baby_massage_almatyi

baby_massage_almatyi Балалар массажы

Қалайсыздар оқырмандар балаңыз әлі сөйлемейді ме? Қазіргі балалардың тілі неге кеш шығады деп ойланып көрдіңіз бе? Бізді...
28/12/2021

Қалайсыздар оқырмандар балаңыз әлі сөйлемейді ме?
Қазіргі балалардың тілі неге кеш шығады деп ойланып көрдіңіз бе? Біздің бүлдіршіндер «бөтелкелі» өмір салтын ұзақ ұстанғандықтан, «кеш сөйлейтін» болды. Аузында екі тісі пайда болғаннан сәби қою, құнарлы тағамды қосымша жеуі керек. Қазір көп ата-ана баласының тағамын блендерден өткізіп бергенді ұнатады да, балалар 3-5 жасқа дейін ұсақталған, үгітілген ас ішеді. 
Бала қоғамға ерте араласса, тілі тез шығады. Қазір қайда қарасаң да, көп балақайлар 2-2,5 жасқа дейін сөйлемейді. Әсіресе, ұл балалар. Неліктен? Әлде қазір тым қызықты ойыншықтар баланың ой-өрісін шектеп, қоршаған ортаға қызығушылығын кемітеді ме екен?! Көп келін ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін болды. Қолынан ұялы телефон түспейді. Саусағының ұшымен ары-бері сырғытып, телефоннан бас алмайды. Емізулі баласына да көңіл бөлуге қолы тимей, телефонға үңіледі де отырады. Жыласа, емізікті тығып, аузын «жабады». Сосын қай баланың тілі дұрыс шықсын?! Сақау, кекеш баланы өзіміз қолдан осылай жасап алып жатырмыз
Кейде ата-ана баласын 1 дыбысты ғана дұрыс айтпайды деп ойлайды. Мысалы р әрпін. Ал бізге келгенде бір емес, бірнеше дыбыстар тобын айта алмайтынын анықтаймыз.

Бірінші логопедке апару керек. Сауатты маман қосымша неврологқа, психолог, психиатрға бағыттайды. Егер бала сөйлеуден бас тартса, онда оның психологиялық себептері (мутизм) де бар деген сөз.
Қазір көп логопедтер бет және ауыз қуысына массаж жасау әдісін қолданады. Оны қолданғанда абай болған жөн.

Жалпы, бала денсаулығы дұрыс болсын десек, үйде жағымды атмосфера қалыптастыруымыз керек. Баланың жағдайы көбінесе үйдегілердің қалыптасқан қарым-қатынасына байланысты. Үлкендер бір-біріне қамқор болып, дұрыс қарым-қатынас түзсе, баламен жиі әңгімелессе, тілі де тез шығады. Ал үнемі айқай-шу, бір-бірін кінәлау, ұрыс болатын ортада балаңыз «құрдымға» кетті дей беріңіз. Көп ата-ана бала үлкендердің қарым-қатынасын түсінбейді деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Балалар өкпе, өкініштің бәрін сезеді, түйсінеді. Егер ата-аналардың қарым-қатынасы нашар болса, үйде ұрыс-жанжал тыйылмаса, бала мұны тез қабылдап алады.

Сәлеметсіз дерме инста оқырман қайырлы кеш болсын.  Бүгін сіздермен отзывтармен бөліскім келіп тұр
09/12/2021

Сәлеметсіз дерме инста оқырман қайырлы кеш болсын. Бүгін сіздермен отзывтармен бөліскім келіп тұр

Сәлеметсіздер ме инста оқырман Балаңыздың алғашқы қадамын басқанын күтіп жүрсіз бе?  Балаңыздың жүруіне арналған жаттығу...
08/12/2021

