30/10/2021
Өмір - мектеп
Курс жазамын деп еңбектеніп жүргеніме аз болған жоқ. Шамамен жарты жылдан астам уақыт өзімді осы бір дүниені жазып шығуға ынталандырып жүрмін. Өзімнің курсымды жазамын деп жүріп, қанша кітапты оқып, қанша курстарды аяқтадым десеңізші))))🤪
Нәпсім: “Болды демал, жат, фильм қара, не қыласың, тауып жатқан ай сайын айлығың бар, өмір ғажап, тоқта, сенің бағытың емес,”- дейді.
Санам болса: “ Тоқтама, бұл әлі де сенің шыңың емес, өмірде сен білмейтін ғажайыптар қаншама, арманда, мақсатыңа әлбетте жетесің, еңбектенуден аянба,”- дейді.
Еңбегімді жұрт қалай қабылдайтынын білмеймін, бірақ осы жолда өзім көп ілім алдым. Жан-жақты өстім десем артық айтқандығым емес. Бойымдағы өзгерістерді айналамдағылар байқап, мақтағанда “Е, шын мәнінде үлкен жұмыс бітіріппін ғой” деймін.
Нәпсіге берілсем, осы қалыпты жағдайымнан ешқашан шыға алмайтыныма көзім жетті. Қанша қиын болса да, бұл менікі емес деп итеріп тастамай, шыңына жету керектігін ұғындым. Нәтиже қандай болса да, бұл - менің жеңісім. Өмір - мектеп. Оқуды бір күн тоқтатып қойсаң, бүгінгі күннің сабағын түсінбей қаласың. Сосын мүлдем қызығушылық жоғалады. Талпынып, тырысудан аянбаңыздар. Ақыры қандай болса да, дәл қазіргі қиындық ішкі дүниеңнің өзгеріп, жаңа жолдың ашылуына, басқа әлемнің кілті болуы да ғажап емес.
Еңбек қаншалықты қиын болса, жемісі соншалықты ТӘТТІ ЕКЕН. Мені осындай жағдаймен арпалысқандар жақсы түсінеді. 😉