Shans Almaty

Shans Almaty Культура востока

«Си Цзиньпин партия тарихын баяндайды» кітабы туралы қысқаша түсінік:ҚКП Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин – ж...
14/08/2025

«Си Цзиньпин партия тарихын баяндайды» кітабы туралы қысқаша түсінік:
ҚКП Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин – жақсы оратор. Оның әр баяндамасы мәнді, үлгілі. Ол жиі Қытай тарихы, халқы,билік басындағылардың кәсіби этикасы мен адамгершілік борышы, халық дәстүрін сақтаудың маңыздылығы туралы баяндайды.
Кітапта үзінділері ұсынылған баяндамаларын Си Цзиньпин Қытайдың ішінде де, шетелде де оқыды. Кітаптағы мәтінге ҚКП Орталық комитетінің «Жэньминь жибао» ресми газетінің редакторлары қосымша түсіндірме береді.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

«Әсем көріністі өлке» Автор: Ван Мэн. 1-2-том.«Әсем көріністі өлке» – Ван Мэннің 1960-1970 жылдары Шыңжаңдағы ауылдық же...
24/02/2025

«Әсем көріністі өлке»
Автор: Ван Мэн. 1-2-том.

«Әсем көріністі өлке» – Ван Мэннің 1960-1970 жылдары Шыңжаңдағы ауылдық жерге жіберіліп, жұмыс істеген кезінде жазған романы.
Романда ауыл адамдарының тұрмысын суреттеудің шеберіне айналған жазушы оларды әр түрлі образдарда бейнелей отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылыққа толы мінездерін шиеленісті оқиғалар арқылы ширатып отырады.
Романда қытай мен ұйғыр халқының ерекше тарихи кезеңдегі өмірі, сонымен қатар екі ұлт халқының өзара ынтымақты бірлік жағдайындағы тыныс-тіршілігі шынайы көрініс тапқан.
Романның сюжеті қат-қабат тартысты қайшылықтар мен шиеленістерге толы.
Оқиға желісі оқырманды қызықтырып отырады, кейіпкер образдары автор қолтаңбасына лайықты сөз сиқырын, сөз өнерінің мәйегін ашып, жергілікті тіл ерекшелігіне тән әзіл-оспақ, әжуа, мысқыл арқылы қайталанбас көркемдік сипатқа ие болған.

Онлайн тапсырыс беруге болады

Великие археологические откртыия КитаяКитайская археология - это область археологии, которая изучает историю и культуру ...
19/02/2025

Великие археологические откртыия Китая
Китайская археология - это область археологии, которая изучает историю и культуру Китая и его древних цивилизаций. Китайская археологи имеет долгую историю, начиная с эпохи неолита и заканчивая современными периодами истории Китая.
Одним из наиболее известных археологических памятников Китая является город Шан, который был основан в 1600 году до н. э. и существовал до 1046 года до н.э. В Шан были найдены многочисленные артефакты, включая керамические изделия, бронзовые орудия труда и оружие, а также каменные скульптуры и рисунки на стенах.
Другим известным археологическим памятником является город Сиань, который находился на территории современной провинции Шэньси. Здесь были найдены останки городов и поселений, которые датируются 4000-3000 годами до н.э., а также многочисленные артефакты времен династии Хань.
В Китае также проводились раскопки на многих других археологических памятниках, включая гробницы, храмы и поселения. Эти исследования помогли ученым лучше понять историю и культуру древнего Китая и его соседей.
Сегодня китайская археология продолжает развиваться и привлекать внимание ученых со всего мира. Раскопки проводятся на новых археологических объектах, таких как города и поселения, которые ранее не были изучены. Кроме того, китайские археологи продолжают исследовать древние артефакты и находить новые материалы, которые помогают лучше понять историю Китая.

Издательство Шанс

«Жаназа» танымал қытай авторларының бірі Хо Даның қаламына тән роман.Романда дүнген ұлтты нефрит бұйым жасайтын хас шебе...
16/01/2025

«Жаназа» танымал қытай авторларының бірі Хо Даның қаламына тән роман.

Романда дүнген ұлтты нефрит бұйым жасайтын хас шебер Хань Цзыци өміріндегі
бел-белестер, ойлы-қырлы тағдыры тамаша суреттеледі.
Тарихи оқиғалар аясында кейіпкерлердің тағдыры қалай өзгеріп отырды? Басты кейіп-
керлер мақсат-мұратқа жету жолындағы сан қилы азаптарды қалай еңсереді?
Адам өмірінің
аяғына дейін өз ұстанымы мен кәсібіне деген махаббатын сақтап қала алама?
Осы сұрақтарға кітап беттерінен жауап табуға болады.

“Шығыс әдебиеті”баспа компаниясы

Онлайн тапсырыс беруге болады!