Сәлеметсіздер ме инста оқырман Балаңыздың алғашқы қадамын басқанын күтіп жүрсіз бе? Балаңыздың жүруіне арналған жаттығуды ұсынамын.
Жүрыс жаттығулары
1. Балақай алғаш қадам жасаған сәттен-ақ тепе-теңдікті сақтай алуы үшін қолынан ұстап, аяғын бірде ішке, бірде сыртқа қарай бастыртыңыз. Екі қолынан ұстап, әуелі аяғының ұшымен, сосын қайта табанын бастыртып жүргізуге ден қойыңыз.
2. Жолына ұзынынан жалпақ тақтайды, ағашты тастап, соның үстінде қолынан ұстап, теңселіп жүргізіңіз. Бұл жаттығу баланың тепе-теңдігін сақтауына жәрдемдеседі.
3. Жастайынан баланы жалаң аяқ қатты заттардың, құмның, еденнің, қатты кілемнің, массажды кілемнің үстінде жүргізіп үйретсе, жалпақтабандықтың алдын алуға көмектеседі.
Тепе-теңдікті сақтау үшін тағы да мынандай жаттығуларды жасаңыз:
4. Сәбиді тігінен тұрғызып қолмен ұстап тұрыңыз да, бір аяғын бүгіп, бір аяқпен 10 секунд тұрғызып қойыңыз. Сосын екінші аяғымен.
5. Баланы өздігінен тұрғызып, бір аяқпен секіртіңіз. Күн сайын қайталап, жасатыңыз.
6. Бір аяғын бүгіп, денесін алға қарай еңкейту қажет. Сосын бастапқы қалпына келтіріп, екінші аяғын бүгіңіз де, денесін алға қарай еңкейтіңіз. Жаттығу қайталанса, пайдалы. Бастапқыда оны балаға жасату қиынға соғуы мүмкін. Сол сәтте сәбиді құс болып ұшу тәрізді ойындармен еліктіріп, жаңағы жаттығуды жасатуға қызықтырыңыз, бала тез үйреніп, жалықпай жасайтын болады.
Жаттығулар ұнаса бағалай өтіңіз.

Барлық сұрақтар бойынша

📞 87787107145

Сәбидің алғашқы қадамы, жас баланы жүруге үйрету! Жарық дүниеге келгеніне 8–9 ай толысымен-ақ сәбилердің қимыл-қозғалысы...
06/12/2021

Сәбидің алғашқы қадамы, жас баланы жүруге үйрету!

Жарық дүниеге келгеніне 8–9 ай толысымен-ақ сәбилердің қимыл-қозғалысы ширап, белсенділігі артады, дейді балалар дәрігерлері.
Сол кезде олар еңбектегенді қойып, бөлмедегі диван, орындық тәрізді әртүрлі нәрселерге сүйеніп тұруға тырысады. Бұл олардың жүруге, бойын билеуге деген алғашқы талпынысы. Мұнан кейін бүлдіршіндер қаз тұрудың техникасын меңгеріп, бір орыннан екінші орынға жайлап жылжи бастайды. Содан, 11 айға толғанында шешесінің қолынан босап, ұстап тұрған заттарынан өз бетінше ажырап, қарсы алдындағы әкесіне, әжесіне, тәте, ағасына тәй-тәй басып жетуге тырысады. Мінеки, осы кезде жас баланы жүруге үйретудің, сақтық шараларын ойластырудың маңызы өте зор.Алғашқы қадам
Ең алғаш жүруге ынталанғанда сәбиге аздап екпін керек-ақ. Сонда ол қорқынышсыз жүруге талпынады. Алайда жүріп, жүгіріп кеткенше, қай-қайсы да үстел, диван айналасынан басқа бағытқа қадам жасауға қорқады да. Осыны ұмытпаңыз. Бұл үрейді жеңдіру үшін баланы үстелді айналдыра қуалап, ойнаған дұрыс. Далаға серуенге шыққанда жетектеп, үйде төсеніш бар жерде жүргізіп, түрлі заттарды көтерткізіп, арқасын тік ұстатып, психологиялық жағынан шыңдай түскен орынды. Егерде бала қадам басу, жүру қорқынышты емес екенін сезіп, түсінсе, өзіне деген сенімі артып, тез жүріп те кетеді. Негізінен бала алғаш жүре бастағаннан-ақ аяғына табаны қатты, арқасы ыңғайлы аяқкиім кигізіп, сонымен жүруді үйреткен жөн. Аяқ киім дұрыс таңдалмаса, баланың аяғына, табанына, жүрісіне зиянын тигізеді. Және де баланы қадам арбаға (ходунокқа) көп отырғызбаңыз. Оның орнына орындықты ұстатып, қабырғаға сүйентіп тұрғызыңыз, сөйтіп, алғашқы қадамдарын жасатыңыз. Балаңыздан бір қадам алысырақ тұрып, оны өзіңізге қарай шақырыңыз. Жүруге жетектеп үйреткенде баланың аяғына, омыртқаларына салмақ түспейді, ол еш зиянсыз.

