызыл түс. Қызыл затты алып бер, қызыл көйлегіңді киейік, қызыл алма ал. т.с.с қызыл түспен бір апта бойы жұмыс жасап, қызыл түсті меңгеру керек.

✅Бұл жерде басқа түсті араластыру қажет емес. Мысалы, тек қана қызыл түс.

Әр апта сайын, түрлі түсті үйренсеңіздер. 7 апта да 7 түрлі түсті үйреніп шығасыздар.

Сіз балаңызға түстерді қалай үйретесіз? Балаңыз неше түс біледі?

АЛАЛИЯ ДЕГЕНІМІЗ⠀❤️басып, сақтап алыңыздар.⠀Алалия- бас ми орталықтарының зақымдану салдарынан болған сөйлеу тілінің дам...
10/12/2020

АЛАЛИЯ ДЕГЕНІМІЗ

❤️басып, сақтап алыңыздар.

Алалия- бас ми орталықтарының зақымдану салдарынан болған сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем жоқ болуы.

Ол туылғанға дейін немесе бала дамуының ерте кезеңінде дамуы мүмкін.

Балаңызда алалияның белгілері бар ма?

#логопед #алалия

ОРВИ-ДЕ  ДӘРІГЕРГЕ БАРУ⠀Қазір интернетте ақпарат өте көп. Ата-аналар өз кезегінде біраз нәрсені  біледі. Баланы үй жағда...
08/12/2020

ОРВИ-ДЕ ДӘРІГЕРГЕ БАРУ

Қазір интернетте ақпарат өте көп. Ата-аналар өз кезегінде біраз нәрсені біледі. Баланы үй жағдайында да емдей алады.

Бірақ дәрігердің көмегенсіз емделінбейтін жағдайлар болады:

🚩 ТЕМПЕРАТУРА 3 күн бойы 38 С жоғары болып, дәрі бергенде аз түссе не мүлдем түспесе

🚩ТЕМПЕРАТУРА ҚАЙТАЛАП КӨТЕРІЛСЕ. Егер дене қызуы қалыпқа келіп, бірнеше күннен кейін қайта көтерілсе ата-аналар дабыл қағуы керек.

🚩ЖАҒДАЙЫ МҮЛДЕМ ЖАҚСАРМАСА

ОРВИ-дің классикалық түрінде баланың жағдайы 3-5 күнде қалпына келеді. Егер жағдайы жақсармаса — дәрігерге қаоалған дұрыс.

🚩ҚИЫН ДЕМАЛСА.

🚩 ТЫНЫС АЛҒАНДА ШУ пайда болс

🚩 ҰСТАМАЛЫ ЖӨТЕЛ — үнемі қайталана берсе

🚩құсу, диарея, бөртпе ПАЙДА БОЛСА — СРОЧНО дәрігер шақырыңыз

🚩 ҚҰЛАҒЫ АУЫРСА — самолечениемен айналыспаймыз.

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРАМЫЗ, егер балада:
— судорога
— тыныс алмау
— температура 40С және жоғары болып дәрі бергенде түспесе
— есін жоғалту
— тепе-теңдік сақтай алмаса
— қатты бас ауруы
— іштің қатты ауруы
— су мен тамақтан мүлдем бас тартуы
— мқрын, ауыз,ішектен қан кетсе
— басқан кезде ағармайтын БӨРТПЕ пайда болса.

Жақындарыңыздың дені сау болсын!🤲

ПОСТНАЗАЛЬНЫЙ ЗАТЕК⠀Бұл — мұрын шырышының(жалпақ тілмен "мұрынбоқ") жұтқыншақтың артқы қабырғасына, көмейге  ағып,  реце...
30/11/2020

ПОСТНАЗАЛЬНЫЙ ЗАТЕК

Бұл — мұрын шырышының(жалпақ тілмен "мұрынбоқ") жұтқыншақтың артқы қабырғасына, көмейге ағып, рецепторларды тітіркендіріп, жөтел тудыруы.

Себептері:
✅ОРВИ,
✅Синусит, ринит.
✅Аллергия.
✅Мұрын қуысындағы бөгде дене т.б.

Белгілері:
☑️Жөтел көбінесе түнде, жатқан кезде болады.