«Қытай коммунистік партиясының тарихы бойынша он екі дәріс» кітабы ҚКП Партия мектебі директорының орынбасары Се Чуньтао...
11/12/2024

«Қытай коммунистік партиясының тарихы бойынша он екі дәріс» кітабы ҚКП Партия мектебі директорының орынбасары Се Чуньтаоның Орталық партия мектебінің сегіз профессорымен бірлесіп жазған танымал еңбегі.
Кітапқа дәрістердің стенографиялық тәсілмен сөзбе-сөз жазылған жинағы қамтылған. Онда Қытай коммунистік партиясының қытай ұлтына өркендеуге, қуатты да бақуатты ел болуға ықпал еткен тарихи жетістіктері баяндалады. Еңбекте Қытай коммунистік партиясының ел басқарудағы табысты тәжірибесі жалпыланып, коммунистік партияның осы бағыттағы жұмыс тәсіліне егжей-тегжей түсінік береді.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
“Шығыс әдебиеті” баспа компаниясы
✅онлайн тапсырыс беруге болады

Әдеби достық шуағы     18 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ-қытай әдеби байланысын әспеттейтін «Әдеби достық шуа...
20/09/2024

Әдеби достық шуағы
18 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ-қытай әдеби байланысын әспеттейтін «Әдеби достық шуағы» атты халықаралық іс-шара өтті. Кездесуді ұйымдастырған Қытайдағы «Шыңжаң газеті» редакциясы мен Қазақстандағы «Көршілес» журналының редакциясы, «Бейжің Шанс халықаралық мәдени алмасу» ЖШС, «Шығыс әдебиеті баспасы, ҚР Ұлттық кітапханасы.
Кездесуді ақын, аудармашы Саят Қамшыгер жүргізіп, алғашқы сөзді алған Алматыдағы Қытай бас консулдығының вице-консулы Люй И мырза іс-шараның маңызына тоқталып, әдеби-мәдени байланыстарды қолдайтынын білдірді. Ақын, журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов қазақ-қытай мәдени байланыстары, атқарылып жатқан әдеби жобалар, танымал қаламгерлердің шығармалары жайлы сөз қозғады. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы сөз сөйлеп, екі жырын оқыды.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан келген ғалым, қытайтанушы Қайрат Ғабитханұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ержан Керімбаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жолдыбай Мұзафаров екі халықтың әдеби-мәдени байланыстары жайлы сөйледі. Жетігенші Тұрсынай Әлібекқызы қазақтың ұлттық әуендерін тамылжыта орындаса, дәстүрлі әнші Мадияр Өмірғалы «Дударай» әнін шырқады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Таң дәуірі поэзиясын, Либайдың жырларын мәнерлеп оқыды. Іс-шараны «Шығыс әдебиеті» баспасының басшысы Жеңіс Омар қорытындылады.

“Қытай тарихындағы ғылыми өнертабыстар”Қытай адамзат өркениетінің аса маңызды тапқырлықтарының, соның ішінде ежелгі Қыта...
11/01/2024

“Қытай тарихындағы ғылыми өнертабыстар”

Қытай адамзат өркениетінің аса маңызды тапқырлықтарының, соның ішінде ежелгі Қытайдың төрт өнертабысы: қағаз, оқ-дәрі, тұсбағдар және кітап баспасының (ксилография және терілетін шрифтердің) отаны саналады.

Қытайлықтар тағы механика, гидравлика, уақыт өлшеу қосымшасындағы математика, металлургия, астрономия, ауыл шаруашылығы, механизмдерді құрастыру, музыка теориясы, өнер, теңізде жүзу және соғыс жүргізу тәсілдері саласында бірегей технологияларды ойлап тапқан.

Қытай мәдениенің әлем мәдениетіне қосқан үлесі орасан. Мысалы, мың жылдар бұрын қағаз бен жазуға қажетті сияны ойлап тапқан. Шамамен сол дәуірде Қытайда жазу-сызу да қалыптасады. Елдегі қарқынды даму дәл сол жазу-сызудың пайда болуымен басталады.

Алайда Қытай мәдениеті қандай болмасын, бүгінде ол басқа да ұлы мәдениеттер сияқты бүкіләлемдік мәдениеттің игілігі саналады.
Кітапта авторлар Қытайдың бай тарихы жайлы баяндай отырып, осындай мәдени игіліктері, таңғажайып өнертабыстары жайлы мәліметпен бөліседі.

Кітап жалпы оқырман қауымына арналған.

“Шығыс әдебиеті” баспа компаниясы

21/11/2023
https://almaty-akshamy.kz/kaskirlar-patshayimi
16/11/2023

https://almaty-akshamy.kz/kaskirlar-patshayimi

Бұл мүмкін нарық талабы шығар, дегенмен кітапты сүйіп оқитын оқырманға көркем шығарма қажет. Сондай құнды еңбектің бірі - «Шығыс әдебиеті және өнері» баспасынан жа...

