20/01/2024
❗️НӘРЕСТЕНІ ІШПЕН ЖАТҚЫЗУ ОНЫҢ ДАМУЫНА ӨТЕ ПАЙДАЛЫ:
⠀
✅БАС
- Бастың жалпақ болуының алдын алады (плагиоцефалия)
⠀
✅Көз көруі жағынан
- Көз қимылдатқыш бұлшықеттің дамуына ықпал етеді;
- Бала әр затқа назар аударуды үйрене бастайды.
⠀
✅МОЙЫН
- Басын көтеруге және ұстап тұруға талпыныс жасайды;
- Мойын бұлшықеттерін дамытады;
- Қисық мойын болуының алдын алады.
⠀
✅АРҚА
- Арқа бұлшықеттері нығаяды;
- Омыртқа сүйектерінің дұрыс дамуына ықпал етеді;
- Денені түзу ұстау сол кезден дами бастайды.
⠀
✅ІШ
- Іш шаншуы кезінде ішпен жатқызу жеңілдік әкеледі;
- Іш желденуі мен іш қатуының алдын алады.
⠀
✅ҚОЛ
- Қол бұлшықеттері нығаяды;
- Алақанмен жер тіреу, зат ұстауды үйренеді;
- Ұсақ моториканың дамуына дайындық.
⠀
✅АЯҚ
- Аяқ бұлшықеттері нығаяды;
- Еңбектеуге дайындық, уақытылы еңбектеуге септігін тигізеді.
⠀
💢Баланы ішпен жатқызуды 2 апталығынан бастауға болады (кіндігі түсіп, толығымен құрғап біткен соң).
🎈Алғашында өзіңіз шалқаңыздан жатып, баланы үстіңізге ішімен жатқызып үйретіп алыңыз. Бірнеше күн.
🎈Бала ішпен жатуға әбден үйренген соң қатты жерге (кілем, балалар кілемі, т.б қалауыңыз, тек жиырылып, сырғып кететін болмаса болды) жатқыза беруге болады.
🎈Баланы емізуден бұрын немесе емізуден 30-40 минут өткен соң ішпен жатқызуға болады.
🎈Алғашында 1 минуттан жатқызып, уақыт өте бірнеше минутқа уақытын көбейту керек.
❗️Ең, бастысы ішпен жатқызғанда міндетті түрде бала өз қадағалауыңызда болуы керек (абайсызда, оқыс жағдайлар орын алмас үшін).
⠀
__________________________________
⠀
⁉️Ал, сіздің балаңыз ішпен жатуды ұната ма? Ішпен жатқызуды қашаннан бастадыңыз? Комментарияға жазып бөлісіңіз?🫶🏻