Қалайсыздар  оқырмандар.Балаңыз түнде мазасызданып жүр ме? Түнде ұйықтамайды ма?  Балаңыз түнде тыныш ұйықтауы үшін мына...
01/12/2021

Қалайсыздар оқырмандар.
Балаңыз түнде мазасызданып жүр ме? Түнде ұйықтамайды ма?
Балаңыз түнде тыныш ұйықтауы үшін мына кеңеске құлақ түріңіз.
Алғашқыда бала түн ішінде қарны ашып, 1-2 сағат сайын оянады. Бұл кезде су не емізік берсеңіз болады. Алайда асқазаны біршама жетіліп, 4-5 айға толып, ана сүтіне қосымша тамақтар енгізбейінше бала түнде оянған кезде омырау сүтімен тамақтандырып ұйықтатқан пайдалырақ. 5-6 айдан асқаннан кейін баланы ұйықтататар алдында қарнын тойғызып жатқызсаңыз, кем дегенде 6 сағат шамасында оянбастан ұйықтайды. Бірақ мұқият болыңыз, баланы тойғызам деп шамадан тыс көп беруге де болмайды. Өзі бас тартқан кезде ары қарай оны қинап тамақ жегізем деу бос әурешілік және де денсаулығына зиян. Толып тұрған асқазанмен ұйықтау қиынға соғады. Егер балаға сағат он екілер шамасында тамақ берсеңіз, келесі тамағын шамамен таңғы сағат алтыға дайындап қойыңыз.
Сонымен қатар, баланы ұйқыға жатқызардан 1,5-2 сағат бұрын суға шомылдырыңыз, жеңіл массаж жасаңыз, ертегі айтыңыз, ойнаңыз. Оны арнайы теңіз тұзымен, тыныштандыратын шөптермен не жай ғана балаларға арналған көбікпен шомылдыруға болады.
Есіңізде болсын, бала тыныш ұйықтай алмаса, оған ұрсып, айқайламаңыз. Ол баланы қорқыта түседі. Керісінше, балаға сіздің қамқорлығыңыз, мейіріміңіз керек. Шыдамды болуға тырысыңыз. Сонда ғана ол өзін жақсырақ сезінеді

Қалайсыздар инста оқырман кешегі демалыс күндеріңіз қалай өтті?  Өткен поста гипертонус жайлы айтқан едік көп ата ана ог...
29/11/2021

Қалайсыздар инста оқырман кешегі демалыс күндеріңіз қалай өтті?
Өткен поста гипертонус жайлы айтқан едік көп ата ана огы қалай анықтамыз деген екенсіздер?
Баланың гипертониясын қалай анықтауға болады?


Ата-аналар бұлшықет шиеленісінің белгілерін уақытында анықтау үшін баланың жағдайын мұқият бақылап отыруы керек, себебі олар ауыр неврологиялық аурудың көрсеткіші болуы мүмкін.

Бала аздап тыныштандырады, ал артқы жағында қолын және аяқтарын басады.

Бала жылап жатқанда, бала басын босатып, қатты басады. Бұдан басқа, иектің ішіндегі дыры бар.

Балада гипертензия белгілерін сипаттайтын болсақ, әртүрлі ынталандыруларға, мысалы, жеңіл және дыбысқа жиі ауытқу және ауыр реакция туралы айтуға болады.
4 Айына дейін бала басын ұстап тұр , бұл тез дамудың белгісі емес, ал бұлшықет шиеленісінің симптомы, ол мойнына иіліп, алға қарай жылжытады.

Сіздің балаңызда гипертонус болды ма?
Сіз қалай әрекет жасадыңыз?
Білгеніңізбен бөлісе отырыңыз.

Қайырлы кеш инста оқырман. Демалыс күн қалай өтуде? Балаңызда  гипертонус  бар ма? Гипертонус дегеніміз не одан қалай ар...
27/11/2021

Қайырлы кеш инста оқырман. Демалыс күн қалай өтуде?

