Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktau
  • Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы Клиника акушерско-гинекологического профиля, лечение гинекологических заболеваний и бесплодия, ведение беременности и родов.

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІМаңғыстау облыстық ана мен бала орталығының акушер-гинеколог д...
31/03/2026

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығының акушер-гинеколог дәрігері Рауан Ақбергенқызы облыстық жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған оқу-дәрісін өткізді.

Дәріс барысында «Медициналық мекемеден тыс босану кезіндегі тактика», «Үй жағдайында босануды қабылдау», «Жаңа туған нәрестені бастапқы қарау», сондай-ақ «Гипотермияның алдын алу» тақырыптары кеңінен қамтылды.

Іс-шараның мақсаты – жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шұғыл жағдайларда ана мен балаға сапалы медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру.

Дәріс барысында теориялық мәліметтермен қатар тәжірибелік ұсыныстар беріліп, қатысушылар өзара пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

📌 Мұндай оқыту шаралары медициналық қызмет сапасын арттыруға және төтенше жағдайларда тиімді әрекет етуге ықпал етеді.

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсі...
31/03/2026

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жобалар картасы негізінде бекітілген жылдық іс-шара жоспарына сәйкес, медицина қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында орталықтың заңгері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің функцияларын атқарушы маман Икрамова Мадина Бейбітқызы дәрігерлер мен бөлім меңгерушілеріне сапалы медициналық қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ұстанудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, аталған саясатты мекеме ішінде қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптарына сәйкес «пара алу» және «пара беру» ұғымдарына түсініктеме берілді. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету тәртібі мен стандарттарын сақтамау және сапасыз қызмет көрсету салдарынан туындайтын әкімшілік жауапкершілік мәселелері де қарастырылды.

Аталған түсіндіру жұмыстары орталық қызметінде ашықтық, адалдық және әділдік қағидаларын нығайтуға, сондай-ақ сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

31/03/2026

Сәлем баршаңызға!
Менің атым — Алан 🙂

Мен енді ғана дүниеге келдім, әзірге бәрі маған жаңа әрі қызықты көрінеді.
Бірақ қазірдің өзінде алғашқы күндерден бастап маңызды жаңалықтарға дейінгі тәжірибеммен сіздермен бөліскім келеді.

Сіздер сәбилердің денсаулығын қалай дұрыс қолдау керектігін, олардың дамуын бақылауды және жайлы орта жасауды көретін боласыздар.
Мен өсемін, ал сіздер менімен бірге үйренесіздер.

Келесі шығарылымда кездескенше, онда мен өзім және дамуым туралы тағы да көбірек көрсетемін!

31/03/2026

Всем привет!
Меня зовут Алан 🙂

Я только родился, и пока всё кажется новым и удивительным.
Но уже хочу делиться с вами своим опытом - от первых дней до важных открытий.

Вы увидите, как правильно поддерживать здоровье, наблюдать за развитием и создавать комфорт для малышей.
Я буду расти, а вы будете учиться вместе со мной.

Увидимся в следующем выпуске, где я покажу ещё больше о себе и своём развитии

Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығының басшылығы мен ұжымы марапатталды.Жаңа Конституция жобасын сапалы дайындауға ...
30/03/2026

Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығының басшылығы мен ұжымы марапатталды.

Жаңа Конституция жобасын сапалы дайындауға және оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін орталық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды.

Ұжымның кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігі – ел дамуына қосылған маңызды үлес. Бұл марапат – бірлескен еңбектің жемісі әрі үлкен сенімнің белгісі.

Орталық ұжымына алдағы уақытта да толағай табыс, халық денсаулығы жолындағы еңбектеріне сәттілік тілейміз!👏👏👏

Гипертензивті жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша дәріс өттіАна мен бала орталығының гинеколог дәрігері Тұрсын Қуаны...
19/03/2026

Гипертензивті жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша дәріс өтті

Ана мен бала орталығының гинеколог дәрігері Тұрсын Қуанышқызы Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне арналған «Гипертензивті жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету» тақырыбында дәріс өткізді.

Іс-шара барысында дәрігер гипертензивті жағдайлардың түрлері, олардың клиникалық белгілері, асқыну қаупі және алғашқы медициналық көмекті дер кезінде әрі дұрыс көрсету алгоритмдері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, тәжірибелік маңызы бар нақты мысалдар келтіріліп, шұғыл жағдайда әрекет ету тактикасы түсіндірілді.

Дәрістің басты мақсаты – жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шұғыл жағдайларда дұрыс әрі тиімді медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру.

Мұндай оқыту іс-шаралары медицина қызметкерлерінің тәжірибесін шыңдап, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Наурызнама Жаңару онкүндігі аясында сенбілік өттіНаурызнама Жаңару онкүндігі аясында Ана мен бала орталығында сенбілік ұ...
19/03/2026

Наурызнама Жаңару онкүндігі аясында сенбілік өтті

Наурызнама Жаңару онкүндігі аясында Ана мен бала орталығында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны тазарту, перзентхана аумағын абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілік барысында орталық қызметкерлері белсенділік танытып, аумақты қоқыстан тазалау, көгалдандыру және көркейту жұмыстарын жүргізді. Ұжымдық еңбек нәтижесінде орталық аумағы ретке келтіріліп, санитарлық жағдайы жақсартылды.