2023 «Бір жол бір белдеу» баспа ынтымақтастығын бірлесіп құру жөніндегі форумыБірінші кезекті Қытай-Орталық Азия бапа ын...
07/11/2023

2023 «Бір жол бір белдеу» баспа ынтымақтастығын бірлесіп құру жөніндегі форумы
Бірінші кезекті Қытай-Орталық Азия бапа ынтымақтастығы форумы
2023 жылдың 24 қазанында «Халықаралық баспа ынтымақтастығын бірлесіп құру, жаһандық өркениет бастамаларын жүзеге асыру» тақырыбы айясында «Бір жол бір белдеу» халықаралық баспа ынтымақтастығы форумы және Қытай-Орталық Азия баспа ынтымақтастығының алғашқы форумы Астана қаласында өтті. Бұл реткі форум «Бір жол бір белдеу» халықаралық баспа ынтымақтастығы жөніндегі 3-ші форумының көпжақты бірлескен қорытынды құжаттар тізіміне енді. Сонымен қатар Қытай Халықтық университеті баспа үйінің «Бір жол бір белдеу» жобасындағы тағы бір айтулы жетістігі болды.

Формға қатынасқан делегаттар
Бұл реткі форумға мемелекеттік баспасөз қызметі жетекшілік етті. Қытай Халықтық университеті мен Қазақстан Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырды. Қытай Халықтық университеті баспа үйі мен Қазақстан Еуразия ұлттық университетінің «Баспасөз орталығы», «Бір жол бір белдеу» бастамасы бойынша баспа ынтымақтастығы және Халықаралық мәдени алмасу альянсы бірлесіп атқарды. Қытай Халықтық университеті партия комитетінің хатшысы Чжан Дунган мен Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі Син Фанфан форумға қатысып, сөз сөйледі. Форумға Қазақстан Еуразия ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақыш Серік, стратегиялық даму жөніндегі проректор Думан Ремазан және Ли Юнцян т.б. келді.

Кездесуге Орталық Азияның бес елінен, соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстаннан 70-тен астам баспа мекемелерінің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Чжан Дунган өз сөзінде бұл форумды шақыру «Бір жол бір белдеу» жобасының 10 жылдығына орай баспа индустриясы, сондай-ақ бірлескен сапалы жұмыс негізінде «Бір жол бір белдеу» стратегиясының талаптарын терең зерттеу, іске асыру жолындағы маңызды шара екеніне тоқталып, Қытай Халықтық университеті баспа үйі мен «Бір жол бір белдеу» жобасы баспа ынтымақтастығын нығайтып, байланыс көпірі ретінде маңызды рөл атқарып, өркениеттердің қатар дамып өмір сүруді ұстану арқылы Қытай мен Орта Азия елдерінің мәдени мұрасын жалғастыру; өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту; Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдени алмасуларды тереңдету; өзара білім алуға жәрдемдесу, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия елдерінің ортақ дамуына атсалысу деді.

Син Фанфан Қытай Халықтық университеті баспа үйі Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейінгі алғашқы университет баспа үйі ретінде «Бір жол бір белдеу» баспа ынтымақтастығын бірлесіп құруға бастамашы болғанын және баспа ісін ілгерлету жолындағы маңызды ролын құаттады. Ол тағы баспа кооперативі құрылғаннан бері пайдалы ізденістерді белсенді жүргізіп, көптеген жемісті жұмыстар атқарғанын, бұл «Бір жол бір белдеу» жобасына қатысушы елдердің жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуға тиімді ықпал еткенін, жоғары білім беру, кітап аудару және баспа ісі саласындағы ынтымақтастық дамығанын атап өтті.

Мақыш Серік Қытай Халықтық университетінің баспа үйі мен Еуразия ұлттық университетінің баспа үйі әрқашан тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста болғанын, олар бір-біріне бірнеше рет барып, Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде мәдени алмасу іс-шараларын бірлесіп ұйымдастырғанын айтып, алдағы уақыттағы ынтымақтастыққа тоқталды. Ол сондай-ақ Қытай мен Қазақстанның жоғары білім саласындағы ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуді және екіжақты білім беру саласындағы ынтымақтастық пен алмасуды бірлесіп ілгерілетуге көбірек үлес қосуды атап өтті.