Балаңызда гипертонус бар ма?
Гипертонус дегеніміз не одан қалай арылуға болады?

Менен бірер ақпарат болсын

Гипертонус-бұлшықеттің ширыққан күйі.Физиологиялық (3-4 айында өздігінен жоғалады)және патологиялық деп екіге бөлінеді.

Гипертонусқа алып келетін себептер:

🔴Құрсақішілік ұрық гипоксиясы (яғни ауа жетпеуі)
🔴құрсақішілік немесе туғаннан кейінгі инфекциялық аурулар
🔴кесарь тілігімен босану
🔴босану кезіндегі асфикция (тұншығу)
🔴босану кезіндегі жарақаттар

Гипертонус белгілері:
➖ұйқысының бұзылысы
➖қол аяғын екі жаққа жазатын кезде,қарсылық білдіреді
➖қолының жұдырығы қатты түйілген
➖аяғының ұшымен жүреді/басады
➖жиі кекіреді,құсады
➖жылаған кезде басын артқа шалқайтады, иегі дірілдейді.

Емі:

♻️Массаж
♻️Гимнастика
♻️Жүзу
♻️Тыныштандыратын ванна(тұз, шөптермен)
♻️дәрімен емдеу(ауыр жағдайда)

Қплайсыздар инста оқырман. Балаңыздың тісі шығып жатыр ма?Мына ақпаратты оқи өтіңізБала тісінің негізі құрсақта жатқанда...
26/11/2021

Қплайсыздар инста оқырман.
Балаңыздың тісі шығып жатыр ма?
Мына ақпаратты оқи өтіңіз

Бала тісінің негізі құрсақта жатқанда қалана басталады. Бала туылғанда сүт тістері мен тұрақты тістерінің негізімен туылады. Бірақ әр балада тіс әртүрлі уақытта жарып шығады. Баланың тісі шығуы туралы не білуіміз керек?

Сәби тісінің шығу уақыты 6 ай мен 2 жас аралығы болып саналады. Бірақ соңғы кездері сәбилерде тістің 4 ай мен 2,5 жас аралығында жарып шығуы байқалады. Сондықтан егер балаңыздың алғашқы тісі 5-6 айдан бұрын шықса, ол патология болып саналмайды. Сол секілді егер балаңыз 2-ге толғанда кей жерлерде жазатындай оның 22 тісі түгел болмаса, ол да патология болып есептелмейді. Себебі кей балалардың барлық тісі 2,5-3 жасқа дейін шығып бітеді. Бұл қалыпты жағдайға жатады.

Қалайсыздар Инста оқырмандар Балам қашан еңбектейді? Ата-аналардың көпшілігі баласының еңбектегеннен гөрі тезірек жүріп ...
25/11/2021

Қалайсыздар Инста оқырмандар

Балам қашан еңбектейді?

Ата-аналардың көпшілігі баласының еңбектегеннен гөрі тезірек жүріп кеткенін қалайды. Себебі еңбектеген кезде жердегі затты аузына салып қояды деп қорқады.
Еңбектеу бала денсаулығына жүріп тұруына ойлау қабілетін өсуіне өте пайдалы
Еңбектеу кезінде баланың аяқ қолдары бір уақытта қозғалып миы үнемі жұмыс үстінде болады. Қан айналымы жақсарып денесі шынығады бала ширақ болады.
Егер балаңыз етбетімен жатып еңбектеуге талпынса сізде балаңызға көмек беріңіз

баланы бөлемеңіз;

көбінесе ішімен жатқызыңыз;

бөлмені жиі-жиі желдетіп, ылғалдандырып тұрыңыз;

бөлменің ауасын бір қалыпты ұстаңыз;

аяқ-қолдарын еденде басып жүретіндіктен оны төсенішсіз қалдырмаңыз.

