Управление здравоохранения Мангистауской области

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktau
  • Управление здравоохранения Мангистауской области

Управление здравоохранения Мангистауской области Мы рады приветствовать вас на официальной странице "Центра формирования здорового образа жизни Мангистауской области".

В Мангистау усилены меры по профилактике ОРВИ и гриппа.В Мангистауской области усилены профилактические меры с целью про...
19/11/2025

В Мангистау усилены меры по профилактике ОРВИ и гриппа.

В Мангистауской области усилены профилактические меры с целью профилактики острых респираторных вирусных инфекций (ОРВИ) и гриппа. Об этом на брифинге в Центре общественных коммуникаций сообщил начальник регионального департамента санитарно-эпидемиологического контроля Мухтар Сербаев.

Во время брифинга спикер объяснил текущую эпидемиологическую ситуацию в регионе.

"С начала эпидсезона в области зарегистрировано 53 242 случая ОРВИ, показатель заболеваемости составил 6531,2. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года наблюдается рост заболеваемости. Полимеразно-цепной реакцией (ПЦР) исследовано 259 образцов. В результате выявлено 52 вируса гриппа. Среди пациентов с не гриппозными инфекциями из 54 обследованных: у троих выявлен парагрипп, у девяти - риновирус, у пяти - аденовирус, у троих - бокавирус, у одного - коронавирус. В настоящее время проводится иммунизация населения против гриппа во всех поликлиниках области. Привито 10,0 % населения. После вакцинации осложнений не зафиксировано. В соответствии с постановлением Главного государственного санитарного врача РК в регионе усилены профилактические меры", - отметил Мухтар Сербаев.

Кроме того, заместитель руководителя управления здравоохранения области Бибизада Дуйсенбаева отметила ряд мер, принимаемых в связи с эпидемиологической ситуацией.

"В области 74 участковых врача привлечены к дополнительному дежурству в Мангистаускую областную многопрофильную детскую больницу. Фильтровальные кабинеты работают во всех организациях первичной медико-санитарной помощи области, городов и районов. Из 81 000 запланированных вакцин «Гриппол» вакцинировано 80 % целевой группы. Усилен эпидемиологический контроль за гриппом, гриппоподобными заболеваниями, тяжелыми острыми респираторными инфекциями и другими ОРВИ, а также систематически ведется мониторинг циркуляции респираторных вирусов в регионе. Станции скорой и неотложной медицинской помощи, а также их филиалы в городах и районах переведены на усиленный режим работы", - сообщила Бибизада Дуйсенбаева.

В завершение брифинга специалисты подчеркнули, что эпидемиологическая ситуация в регионе находится под стабильным контролем, профилактические меры усилены, а для защиты населения, особенно детей, важно соблюдать правила профилактики.

Наиболее эффективным способом предотвращения тяжелого течения ОРВИ и гриппа является своевременная вакцинация и правильный уход при первых признаках болезни.

Маңғыстауда ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша шаралар күшейтілді. Маңғыстау облысында жіті респираторлық вирустық инфе...
19/11/2025

Маңғыстауда ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша шаралар күшейтілді.

Маңғыстау облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаев айтты.

Брифинг барысында спикер қазіргі кезде өңірдегі эпидемиологиялық маусым ахуалын түсіндірді.

"Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері облыста ЖРВИ-ның 53 242 жағдайы тіркеліп, аурушаңдық көрсеткіші 6531,2-ні құрады. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткішінің өсуі байқалып отыр. Полимеразды тізбекті реакция әдісімен 259 сынама зерттелді. Нәтижесінде 52 грипп вирусы анықталды. Тұмау емес инфекцияларға 54 науқас тексеріліп, нәтижесінде үшеуінде парагрипп, тоғызында риновирус, бесеуінде аденовирус, үшеуінде бокавирус, біреуінде коронавирус анықталды. Қазіргі таңда облыс тұрғындарын тұмауға қарсы иммундау жұмыстары облыстағы барлық емханаларда жүргізілді. Халықтың 10,0 %-ы екпемен қамтылды. Екпеден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес өңірде профилактикалық шаралар күшейтілді", - деді Мұхтар Сербаев.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты атқарылып жатқан бірқатар шараларды атап өтті.