Аталған іс-шара – тазалықты сақтау мен табиғатты аялауға бағытталған игі дәстүрдің жалғасы. Сонымен қатар, мұндай бастамалар қызметкерлер арасында бірлік пен ұйымшылдықты нығайтып, ортақ жауапкершілік сезімін арттыра түседі.

🔹Орталық дәрігері жедел-жәрдем қызметкерлеріне дәріс оқыдыМаңғыстау облыстық Ана мен бала орталығының акушер-гинеколог д...
19/03/2026

🔹Орталық дәрігері жедел-жәрдем қызметкерлеріне дәріс оқыды

Маңғыстау облыстық Ана мен бала орталығының акушер-гинеколог дәрігері Бекзат Байхашев жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне «Жүктілік кезіндегі қан кету» тақырыбында лекция оқыды.

Кездесу барысында дәрігер жүктілік кезінде қан кету жағдайында науқасқа шұғыл әрі дұрыс алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ жүкті әйелді медициналық мекемеге жеткізгенге дейінгі кезеңде атқарылатын іс-әрекеттер мен қауіпсіздік шаралары туралы атап өтті.

Мақсат – жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шұғыл жағдайда ана мен баланың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға бағытталған алғашқы көмектің сапасын жетілдіру.

Мамандардың айтуынша, жүктілік кезіндегі қан кету – ана мен бала өміріне қауіп төндіруі мүмкін күрделі жағдайлардың бірі. Сондықтан мұндай жағдайда уақытылы әрі дұрыс көрсетілген алғашқы медициналық көмек аса маңызды.

19/03/2026

Маңғыстаулық АтаЗаң Атазаңмен жүздесті

Маңғыстау облысында 15 наурыз күні дүниеге келген сәбиді перзентханадан шығарып салу рәсімі өтті. Сәбиге ерекше әрі мәні терең - АтаЗаң есімі берілген.

Маңызды әрі ерекше іс-шара перзентхана алдында өтіп, жас ананы және нәрестені туыстары мен жақындары зор қуанышпен қарсы алды. Олар ізгі тілектерін білдіріп, сәбиге зор денсаулық, бақ-береке және жарқын болашақ тіледі.

Жалпы республика бойынша екі АтаЗаң есімді азамат бар. Іс-шараның маңызын арттыра түскен жайт - жаңа туған сәбидің аттасы, Түркістан облысынан арнайы келген 16 жастағы Атазаң Дохтырханның қатысуы болды. Сирек есімді иеленген екі жанның кездесуі ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.

Жасөспірім Маңғыстау облысына әкесі Еркебұлан Тұрғынбаймен бірге келген. Оның айтуынша, ұлына бұл есім үлкен үмітпен қойылған.

-Біз ұлымызға Атазаң деген есімді үлкен сеніммен қойдық. Оның елге қызмет ететін, заңды құрметтейтін азамат болып өскенін қаладық. Бүгін арнайы келіп, кішкентай есімдесіне ақ жол тілеп отырмыз, - деді Еркебұлан Тұрғынбай.

Қазіргі таңда Атазаң Дохтырхан колледжде автоэлектрик мамандығы бойынша білім алуда.

Іс-шара аясында жасөспірімге Маңғыстау облысы атынан білім гранты табысталды. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті тегін білім алу мүмкіндігін ұсынды.

Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов қатысып, нәрестеге ақ батасын беріп, оқиғаның терең мәніне тоқталды.

-Бүгін Маңғыстауда үш Атазаңның мерейлі сәтіне куә болдық. Олар - нәресте, жасөспірім және еліміздің басты құндылығы — Конституциямыз. Бұл жай ғана сәйкестік емес, бұл белгі. Нәресте ертең елінің тірегі болып, халқына қызмет етсін, Қазақстанның абыройын асқақтатсын деп тілейміз. Мемлекет басшысының даму мен жасампаздық жолы болашақ ұрпаққа игілік әкелсін. Еліміз аман, келешегіміз кемел болсын. Әумин!, - деді Оңайбек Әбділов.

Ұрпақтар сабақтастығын айғақтаған бұл оқиға заң үстемдігі мен мемлекет бірлігіне және ұлттық дәстүрлерге деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

16/03/2026
«АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІҚазақстанда Мемлекет басшысының т...
16/03/2026

«АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бастамашылық етілген отбасыларды қолдауға арналған ауқымды мемлекеттік «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды.

2021–2025 жылдар аралығында бұл бағдарлама қосалқы репродуктивтік технологиялардың қолжетімділігін арттырудың негізгі тетігіне айналып, мыңдаған қазақстандық жұпқа ата-ана болу бақытына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қабылданған шешімдердің нәтижесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жыл сайын бөлінетін квоталардың саны 7 есеге ұлғайтылып, жылына 7 мың квотаға дейін жеткізілді.

Соңғы бес жылдың ішінде жүйелі мемлекеттік қолдаудың арқасында бағдарлама жоғары клиникалық тиімділігін көрсетті.

Осы кезеңде 28 мыңнан астам әйел экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) рәсімінен өтті. Нәтижесінде 12 мыңнан астам әйел жүктілік бойынша есепке алынып, шамамен 11 мың көптен күткен сәби дүниеге келді.

Тұрақты жоғары нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі бес жыл бойы ЭКҰ қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдардың қызметіне тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.
Бұл қатаң бақылау МӘМС қаражатының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етіп, әрбір пациент үшін табысты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Address

Aqtaý, 34A Sh/a, ANA Men BALA Ortalyǵy
Aktau
130000

Telephone

+77292305900

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы:

Share

Category