ainura_asankyzy

ainura_asankyzy Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ainura_asankyzy, Doctor, Клочкова 24, Almaty.

Сәлем, Инста әлем! Көптен бері көрінбей кетіп едім.  Отбасы, ошақ қасы, бала-шаға дегендей)  Енді бұйырса жиі шығып тұра...
18/05/2022

Сәлем, Инста әлем! Көптен бері көрінбей кетіп едім. Отбасы, ошақ қасы, бала-шаға дегендей) Енді бұйырса жиі шығып тұрамын 🤗

Аллаға тәуекел етіп бір істі қолға алайын деп жатырмын. Сіздерден тек қолдау күтемін... 😊

22/12/2019

ҚАТЕЛІКТЕР

" ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС ".....

🔹 Қалайсыздар жақсыларым?😍
Өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен ерекшеленген қыс мезгілі көңіл-күйлеріңізге қалай әсер етіп жатыр? ❄️☺️ Ал маған қыс мезгілі қатты ұнайды, сондықтан көңіл-күйім Аллаға шүкір өте жақсы! 🤗 Осындай көңіл-күймен тағы бір пост жазғым келіп отыр 😺🙈

🔹️ Посттың тақырыбымен көңіл-күйім сәйкес келмей тұрған сияқты ма?🤔 Соңына дейін оқыңыз,👇 сосын түсінесіз. 🤗

🔹️ Жалпы бәріміз кішкентай болдық иә, мектеп оқушысы болдық! Сол кездер қандай күшті еді иә, уайым-қайғысы жоқ балалық шақ! 💚 Сол кішкентай кезімізде мектеп қабырғасында оқып жүргенде "Бақылау жұмысын" бәріміз жаздық иә?! Келесі күні апайымыз жұмысымызды тексеріп, бағасын қойып болған соң бізге, яғни оқушыларға "қатемен жұмыс" жасатты ғой? Сіз сол кезде өз жұмысыңызға қарап, қай жерден қателік жібергеніңізді байқайсыз. Сол қателікті келесі жолы қайталамауға тырысасыз.❌ Себебі өзіңіздің қателігіңізді түсіндіңіз!✅

🔹 Дәл сол сияқты қазір де сүріп жатқан өмірімізге "қатемен жұмыс" жасап тұру керек. Мысалы есіңізді білген уақыттан бастап, яғни 5-6 жастан бері сүріп жатқан өміріңізді саралап, електен өткізіп көріңізші... Қаншама қателіктер болды иә? 🤨

🔹️ Бұл жерде қанша қателіктер болғаны маңызды емес! Сол қателіктерді түсіне алдыңыз ба, "қатемен жұмыс" жасай алдыңыз ба сол маңызды.💫 Айтқым келгені, қателік жасау жаман емес. Пенде болып жаратылған соң қателіктер болып тұрады. Ең жаманы => адамның өзінің қателік жасағанын түсінбеуі.😞

🔹️ Өз қателігін түсініп, оны дер кезінде түзете алған ол керемет дүние. Ол да бір үлкен өнер!😊👍 Жалпы мен өз өмірімде қаншама қателіктерге бой алдырыппын. Алланың қалауымен сол қателіктерді түсініп, барынша түзетіп келемін. Өз қатемді білмей қалған жағдайда Аллаһ тағала өз нығметімен, сынақтарымен алдыма әкеп, көрсетіп қояды. Аллаға шүкір мен "қатемен жұмыс" жасай алады екенмін!

🔹️ Ал сіздерше? Өз өмірлеріңізді саралап тұрасыздарма? "Қатемен жұмыс " жасай аласыздар ма?🤔
#қазақ #алматы #смм #асыларна #өмір

ҒАШЫҚПЫН⠀💫 💫 💫Қанша жанның артық қылған жүрегін,❤️Қанша жүрек әлі таппай жүр емін 💔Ешкімнің де орындамас тілегін ❣      ...
21/12/2019

ҒАШЫҚПЫН

💫 💫 💫
Қанша жанның артық қылған жүрегін,❤️
Қанша жүрек әлі таппай жүр емін 💔
Ешкімнің де орындамас тілегін ❣
Қатыгездеу АЛМАТЫ 🔹️