"Өңір бойынша емханалардағы 74 учаскелік дәрігер Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына қосымша кезекшілікке жұмылдырылды. Облыс, қала және аудандық бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарындағы фильтр-кабинеттері жұмыс жасап тұр. Облыс көлемінде нысаналы топқа жоспарланған 81 000 «Гриппол» вакцинасының 80% екпе алған. Тұмау, тұмауға ұқсас аурулар, ауыр жіті респираторлық инфекциялар және өзге де жіті респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық бақылауды күшейту, сондай-ақ өңірде респираторлы вирустардың айналымын жүйелі түрде қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Облыс тұрғындарына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциялары мен олардың қала және аудандардағы бөлімшелері жұмыстары күшейтілген режимге ауыстырылды", - деді Бибізада Дүйсенбаева.

Брифинг соңында мамандар өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда екенін, профилактикалық шаралардың күшейтілгенін және тұрғындарды, әсіресе балаларды аурудан қорғау үшін алдын алу талаптарын сақтаудың маңызын атап өтті.

ЖРВИ мен тұмаудың ауыр ағымын болдырмаудың ең тиімді тәсілі дер кезінде вакцина алу және алғашқы белгілер байқалғанда дұрыс күтім жасау екенін жеткізді.

43 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігерді құрметті демалысына шығарып салды.Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығын...
18/11/2025

43 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігерді құрметті демалысына шығарып салды.

Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығын ұзақ жылдар басқарған Қуат Машырықов құрметті еңбек демалысына шықты. Оқуын аяқтап келген жас маман өзінің мансабын қарапайым тіс дәрігері ретінде бастады және еңбек еткен жылдар бойы кәсіпқойлық пен адалдықтың үлгісі бола білді.

Оның жалпы еңбек өтілі 43 жылдан асады, оның 7 жылын Жаңаөзен қалалық тіс емханасында басшылық қызметте болса, 22 жыл облыстық стоматологияның басшысы болды. Ұзақ жылғы еңбегін ескерген әріптестері жүрекжарды тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров өз сөзінде Қуат Сағидоллаұлының медициналық қауымдастық арасында терең теориялық білімі мен тәжірибелік дағдылары бар білікті маман ретінде танылғандығын тілге тиек етті. Жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз принциптерін сауатты қорғауды және ең қиын жағдайларда сенімді шешім қабылдады. Еңбек еткен жылдар ішінде адал еңбегі үшін көптеген наградалармен марапатталды.

Қуат Машырықов маңғыстаудағы стоматологияның дамуына елеулі үлес қосты, мыңдаған пациенттердің денсаулығына қамқорлық жасады және мамандыққа деген адалдықтың нақты үлгісі болды.

Өзі жетекшілік еткен стоматология ұжымы Қуат Сағидоллаұлының көпжылғы қажырлы еңбегі, кәсібилігі және әр пациентке деген шынайы қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтады. Зор денсаулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілеп, көп жылғы еңбектің зейнетін көруге тілектестік білдіреді.

Айта кету керек, Қуат Сағидоллаұлы Маңғыстау облысының штаттан тыс бас стоматологы болып табылады. Сондай-ақ, облыстық стоматология басшысының штаттан тыс кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастыра бермек.

Грипп – заболевание серьезное и опасное.ОРВИ и Грипп – заболевание, с которым так или иначе сталкивается в своей жизни л...
17/11/2025

Грипп – заболевание серьезное и опасное.

ОРВИ и Грипп – заболевание, с которым так или иначе сталкивается в своей жизни любой человек. Кто-то игнорирует опасность этого заболевания, считая его чем-то вроде простого насморка, кто-то боится "птичьего" и "свиного" гриппа, забывая о том, что так называемый "обычный" грипп и орви может быть еще более опасен.

Грипп: что это такое?

Грипп – это острое вирусное заболевание, поражающее преимущественно дыхательную систему. Грипп входит в категорию ОРЗ – острых респираторных заболеваний, а точнее, ОРВИ – острых респираторных вирусных инфекций.

