02/10/2019
БІР РЕТТІК МАСКАНЫҢ ҚҰПИЯСЫ ҚАНДАЙ?😷🤔 1 Бөлім.
Қайырлы күн құрметті оқырмандар🙋♀️
Бір реттік медициналық масканы білмейтін адам кем де кем шығар сірә!?
Ал ол масканы қалай дұрыс киіп қолдану керек екендігін көп адам біле бермейді немесе елемейді🙅♀️.
Жалпы маска туралы ақпарат👇:
1. Бір реттік медициналық маска - бұл мұрын мен ауызды жауып тұратын ауаны фильтрлеуші повязка.
2. Мақсаты: ауа-тамшылы жолмен берілетін инфекциядан және әр түрлі микробөлшектерден тыныс жолдарын қорғайтын барьер орнату👌.
3. Құрылысы: 3 немесе 4 қабаттан тұрады. Ортаңғы аралық қабаты жоғары сапалы полимерлі синтетикалық материалдан жасалған фильтр болып табылады. Мұрын аймағында темір фиксаторы болады.
Кей маскалардың сыртқы қабаты суланбайтын (водоотталкивающий слой), фильтр қабаты антибактериалды затпен өңделген болуы мүмкін.
4. Түрлері: ересекке және балаға арналган. Балаға🧒🏻арналған маскалар - гипоаллергенді, өлшемі кішкентай және түрлі суреттерімен болады🦄.
⁉️СОНЫМЕН, МАСКАНЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ҚОЛДАНУ КЕРЕК⁉️ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
✔️Маска 1 реттік, яғни бір рет киіп, сосын тастаймыз☝️. Келесіде бір керек болады деп шкафка салып койсаңыз, колданылған маска бактерияның көбею ортасына айналады🦠
✔️Масканы кигенде шет-шеттері саңылау қалмайтындай бетпен тығыз жанасу керек. Мұрын аймағын👃темір фиксаторымен жақсылап бекітеміз.
✔️Көпшілік масканы тағуын тағып алып, мұрнын ашық қалдырады. Ондайда маска сізді инфекциядан қорғамайтынына күмән келтірмеңіз🤦🏻♀️.
✔️Масканы қатаң түрде☝️ 2 САҒАТ САЙЫН ауыстырамыз. Сол үшін бірнеше дана маска болганы абзал.
✔️Масканы шешкенде оның қорғаныш яғни беткі қабатынан ұстамайды. Шетінен не жібінен ұстап шешеміз.
✔️Қолданылған масканы қалтаға, сөмкеге👜 бүктеп сала салмаймыз, оны дереу қоқыс жәшікке тастап, утилизациялаймыз☣️. Себебі ол инфекция көзі👁️
✔️Масканы ұстағаннан кейін қолды сабындап жуу керек🧼
⚠️Масканы дұрыс кимеген жағдайда оның қорғаныш эффективтілігі 0-ге тең, ал вирус жұқтыру қаупі 2 есеге өседі.
ЖАЛҒАСЫ КЕЛЕСІ ПОСТТА 👉
Ал сіз масканы дұрыс қолданасызба? Пікір калдырыңыз 👇лайк басуды ұмытпаңыз🙂