КГП на ПХВ Городская поликлиника 23

КГП на ПХВ Городская поликлиника 23 Уважаемые посетители сайта!
Мы рады приветствовать вас?

ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша түсіндіру іс-шарасы өтті2026 жылғы 17 наурыз күні №23 Алматы қалалық емханасы...
18/03/2026

ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша түсіндіру іс-шарасы өтті

2026 жылғы 17 наурыз күні №23 Алматы қалалық емханасында мекеме директорының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер аясында, атап айтқанда 380-3-бап – медицина қызметкерлерінің қызметіне кедергі келтіру және оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалу деңгейін арттыру, олардың кәсіби қызметіне заңсыз араласудың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты күшейту болды.

Кездесу барысында 380-3-баптың мазмұны кеңінен түсіндіріліп, медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында олардың заңмен қорғалатыны ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану, қорқыту, балағаттау немесе олардың жұмысына кедергі келтіру әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны түсіндірілді.

Іс-шара барысында нақты мысалдар келтіріліп, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары қарастырылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті құқықтық түсіндірмелер алды.

Мекеме басшылығы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау басты назарда екенін атап өтіп, алдағы уақытта да құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Проведено разъяснительное мероприятие по статье 380-3 Уголовного кодекса Республики Казахстан

17 марта 2026 года в городской поликлинике №23 города Алматы с участием директора учреждения было проведено разъяснительное мероприятие для сотрудников по изменениям, внесённым в Уголовный кодекс Республики Казахстан, в частности по статье 380-3, касающейся ответственности за воспрепятствование деятельности медицинских работников и противоправные действия в отношении них.

Основной целью мероприятия стало повышение уровня правовой защищённости медицинских работников, предупреждение незаконного вмешательства в их профессиональную деятельность, а также укрепление правовой грамотности сотрудников.

В ходе встречи было подробно разъяснено содержание статьи 380-3, отмечено, что медицинские работники находятся под защитой закона при исполнении своих служебных обязанностей. Особое внимание было уделено тому, что применение насилия, угроз, оскорблений, а также любые действия, препятствующие работе медицинских работников, влекут за собой уголовную ответственность.

В рамках мероприятия были приведены практические примеры, рассмотрены меры по предупреждению подобных правонарушений. Участники активно задавали интересующие их вопросы и получили исчерпывающие разъяснения.

Руководство учреждения подчеркнуло, что обеспечение безопасности и защита прав медицинских работников являются приоритетными задачами, и в дальнейшем планируется на регулярной основе проводить подобные разъяснительные мероприятия.

20/11/2025
Құрметті тұрғындар!Емханамызда тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде.Вакцина — тұмаудан қорғанудың ең тиімді тәсілі! Вакц...
10/10/2025

Құрметті тұрғындар!
Емханамызда тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде.
Вакцина — тұмаудан қорғанудың ең тиімді тәсілі!
Вакцина тегін салынады
Келіңіз, өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғаңыз!

01- 06.10.2025 жылы аралығында Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы қарттар күніне орай салал...
10/10/2025

01- 06.10.2025 жылы аралығында Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы қарттар күніне орай салалы мамандардың қатысуымен тұрғындарға арнап ашық есік күнін өткізді. Айтулы іс-шараның мақсаты:
- қарт тұрғындарының денсаулығын жақсарту ;
- аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау;
- профилактикалық тексерістер мен кеңестер арқылы халықтың медициналық сауаттылығын күшейту.
Іс-шара барысында жүріп-тұруы қиындаған егде жастағы тұрғындарға үй жағдайында профилактикалық тексеріс жүргізіліп, дәрігерлердің кеңестері берілді. Сондай-ақ, емханада тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»,» « Жаяу жүрудің пайдасы» атты ақпараттық парақшалар таратылды.

Address

Жалайыр 34
Almaty
050058

Opening Hours

Monday 08:00 - 20:00
Tuesday 08:00 - 20:00
Wednesday 08:00 - 20:00
Thursday 08:00 - 20:00
Friday 08:00 - 20:00
Saturday 09:00 - 14:00
Sunday 09:00 - 14:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when КГП на ПХВ Городская поликлиника 23 posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to КГП на ПХВ Городская поликлиника 23:

Share