Күндіз де кілегей тамаққа ағады. Ояу кезде жұтып жіберетіндіктен бала жөтелмейді.

Емі:

💢Себебін аныктау, яғни —симптоматикалық ем.

💢Көп сұйықтық беру, көп емізу.

💢Бөлмені желдетіп, ауасын тазарту

💢Тұзды ерітінділермен тазалау. Алдыңғы постта жазғанмын.

💢Түнде басын жоғары көтеріп жатқызу

💢Влажная уборка.

‼️Қақырық түсіретін сироптар беруге болмайды. Себебі жөтел одан сайын күшейеді.

Толық ақпаратты Алла қаласа ертең стористе айтамын 😘

Балапандарымыз ауырмасын 🤲


#жөтел

МҰРЫНДЫ ШАЮ⠀Мұрынды тұмау кезінде  шайып тазалау - жай ғана тазалықтың белгісі емес, тұмауды емдеуде маңызды элементтің...
25/11/2020

МҰРЫНДЫ ШАЮ

Мұрынды тұмау кезінде шайып тазалау - жай ғана тазалықтың белгісі емес, тұмауды емдеуде маңызды элементтің бірі.

💢Ринит - мұрынның шырышты қабатының қабынуы. Ол кезде шырышты қабаты ісініп, көптеп шырыш бөлініп, демалу қиындайды. Осы кезде теңіз суы ертіндісі екі компонентке де әсер етеді. Яғни👇🏻

💢Мұрынды шайған кезде не болады?
📌Мұрын жиналып қалған шырыштан тазаланады
📌Микробты күштеменің деңгейі төмендейді
📌Қабыну медиаторлары шайылады. Қабыну медиаторлары дегеніміз - инфекциямен күрес кезінде иммунды жасушалардан бөлінетін зат. Осылар шырышты қабаттың ісінуін туындатушылар.
📌Мұрынды бірнеше рет шайғаннан кейін 1 күннен кейін-ақ микробқа қарсы күресетін субстанциялар деңгейі жоғарылайды (лизоцим мен лактоферрин)
📌Мұрынның шырышты қабатындағы түктер өз жұмысын жақсы атқара бастайды. Тыныс алу жолдарына шаң-тозаң, бөгде заттардың өтпеуінен осы түктер қорғайды. Егер де тұмау басталғанда мұрынды теңіз суы ерітіндісімен тазалап отыратын болсаңыз, аурудың жеңіл, өтуіне және тез жазылуына ықпал етесіз.

❌Ал, мұрынға оксолин, виферон мазьдарын, басқа майларды ішіне дейін жағу дұрыс емес ➡️ (тек сыртқы кіреберісіне жағу керек). Себебі, өзі ауырғаныңызбен қоймай, мұрынның қорғаныштық түктерін жабыстырып тастайсыздар, жұмысын одан сайын дұрыс атқара алмай қалады. Керісінше мұрынды тазалап шайып отыру керек.

⁉️Мұрынды шаюға болатын ерітінділер:

1️⃣Изотоникалық:

📌Физ ерітінді (0,9% NaCl) тек натрий және xлор иондарынан тұрады, антисепликалық тазалаушы эффект көрсетеді және шырышты қабаттың қорғаныстығын арттырады.
📌Теңіз суы ерітіндісі (аквамарис)
👆🏻Аквамаристің бұл түрін - күнделікті баланың мұрнын тазалауда, мұрынның шырышты қабатын ылғалдандыруда, шырышты қабаттағы микроағзаларды тазалауда, тұмаудың алдын алуда және емдеуде қолдануға болады. Нәресте туылғанынан бастап қолдануға болады.

2️⃣ Гипертоникалы: Аквамарис 1.5-3% болады. 1 жастан асқан балаларға қолдануға болады.
Ерітіндінің құрамындағы тұздың жоғары мөлшері суды өзіне тартып, ісік пен мұрын бітелуін азайтады.

Қосымша ақпаратты стористе айтамын 😘

Балаңыздың мұрны біткенде шаясыз ба? Қандай ерітіндімен шаясыз?

Address


Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Dr.amandyk posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Videos

  • Want your practice to be the top-listed Clinic?

Share