Қалайсыздар инста оқырман.  Балаңыздың жауырыны жабысса  Бала күтімі - нәрестені кіндігі түскеннен кейін 40 күнге дейін ...
19/11/2021

Қалайсыздар инста оқырман. Балаңыздың жауырыны жабысса
Бала күтімі - нәрестені кіндігі түскеннен кейін 40 күнге дейін кезек-кезек тұзды су мен сабын суда (аз ғана тұз салынған жылы су, су міндетті түрде қайнатылған болуы керек) шомылдырады. Шомылдырып болғаннан соң Анасы жеңіл желпі денесін майлап сылайды. Жауырын жабысу бір орнында қимылдамай жататын 2 3 айлық нәрестелерде көптеп кездеседі.
ЖАУЫРЫН ЖАБЫСҚАНЫН МЫНА БЕЛГІЛЕР АРҚЫЛЫ БІЛУГЕ БОЛАДЫ

Бала қолдарын толық аша алмайды

Балаңыз шалқалап жылайды жауырынына тиіскенде мазасызданады

Бала түнде мазасызданып ұйықтамауы, температура беруі мүмкін.
Бұл белгілерсізде жауырын жабысуы мүмкін.

ЖАУЫРЫН 1КУРС МАССАЖ (10 күн) Барысында ашылады.

Іштегі ауырсыну әртүрлі болады – қысқа мерзімді және ұзақ, кенеттен және әлсіз, жергілікті және ауқымды. Қалай болғанда ...
16/11/2021

Іштегі ауырсыну әртүрлі болады – қысқа мерзімді және ұзақ, кенеттен және әлсіз, жергілікті және ауқымды. Қалай болғанда да, ауыру симптомдары күшейіп, шыдаттырмайтынға айналғанша күтуге болмайды.Бұл әдетте 4 айға дейінгі нәрестелерде байқалатын жағымсыз сезім. Іші шаншып ауырғанда бала аяқтарын жиырып, дауыстап жылайды, бүйірінен бүйіріне дөңбекшіп, ішінің бұлшықетін ширатады. Шаншуды ішке жылы жаялық қою немесе аскөк суын беру арқылы басуға болады. Көптеген ата-аналар баланы тігінен көтеріп жүру тәсілін де қолданады. Егер ауырсыну өте ауыр болса және нәресте түнде ұйықтай алмаса, педиатр дәрі тағайындауы мүмкін.
 Баланың іші ауырды. Енді мынадай амалдар қолдану керек👇🏻
Баланың ішін сағат тілі бағытымен айналдыра уқалау;
Ішіне жаялықты үтіктеп, ыстық етіп байлау;
Баланы ішімен жатқызу;
Екі аяғына «велосипед» жаттығуын жасау, екі аяғын кезекпен тізе буынында бүгіп велосипед айдап бара жатқандай қимылдату;
Екі аяғын бір бағытта ішіне қарай апарып іштегі желін шығаруға көмектесу;
Укроп ққайнатылған су (үйде өзіңіз қайнатып дайындағаныңыз дұрыс)
Медикаментозды ем: Эспумизан, Боботик (1-айдан бастап қана қолдануға болады

Балаларда кездесетін Валгус  және Варгус   Вальгус неден пайда болады және қалай емдеп жазуға болады?  Жалпақ вальгус та...
11/11/2021

Балаларда кездесетін Валгус және Варгус
Вальгус неден пайда болады және қалай емдеп жазуға болады?
Жалпақ вальгус табанының ақаулары айқын көрінеді және бірден назар аударады. Бұл жағдайда аяқтың доғасының бұзылуы орын алады: аяқтың ішкі жиегі асып кетеді, саусақтар бүйірге жылжиды. Кейіннен аяқтар пайда болады Х пішінді, аяқ-қолы қысылған тобық арасындағы қашықтық 5 см немесе одан да көп болуы мүмкін... Бала алғашқы қадамдарын жасаған кезде, ол ыңғайсыздық сезінбейді. Содан кейін ол жаяу жүргенде пайда болатын ауырсынуға байланысты белсенділігі төмендейді. Содан кейін балалар жүрісін, иілуін және позасын өзгертеді. Бұл патология аяқ киімге тән белгісін қалдырады. Оны табан ішке қарай сырғып кететіндей етіп таптайды. Аяқ киім тез тозады. Егер бала оны кие берсе, ол аяқтарындағы ақауды күшейтеді.

