15/07/2025
📢 Абай болыңыз: Қазақстанда жедел ішек инфекциясының 9 мыңнан астам жағдайы тіркелді
🛡️ ЖІИ-нің алдын алу – өз қолыңызда! Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін мына қарапайым ережелерді сақтаңыз:
✅ даладан келген соң, тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабындап жуыңыз;
✅ тек қайнатылған немесе бөтелкедегі сапалы суды тұтыныңыз;
✅ жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуып, қайнаған сумен шаюды ұмытпаңыз;
✅ тек жақсы термиялық өңдеуден өткен тағамдарды жеңіз;
✅ жарамдылық мерзімі өткен немесе тоңазытқышта сақталмаған өнімдерді пайдаланбаңыз;
✅ дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;
✅ ас үйдің, ыдыс-аяқ пен кесу құралдарының тазалығын сақтаңыз, шикі және дайын өнімдерге арналған жеке пышақ пен тақтайша пайдаланыңыз;
✅ тағамды жәндіктер мен кеміргіштерден қорғалған жабық ыдыста сақтаңыз;
✅ үйдегі зиянкестерден дер кезінде арылыңыз;
✅ үй мен аула тазалығын қадағалаңыз;
✅ тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз, суға түскенде ауызға су кіргізбеңіз.