Причиной гриппа является не ослабление иммунитета и не переохлаждение, а особый вирус – вирус гриппа. Его особенность заключается в чрезвычайной изменяемости. Мало того, что описанные в медицине три типа гриппа (А, В и С) могут чередоваться, они еще и меняют свою структуру. Поэтому ежегодно в период эпидемии наша иммунная система сталкивается с новым микроорганизмом, что существенно затрудняет борьбу с ним.

Как происходит заражение?

Источником заражения при гриппе является больной человек, и лишь в редких случаях некоторые животные – свиньи, птицы. Следует учитывать, что заразиться можно и от человека со стертой формой гриппа, когда его проявления минимальны и могут не восприниматься человеком как болезнь.

Передается грипп воздушно-капельным путем. Больной человек при кашле, чихании и просто при дыхании образует вокруг себя зараженное "облако" – взвешенные в воздухе частицы мокроты, слизи, отделяемого из носа. Вдыхание этих частиц – и есть путь проникновения вируса гриппа в организм пока еще здорового человека.

Облако взвешенных зараженных частиц постепенно оседает на окружающие предметы. К сожалению, вирус гриппа относительно устойчив и может сохранять свою активность во внешней среде несколько часов. Проходя мимо обсемененных вирусом предметов обихода, делая приборку, пользуясь этими вещами, мы непроизвольно стряхиваем зараженные частицы, которые вновь поднимаются в воздух и могут попасть в дыхательную систему человека. Это так называемый воздушно-пылевой путь передачи.

Как проявляется грипп?

Симптомы гриппа известны большинству людей, и, тем не менее, будет нелишним повторить столь важную информацию.

Скрытый период – инкубационный – длится от 5-6 часов до 3 суток. За это время вирус успевает проникнуть через слизистые оболочки рта и носа в организм, а иммунная система тем временем предпринимает попытки воспрепятствовать этому. Длительность инкубационного периода зависит от типа вируса, обильности заражения и состояния иммунной системы конкретного человека. Вслед за инкубационным периодом появляются проявления болезни, которые могут иметь несколько разную последовательность.

1.Насморк, заложенность носа, чихание, ощущение першения в горле – частые начальные симптомы заболевания.

2.Слабость, ломота в теле может быть первым признаком начинающейся болезни или же последовать за симптомами, указанными в предыдущем пункте.

3.Повышение температуры обычно возникает в первые же часы заболевания. Для гриппа характерна сильная лихорадка с температурой до 40°С и даже выше.

4.Кашель появляется чуть позже и сначала характеризуется непродуктивностью – кашель сухой, он "раздирает" трахею и бронхи, но при этом ничего не откашливается. Постепенно кашель становится влажным, с отхождением мокроты. Если кашель "лающий", значит воспалена гортань и возможно затруднение дыхания.

Грипп: осложнения

Грипп – заболевание само по себе неприятное, однако наиболее опасны его осложнения, которые развиваются при слабости иммунной системы (например, у пожилых людей и у детей), при отсутствии лечения или неадекватном лечении, при нарушении режима.

1.Бронхит: в течение недели после начала заболевания кашель не проходит, отделяется большое количество гнойной (желтой, зеленоватой, серой) мокроты.

2.Пневмония – воспаление легочной ткани, вызванное зачастую не самим вирусом, а бактериями, проникшими через слизистые оболочки, пораженные вирусом. Кашель мучительный, при этом существенно страдает общее состояние больного, температура повышена. Иногда может развиваться геморрагическая пневмония – особо тяжелая форма заболевания, нередко заканчивающаяся смертью.

3.Менингит и энцефалит – тяжелые воспалительные заболевания головного мозга и его оболочек. Заболевание характерно преимущественно для детей - у взрослых такое осложнение развивается крайне редко. Менингит и энцефалит протекают тяжело, требуют интенсивной терапии и чреваты летальным исходом.

4.Судорожные припадки – могут быть признаком поражения центральной нервной системы или быть реакцией на критическое поражение температуры.

5.Психозы с галлюцинациями – являются признаком тяжелой интоксикации с нарушением функции головного мозга.

Лечение гриппа

Лечение гриппа требует предоставления больному покоя - рекомендуется больше лежать. Обычная активность (привычная трудовая деятельность, работа по дому) противопоказана и может привести к развитию тяжелых осложнений.