Емделмеген Вальгус келесі асқынуларға әкелуі мүмкін:

омыртқаның физиологиялық қисықтарының бұзылуы (сколиоз);

қан айналымының бұзылуы

жамбас пен тізе буындарының ығысуы (жамбас позициясының өзгеруі);

1 аяқтың қысқаруы;
жалпақ табандар.
Ауруды емдеу қажет жеке көзқарас... Табанның ерекшеліктерін, оның пішіні мен оның бетіндегі жүктеменің таралуын зерттеу үшін компьютерлік планография мен подометрия сияқты диагностикалық әдістер қолданылады. Емдеу кешенді болуы керек. Ең тиімді әдістерге мыналар жатады:

массаж;
жүзу;
аяқ ванналары;
физиотерапия;
бұлшықеттердің электрлік стимуляциясы
Ақпарат ұнап жатса бағалай өтіңіз
Барлық сұрақтар бойынша

📞87787107145

Балалардағы майтабандылықтың алдын алу үшін келесі жаттығулар кешені қолданылады:Еден үстінде оқтау немесе кішігірім доп...
10/11/2021

Балалардағы майтабандылықтың алдын алу үшін келесі жаттығулар кешені қолданылады:

Еден үстінде оқтау немесе кішігірім допты домалатып сырғанату;

Еденнің үстіне жұмсақ қағаз төселеді, соны табанмен қысып умаждау керек.

Еденнің үстіне шашылып тасталған заттарды табанымен алып, бір орыннан екінші орынға тасымалдау;

Табанымен сыртқа және ішке қарай шеңберлі қозғалыстар жасау.

екі табанның арасына допты қысып көтеру;

табанының үшімен, өкшесімен және табанның ішкі шетімен кезектеп жүру

Массажды кілемде жүру (құм, жұмыр тас т.б)
Бөрене бойымен жүру, Арқан бойымен өрмелеу
Жалпақ табанның бірінші белгілері көбінесе бала кезде білінеді, алайда көпшілік ата-аналар балаларының денсаулығына назар аудара бермейді.

Жалпақ табанның бірінші белгілері көбнесе бала кезде білінеді алайда көпшілік ата-аналар балаларының денсаулығына назар аудара бермейді.
Жалпақ табандылық тірек-қимыл жүйесінің түрлі ауруларының асқынуына себеп болады (артрит, сколиоз, остеохондроз, радикулит, омыртқа жотасы).

Қалайсыздар оқырмандар Бүгінгі демалыс күні қалай өтуде.  Балаларыңызда майтабан барма? Бірақ мән бермейсіз немесе уақыт...
07/11/2021

Қалайсыздар оқырмандар
Бүгінгі демалыс күні қалай өтуде.
Балаларыңызда майтабан барма?
Бірақ мән бермейсіз немесе уақыт өте түзеледі деп ойлайсыз ба? Сізге пайдалы ақпарат болсын

Майтабан туа немесе жүре пайда болады.

Пайда болуына қарай майтабандықтың төменгідей түрлері болады:

туабітті пайда болатын майтабандық – құрсақ ішіндегі даму ауытқуының салдарынан болады. Жалпы, туабітті майтабандық өте сирек кездеседі;

рахитттік (мешелдік) майтабандық  – бір жасында рахитпен ауырған балаларда кездеседі. Рахиттің салдарынан өзгеріске ұшыраған сүйектер мен буынды сіңірлерге баланың дене салмағы түсуі салдарынан болады. Дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеуі де себеп болуы мүмкін;

жарақаттанудан кейін пайда болатын майтабандық – толарсақ, өкше және тобық сүйектернің сынуынан кейін қалыптасады;Туабітті пайда болатын майтабандықты ертерек анықтау үшін сәбиді бір айлығында ортопед дәрігерге міндетті түрде көрсету керек. Бұл сәбидің туабітті қаңқа аурулары мен ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді. Кейде майтабандық перзентханада да анықталып жатады. Бұл жағдайда шұғыл шаралар қолданылып, сәбидің аяғына гипстен жасалған арнайы қалыптар кигізіледі. Ал 3 жасында ортопед сәбидің аяқ-қолының ұзындығын өлшеп, табан күмбездерінің жағдайын бақылайды. Осы жастан бастап майтабандық белгілерін назардан тыс қалдырмай, ортопед дәрігерге жыл сайын қаралған дұрыс.

Көбінде сәбилерде бойлық майтабандық байқалады. Бұл туа біткен және жүре пайда болған түрде болады.