Кәрі таулар тыныштығын күзеткен! 🧐
Ешкімді де қарсы алмайтын ізетпен.. 🤨
Талай-талай бұзықтарды түзеткен! 🤫
Тәкаппарлау АЛМАТЫ 🔹️

Бірде теуіп, бірде тартар өзіне ✋
Бұл қаладан кете алмайсың безіне ✊
Күлдіріп-ап жас толтырар көзіңе ☝️
Құбылмалы АЛМАТЫ 🔹️

💫💫💫 Сіздерде бұл қаланы жақсы көресіздерме ?🤔😍🤗

МЕН ЖАЙЛЫ БІР ҚҰПИЯ⠀МЕН КІММІН?⠀📎 Қалайсыздар алтындарым?🤗😊  Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршамай жақсы жүрсіздерме?😉⠀...
14/12/2019

МЕН ЖАЙЛЫ БІР ҚҰПИЯ

МЕН КІММІН?

📎 Қалайсыздар алтындарым?🤗😊 Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршамай жақсы жүрсіздерме?😉

Осы инстаграмға уатсап ссылкасын қойғалы бері, уатсаптан маған: " НЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙСІЗ? МАМАНДЫҒЫҢЫЗ НЕ?", - деген сияқты сұрақтар келіп жатыр... 👈 Содан бүгін пост жазғым келіп тұр😻

МЕН КІММІН?
👉 Мен С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде ( қазіргі АО НМУ ) 6 курста оқимын. Яғни врач интернмін 👩🏻‍⚕ Десем ары қарай тағы сұрақ туындайды иә? 😌 "Сонда қандай врач боласың, Тағы қанша жыл оқисың?" - деген сияқты🤨🤔 Мен Алла бұйырса келесі жылы 7 курсты бітіремін. Ал мамандығым " Жалпы тәжірибелік дәрігер " ( ВОП - Врач общей практики ). Басқаша айтқанда Семейный врач👩🏻‍⚕👨‍👩‍👧‍👧 Ин ша Аллаһ оқуым біткен соң 3 жыл осы салада жұмыс істеймін.😊🤲 3 жыл міндетті түрде жұмыс істеу қазір барлық уиверде бар шығар иәә?🤔 ( Еще менде ауыл квотасы ғой🙈 )

🔜 Ал узкий специалистке келсек..👉 Алла бұйырса 3 жыл жұмыс істеп болған соң, Резидентураны оқып басқа бағытқа кетуге болады. Бір қызығы 6 жыл оқып жүріп, бағыт бойынша таңдауымыз бірнеше рет өзгерді ғой 😁🤭 ( өзіміздікілер біледі ) Басында Гинеколог болғым келетін😌 Сосын Эндокринолог, Гастроэнтеролог, Педиатр, Сосын былтыр шешімімді Лучевая диагностикаға өзгерттім. 💫 Ал биыл Фтизиатр болуды да ойладым. 🤭 Әр сабақтың өзіне тән қызығына, тіпті мұғалімдерімізге ( сабақ беріп жүрген Врачтарға) қарап, олардың білікті маман иесі екеніне қарап, қызығып шешіміміз өзгеріп отырады ғой. 😻

📎 Сонымен қоса қазіргі кезде СММ, ПММ маманы дамып жатқандығы бәрімізге белгілі. Сол себепті СММ курстарға да қатысып жүрмін 😊👌 Алла бұйырса жақсы жаңалық күтіңіздер. 🤲 Жеке бизнес ашқан кезде де, Блоггер болуға да, интернет магазиндердің СММ маманы болып, тіпті өзіңіздің инстаграмыңызды әдемі жүргізу үшін де бұндай курстарға қатысқанның артықтығы жоқ !☺️👌

📎 Сонымен менде қазірге 2 вариант болып тұр👇
1. Фтизиатр
2. Лучевая диагностика
(Әлде 3. ВОП болып қала беру)

📎 Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Маған қандай бағытты таңдауға кеңес бересіздер? Маған қандай дәрігер болу жарасады? 😊🙈
Комментарииге өз ойларыңызды жазып кетсеңіздер.. 🤗👇
#қазақ #медицина

Address

Клочкова 24
Almaty

Telephone

+77029829500

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ainura_asankyzy posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to ainura_asankyzy:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram

Category