Симптоматическое лечение: является основным при гриппе. Суть его сводится к назначению средств, снимающих тяжелые симптомы и предупреждающие дальнейшее поражение органов. Назначают:

- жаропонижающие средства – с учетом возраста. Препараты этой группы улучшают самочувствие больного, предотвращают реакции со стороны нервной системы (например, судороги, характерные для маленьких детей);

- витамин С: снижает проницаемость мелких сосудов, предотвращает возникновение отека слизистых, препятствует распространению поражения;

- обильное питье: способствует выведению токсинов из организма;

- отхаркивающие, противокашлевые, бронхорасширяющие средства. Особенно осторожным нужно быть с препаратами, подавляющими кашель. Они могут использоваться только при сухом кашле; при наличии мокроты такие средства могут привести к ее застою и развитию гнойных осложнений в бронхах и легких;

- сосудосуживающие капли в нос снимают отек слизистой носа, облегчают дыхание, улучшают отток отделяемого из гайморовых пазух, тем самым предотвращая развитие гайморита;

Профилактика гриппа

Предупреждение гриппа гораздо более эффективно, чем лечение уже возникшего заболевания. В идеале профилактика гриппа должна быть круглогодичной: правильное питание, адекватная физическая нагрузка, закаливание являются хорошими средствами повышения иммунитета, а значит и сопротивляемости гриппу.

Вакцинация – основной медицинский метод профилактики гриппа. Ежегодно на основании анализа прошлых эпидемий разрабатывается новая вакцина, которая учитывает изменяемость вируса и активна в отношении того вируса гриппа, которого ожидают в данном году. Вакцину вводят за 1-3 месяца до предполагаемого начала эпидемии.

Ношение ватно-марлевой повязки уменьшает попадание вируса в дыхательные пути. Если вы сторонник такого способа профилактики, не забывайте о необходимости менять повязку несколько раз в день, в противном случае она сама может стать источником заражения.

Прием поливитаминов и витамина С.

Ежедневное употребление чеснока: позволяет снизить количество микроорганизмов в полсти рта.

Промывание носа – особенно актуально после работы, школы, общественного транспорта и т.п. Для промывания носа лучше использовать физраствор, а для предотвращения пересыхания слизистой оболочки носа после промывания смазывать нос изнутри любым маслом.

Избегание многолюдных мест во время эпидемии.

Регулярная влажная уборка помещения.

Оксолиновая мазь: регулярно смазывать полость носа, особенно перед посещением людных мест.

С началом эпидемии гриппа используют интерферон и индукторы интерферона, некоторые противовирусные средства.

Грипп – заболевание серьезное и опасное. Однако не будем паниковать и бояться наступления осенне-зимнего периода: полноценная профилактика и здоровый образ жизни помогут если и не предотвратить грипп, то по крайней мере избежать его тяжелых форм. Будьте здоровы!

С уважением,
Центр формирования здорового образа жизни Мангистауской области

Тұмау – ауыр және қауіпті дерт. ЖРВИ және тұмау – кез келген адамның өмірінде кездесетін ауру. Кейбір адамдар бұл ауруды...
17/11/2025

Тұмау – ауыр және қауіпті дерт.

ЖРВИ және тұмау – кез келген адамның өмірінде кездесетін ауру. Кейбір адамдар бұл аурудың қауіптілігін елемейді, "құс" және "шошқа" тұмауынан үрейленгенде ЖРВИ мен тұмаудың әлдеқайда қауіпті сырқат екендігін ұмытып кетеді.

Тұмау дегеніміз не?

Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.

Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.

Қалай жұғады?

Тұмаудың жұқтыру көзі ауру адам және тек сирек жағдайларда ғана шошқалар мен құстар сияқты кейбір жануарлар болып табылады.

Тұмау ауа - тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан айналада ауру жұқтырылған "бұлт" пайда болады. Бұларды жұту – сау адамның ағзасына тұмау вирусының ену жолы.

Ауру жұқтырылған "бұлт" біртіндеп қоршаған заттарға қонады. Өкінішке орай, тұмау вирусы тұрақты және сыртқы ортада бірнеше сағат бойы өз белсенділігін сақтай алады. Вирус жұққан тұрмыстық заттардың қасынан өтіп бара жатып немесе оларды пайдалана отырып, біз еріксіз, адамның тыныс алу жүйесіне түсуі мүмкін зарарлы бөлшектерді ауаға қайта көтереміз. Бұл тұмаудың ауа - шаң жолымен жұғуының көрінісі.

Тұмаудың белгілері қандай?

Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймыз.

Жасырын, инкубациялық кезең – 5 - 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады:

Тұмау, мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты аурудың бастапқы белгілері.

Әлсіздік, сырқырап ауыру.

Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба тән.
Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте - бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.

Тұмаудың асқынулары

Тұмау – өздігінен жағымсыз ауру, дегенмен оның иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде дамитын асқынулары өте қауіпті.

Бронх қабынуы: ауру басталғаннан кейінгі бір аптаның ішінде жөтел басыла қоймайды, көп мөлшерде іріңді (сары, жасыл, сұр) қақырық бөлінеді.

Пневмония – вируспен зақымдалған шырышты қабық арқылы кірген бактериялардың салдарынан туындаған өкпе тінінің қабынуы. Сырқат азапты жөтелмен, науқастың жалпы жағдайының нашарлауымен, температурасының көтерілуімен сипатталады. Кейде пневмонияның өліммен аяқталатын аса ауыр түрі дамуы мүмкін.

Менингит және энцефалит – ми мен ми қабығының ауыр қабыну аурулары. Ауру көбінесе балаларға тән – ересектерде мұндай асқынулар өте сирек дамиды. Менингит пен энцефалит өте ауыр өтеді, қарқынды емдеуді қажет етеді және қайғылы аяқталауы да мүмкін.

Селкілдек ұстамалар – орталық жүйке жүйесінің зақымдануының белгісі болуы мүмкін.

Галлюцинациялы психоздар – ми қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауыр интоксикацияның белгісі болып табылады.
Тұмауды емдеудің жолдары

Тұмаудан емделіп жүрген науқасқа тыныштық талап етіледі – көбірек жату ұсынылады. Әдеттегі белсенділіктен (дағдылы еңбек қызметінен) бас тарту керек. Өйткені, ол аурудың асқынуына себепкер болуы мүмкін.

Тұмау кезінде негізгі емдеу жолы – симптомдық емдеу. Симптомдық емдеу кезінде тағайындалатын дәрі - дәрмектер:

- жасын ескере отырып қызуды басатын дәрі - дәрмектер тағайындалады;

- С дәрумені;

- көбірек су ішу;

- қақырық түсіретін, жөтелге қарсы дәрілер: мия, жалбызтікен препараттары, мукалтин, бронхолитин және т.б. дәрі - дәрмектер;

- мұрын тамшылары тағайындалады. Олар мұрынның шырышты қабығының ісінуін жояды, тыныс алуды жеңілдетеді, гаймориттің дамуына жол бермейді.

Тұмаудың алдын алу

Тұмаудың алдын алу пайда болған ауруды емдеуге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Тұмаудың алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн: дұрыс тамақтану, шынығу иммунитетті арттырып, тұмауға қарсы тұрудың оңтайлы амалдары.

Вакциналау – тұмаудың алдын алудың негізгі медициналық әдісі. Вакцинаны індет басталғанға дейін 1 - 3 ай бұрын егеді.

Мақта - дәке таңғышын тағып жүру вирустың тыныс алу жолдарына түсуіне кедергі тудырады.

Полидәрумендер мен С дәруменін қабылдау керек.

Ауыз қуысындағы микроорганизмдердің санын азайту үшін сарымсақты күнделікті пайдалану қажет.

Мұрынды шаю – әсіресе жұмыстан, мектептен, қоғамдық көліктерден шыққаннан кейін мұрынды жуып-шаю өте маңызды.

Індет кезінде адамдар көп шоғырланатын жерлерден аулақ болу.

Үйді үнемі ылғалды тазалап отыру қажет.

Мұрын қуысына ұдайы оксолин майын жағып отыру керек, әсіресе халық көп жиналатын орындарға барар алдында.

Тұмау індетінің басталуымен интерферон және интерферонның индукторлары, кейбір вирусқа қарсы дәрі – дәрмектер қолданылады.