Майтабандық деген нақты диагнозды сәбилерге 5–6 жасында қоюға болады. Одан ертерек, шамамен 3 жасында белгілерін байқауға болады. Барлық сәбилердің табаны үш жасына дейін жалпақ болып келеді. Яғни, бұл жастағы сәбилердің тері асты майы өте көп мөлшерде болады. Сондықтан майтабандықтың бар-жоқтығын анықтау мүмкін емес. Айлайда, уақыт өтісімен табандағы май біртіндеп ысылып, сіңірлер мен бұлшықеттер жиырылып, қатая бастайды.

Келесі поста майтабандықтың салдарынан болатын қиындықтарды айтатын боламын

Сізге ақпарат пайдалы болдыма ойларыңыз бен пікірлеріңізді жаза кетіңіз

Барлық сұрақтар бойынша

📞87787107145

Баланың табанына арналған массаж Балақай жылай бастаған кезде табанына бір тамшы массаж майын (Кез келген массажға арнал...
05/11/2021

Баланың табанына арналған массаж

Балақай жылай бастаған кезде табанына бір тамшы массаж майын (Кез келген массажға арналған май түрі болады) жағып жіберіп, ақырын сипалаймыз. Суретте көрсетілгендей баланың табаны 6 бөлікке бөлінеді.(Суретті жылжытып қараңыз) Бұл алты бөліктің арасында өзге де нүктелер бар. Міне сол нүктелерді жаймен әрі жағымды етіп ыса отырып, баланың қай нүктені ұқалаған кезде өзін жайлы сезінгенін байқауға болады
Баланы ұйықтатар алдында ақырын сипасаңыз жақсы әрі тез ұйықтап кетеді. Бұл ұқалау тек сипап, жайлылық пен рақат силау үшін жасалады. Егерде батырып, саусақ пен табанға күш салатын болсаңыз баланың қан айналымы жылдам жүріп, керісінше ұйқысын ашып жіберуіңіз де мүмкін.

Ал енді табандағы нүктелердің қай бөлігі қандай ағзаға жауапты екенін біліп алыңыз:

1.Бармақтың жоғарғы жағы: Мұрын мен тамақ.

2.Бармақтың төменгі жағы: Тамақ пен тіс.

3. Асқазанның төмені мен қарынның жоғары жағы

4. Қарынның жоғарғы бөлігі

5.Іштің төменгі жағы

6. белден төменгі аймақ.

Қалайсыздар Инста достар пост салмағалы да біраз уақыт өтіп кетіпті.  Ары қарай посты жалғастырсақ 5 жаттығу Омыртқа реф...
25/10/2021

Қалайсыздар Инста достар пост салмағалы да біраз уақыт өтіп кетіпті. Ары қарай посты жалғастырсақ
5 жаттығу
Омыртқа рефлекторық бүгілуі
Баланы оң жақ немесе сол жақ қырымен жатқызыңыз. Омыртқаны бүгу үшін құйрықтан иыққа қарай екі саусақпен сылау керек.
6 жаттығу
Арқаны сылау
Арқаны екі қолдың сырт жағымен құйрыққа мойынға қарай және алақанмен кері қарай мойыннан құйрыққа қарай уқалаңыз

7 жаттығу
Іштің қиғаш бұлшық еттерін сылау
Бұл сылауды балаңыз 2,5 айынан бастап жасауға болады
Екі қолдың саусақтарын кіндік үстіне қосылатындай етіп, екі алақанмен іштің қиғаш бұлшық еттерін жеңіл уқалайды. Мақсаты іштің бұлшық еттерін қатайту

8 жаттығу
Жүзгіш ішпен жатқызып, омыртқа мен аяқтарға салмақ түсіріп бүгу
Баланы оң қолымызға ішпен жатқызамыз сол қолымызбен аяғынан жақсылап ұстап кішкене көтереміз

9 жаттығу
Баланы билету
Бұл жаттығуды бәріңзде жасайтын боларсыздар баланы аяғынан тұрғызамыз.

Көзге оңай онша мән бермей елемей жүрген жаттығуымыз да кейде пайдалы болып жатады.
Сіз қандай жаттығулар жасайсыздар бөлісе отырыңыздар.

12/09/2021

Address

Богенбай батыр
Алматы

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 17:00

Telephone

+77787107145

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when baby_massage_almatyi posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to baby_massage_almatyi:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram