Lor medius

Lor medius 🔬Диагностика
💉Лечение и профилактика заболеваний
▫️УХА
▫️ГОРЛА
▫️НОСА

06/05/2026
Есту, мұрын және тамақ денсаулығы – өмір сапасының маңызды бөлігі.Біздің клиникада ЛОР ауруларын толық тексеру және зама...
04/05/2026

Есту, мұрын және тамақ денсаулығы – өмір сапасының маңызды бөлігі.

Біздің клиникада ЛОР ауруларын толық тексеру және заманауи диагностика жүргізіледі:
• Аудиограмма – есту қабілетін нақты бағалау
• КСВП аппарат – есту нерві мен жүйке жолдарын терең тексеру
• ЛОР дәрігер консультациясы және толық тексеріс

Ерте диагностика – асқынудың алдын алады және дұрыс емді таңдауға көмектеседі.

📍 ЛОР-Медиус
26-й микрорайон, 32
📞 +7 776 111 26 32

20/02/2026

Кішкентай пациентімізден кері байланыс 🌸

Біздің ардақты дәрігеріміз Алдабергенова Орынша Таңатаровна  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды...
17/02/2026

Біздің ардақты дәрігеріміз Алдабергенова Орынша Таңатаровна
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды 🏅

Бұл- жай ғана марапат емес. Бұл- күнделікті тынымсыз еңбек, науқастарға деген мейірім, жауапкершілік пен кәсібіне деген шексіз адалдықтың нәтижесі.

Сіздей жанашыр, білімді, жүрегі кең дәрігермен бір ұжымда жұмыс істеу- біз үшін үлкен мақтаныш.
Еңбегіңіз елене берсін, абыройыңыз арта берсін!

Шын жүректен құттықтаймыз! 💐

⚽ Барлығы Мбаппе гол соғады дейді, ал біздің Мбаппе 👨‍⚕️ құлақ, мұрын, тамақтағы «голдарды» қағып тастайды! 🥅LOR MEDUS –...
30/09/2025

⚽ Барлығы Мбаппе гол соғады дейді, ал біздің Мбаппе 👨‍⚕️ құлақ, мұрын, тамақтағы «голдарды» қағып тастайды! 🥅

LOR MEDUS – денсаулық алаңындағы нағыз чемпиондар лигасы! 🏆
Бізге келіңіз – нәтиже: 100% денсаулық ✅

Жазғы демалыста құлақ, мұрын, тамақты қалай қорғау керек? 🌞Жаз — демалыс пен саяхат маусымы. Бірақ дәл осы уақытта балал...
13/06/2025

Жазғы демалыста құлақ, мұрын, тамақты қалай қорғау керек? 🌞

Жаз — демалыс пен саяхат маусымы. Бірақ дәл осы уақытта балалар жиі ЛОР мүшелерімен (құлақ, мұрын, тамақ) байланысты ауруларға шалдығады.

Политцер әдісімен есту түтігін үрлеу – бұл емдік-диагностикалық ЛОР процедурасы. Арнайы баллон арқылы мұрын қуысы арқылы...
12/06/2025

Политцер әдісімен есту түтігін үрлеу – бұл емдік-диагностикалық ЛОР процедурасы. Арнайы баллон арқылы мұрын қуысы арқылы ортаңғы құлаққа ауа жіберіліп, есту түтігіндегі қысым теңестіріледі.

🩺 Бұл процедураға көрсетілімдер:
📌 Түтікшелі отит (евстахиит) кезіндегі құлақтың бітелуі
📌 Құлақтағы қабыну ауруларынан кейінгі естудің төмендеуі
📌 Есту түтігінің дренаждық және вентиляциялық функцияларын бағалау

🚫 Қарсы көрсетілімдер:
❌ Мұрын-жұтқыншақ пен құлақтағы іріңді қабыну
❌ Есту жүйкесінің жедел зақымдануы
❌ Психикалық бұзылыстар және т.б.

👨‍⚕️ Дәрігерге жүгіну қажет, егер сізді мына белгілер мазаласа:
✅ Грипп, ЖРВИ немесе отиттен кейін естудің нашарлауы
✅ Құлақтағы «бульк» дыбысы
✅ Аутофония – өз даусыңызды “бөшкедегідей” есту

⚠️ Процедураны тек маман және нақты көрсетілімдер бойынша жүргізуі керек. Себебі дұрыс орындалмаса, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

АДЕНОИД ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ НЕГЕ БАЛАЛАРДА ҮЛКЕЙЕДІ?✅ Аденоид – мұрын-жұтқыншақта орналасқан лимфа тінінен құралған без. Ол ба...
12/06/2025

АДЕНОИД ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ НЕГЕ БАЛАЛАРДА ҮЛКЕЙЕДІ?

✅ Аденоид – мұрын-жұтқыншақта орналасқан лимфа тінінен құралған без. Ол барлық балаларда болады және иммундық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Аденоидтың негізгі қызметі – ағзаға түскен бактериялар мен вирустармен күресу.

‼️Алайда, бұл бадамша(миндалины) без қабынып, созылмалы түрде ұлғайса, балада тыныс алу, есту және иммунитетпен байланысты мәселелер туындайды.

🧒🏻 Аденоидтың ұлғаюы көбінесе 2 жастан 7 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.

НЕГЕ АДЕНОИД ҮЛКЕЙЕДІ?
🔹 Жиі жұқпалы аурулар
🔹 Тұқымқуалаушылық
🔹 Аллергия – тозаң, жануар түгі, шаң-тозаң, тағам өнімдері сияқты аллергендер аденоидтың ұлғаюын тудыруы мүмкін

АДЕНОИДТЫҢ ҮЛКЕЮІ НЕНІМЕН ҚАУІПТІ?
🔸 Мұрынмен тыныс алудың қиындауы – бала үнемі аузымен демалады, бұл тістің дұрыс орналасуына және оттегінің жеткілікті түсуіне кедергі келтіреді
🔸 Жиі тыныс жолдарының қабынуы – аденоид созылмалы инфекция көзіне айналады
🔸 Есту қабілетінің нашарлауы – аденоидтар есту түтігін жауып тастауы мүмкін
🔸 Сөйлеу дамуының кешеуілдеуі

‼️ЕСКЕРТУ: Егер балаңызда аденоид белгілері байқалса, өздігінен ем қабылдамаңыз. Міндетті түрде ЛОР дәрігеріне қаралыңыз!

Address

26 мкр 32 дом
Aktau
130000

Telephone

+77761112632

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Lor medius posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category