Тұмау – ауыр және қауіпті дерт. Алайда, күз бен қыс мезгілдерінің басталуынан қорқып, үрейленбеңіздер: салауатты өмір салты тұмаудың алдын алуға көмектеседі. Дендеріңіз сау болсын!

Құрметпен,
Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

17/11/2025

"Ерте жүктіліктің салдары" тақырыбы "MAN`G`YSTAY`" телеарнасының тікелей эфирінде "Біз айтпасақ..." бағдарламасында талқыланды.

15/10/2025

Маңғыстауда есірткімен күрес қалай жүріп жатыр?

"MAN`G`YSTAY`" телеарнасының подкаст студиясында "Сағындықпен сұхбат" хабарында есірткімен күрес шаралары жайында әңгіме өрбіген болатын.

Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Зиноллин Ақылбек Алтынбекұлы айтып берді.

Спикер өз сөзінде есірткі қылмыстарына қарсы күрес жүргізудің қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Яғни, қылмыстың барлық түрлерін анықтау мен алдын алу бойынша ауқымды жұмыстарды жалғасып келеді.

Сонымен қатар, полицейлер есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл бағыты есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратынын тілге тиек етті.

Толығырақ сұхбаттан көріп, пікір қалдырыңыздар!

15/10/2025

МӘДИ ТОҚАНОВ: Есірткімен күресті жаңа деңгейге шығару қажет.

"MAN`G`YSTAY`" телеарнасының подкаст студиясында "Сағындықпен сұхбат" бағдарламасының кезекті саны есірткімен күрес тақырыбына арналды.

Статистикаға көз жүгіртсек, Маңғыстау өңірінде есірткіге тәуелділер тізімінде 550-ден астам адам тұр. Оның 320-дан астамы есірткіні бір рет қолданғаны үшін есепке алыныпты.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» директоры Мәди Тоқанов басқа қандай ақпараттармен бөлісті? Толығырақ сұхбаттан көріңіздер.

11/10/2025

Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары туберкулезден сақтануға шақырады!

16/09/2025

«Туберкулездің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен, облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр-дәрігері Қадралиев Ибрахим Мендиғалиұлының қатысуымен семинар өткізілді.

Өткізілген орны: Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектеп. Қатысушылар саны - 180 оқушы.

Семинар барысында дәрігер туберкулез ауруының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және уақытылы тексерілудің маңызы туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ жастарға дұрыс тамақтану, жеке бас тазалығын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі жөнінде пайдалы ақпарат берілді.

Бұл шара студенттердің денсаулық туралы білімін арттырып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ. Мейірбике жоғары медициналық колледжінде 4-курс студент қыздарға арналған «Ерте жүктіліктің ...
16/09/2025

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ.

Мейірбике жоғары медициналық колледжінде 4-курс студент қыздарға арналған «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Жалпы саны 24 студент қатысқан іс-шарада Дина Жұмабаева дәріс оқыды.

Семинар барысында ерте жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық жай-күйге және болашақ өмір сапасына тигізетін ықпалы түсіндірілді. Сонымен қатар алдын алу жолдары, жауапкершілік пен дұрыс таңдау жасаудың маңызы кеңінен айтылды.

Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Шара жастардың бойында жауапкершілік сезімін арттыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталды.

ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ. Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының...
16/09/2025

ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ.

Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мектеп оқушыларымен жұмыстарды жалғастыруда.

Кезекті іс-шара Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте 6–7 сынып оқушыларына арналды, атап айтқанда «Дене белсенділігін арттыру және эмоционалды интеллект» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Кездесу барысында оқушыларға күнделікті қозғалыстың денсаулыққа әсері мен дұрыс әдеттерді қалыптастырудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар эмоционалды интеллекттің адамның өз сезімін басқарудағы және достық қарым-қатынасты нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланды.

Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Іс-шараны Аида Акылбекқызы өткізді.

Address

город Актау
Aktau
130000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Управление здравоохранения Мангистауской области posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

УПРАВЛЕНИЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ

Основные функции деятельности ГУ "Управление здравоохранения Мангистауской области" – это сохранение и укрепление состояния здоровья населения области, обеспечение гарантированности и доступности медицинской помощи, организация работы учреждений и предприятий здравоохранения области в условиях рыночной экономики, развитие негосударственного сектора здравоохранения.