Ли Юнцян «Бір жол бір белдеу» баспалар ынтымақтастығы ұйымының төрағасы ретінде «Мәдени байланыс және өзара көмекті ілгерлету арқылы жоғары сапалы басылымдарды көбейту» тақырыбымен қорытынды баяндама жасады. Оның айтуынша, кооператив құрылған күннен бастап бас хатшы Си Цзиньпиннің сөзінің рухын жүзеге асырып «Бір жол бір белдеу» жобасы аясында елдегі баспа ісінің өркендеуіне зор үлес қосты. Кооператив алдымен бейбіт түрде ынтымақтастықты нығайтып ашықтық негізінде баспа ынтымақтастығы платформасын құрды, бұл «Бір жол бір белдеу» жобасына қатысатын баспа агенттіктерінің оң бағасы мен қолдауына ие болды. Екіншіден, кооператив ашықтық пен кең пейілділік рухын насихаттап, қызметкерлер арасында өзара түсіністік пен іскерлік байланыстарды тиімді нығайтатын көпжақты өркениетті диалогтар мен алмасулар жүргізді. Үшiншiден, кооперация Қытай мен шетелдiк өркениеттiң ықпалдасуына жәрдемдесу мақсатында өзара бiлiм беріп, үйрену рухын кемелдендіріп, Қытай мен шет елдер арасында кiтап басып шығару саласындағы алмасуды жалғастырды. Соңында, кооператив өзара тиімділік пен «табысқа жету» рухын насихаттап, кооперацияға мүше бөлімшелердің, әсіресе Орталық Азиядағы баспа ынтымақтастығының дамуына ықпал етті деді.

Бұл форум «Бір жол бір белдеу» бойындағы елдерінің баспа саласындағы ынтымақтастығын жоғары деңгейге көтерді. Форум және «Бір жол бір белдеу» баспа ынтымақтастығы аясында Қытай-Орталық Азия елдері баспа ынтымақтастығын нығайтып, Орталық Азияның бес еліндегі баспалардың оң бағасын алып, бірлескен декларация жариялады. Форумға қатысушылар Қытай мен Орталық Азия елдері баспа саласындағы ынтымақтастығының үлкен әлеуеті бар екенін және Қытай мен Орталық Азия баспа ынтымақтастығы механизмінің рөлі толық екенін, ынтымақтастық ауқымын жан-жақты арттыруға, баспагерлер ісін ілгерілетуге дайын екендіктерін білдіріп, әртүрлі нысандары арқылы тәжірибе алмасуға болатынын айтты.

Форум сондай-ақ Орталық Азия елдерінде қытай үлгісіндегі модернизацияның тарихын баяндайтын және Орталық Азиядағы модернизацияның дамуына анықтамалық беретін «Қытай үлгісіндегі модернизацияны зерттеу сериясы» (бірінші том) атты еңбекті қазақ және өзбек тілдерінде шығуына мұрындық болды.

Қытай Халықтық университеті партия комитетінің хатшысы Чжан Донган мен экс- ректор Лю Вэй құрастырып редакциялаған «Қытай үлгісіндегі модернизацияны зерттеу сериясы» «Қытай үлгісіндегі модернизацияның» теориялық және практикалық мәселелерін терең саралап, жоғары деңгейлі философиялық, әлеуметтік ғылымдардың зерттеу нысандарын біріктірген кітап. Еңбек «Қытай үлгісіндегі модернизацияны» тірек сөз ретінде пайдаланып, социалистік модернизацияның тарихи тәжірибесін, теориялық логикасын, практикалық мәселелерін, болашақтағы даму бағыттарын жүйелі түрде зерттеп, сұрыптап, Қытай даму жолын, Қытай елін біртұтас басқаруды терең түсіндіреді. «Қытай үлгісіндегі модернизацияны зерттеу сериясы» қазіргі уақытта ағылшын, қазақ, өзбек және малай тілдеріндегі нұсқалары жарық көрді.

«Әсем көріністі өлке» Автор: Ван Мэн. 2-том.«Әсем көріністі өлке» – Ван Мэннің 1960-1970 жылдары Шыңжаңдағы ауылдық жерг...
27/04/2023

«Әсем көріністі өлке»
Автор: Ван Мэн. 2-том.

«Әсем көріністі өлке» – Ван Мэннің 1960-1970 жылдары Шыңжаңдағы ауылдық жерге жіберіліп, жұмыс істеген кезінде жазған романы.
Романда ауыл адамдарының тұрмысын суреттеудің шеберіне айналған жазушы оларды әр түрлі образдарда бейнелей отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылыққа толы мінездерін шиеленісті оқиғалар арқылы ширатып отырады.

Романда қытай мен ұйғыр халқының ерекше тарихи кезеңдегі өмірі, сонымен қатар екі ұлт халқының өзара ынтымақты бірлік жағдайындағы тыныс-тіршілігі шынайы көрініс тапқан.

Романның сюжеті қат-қабат тартысты қайшылықтар мен шиеленістерге толы.

Оқиға желісі оқырманды қызықтырып отырады, кейіпкер образдары автор қолтаңбасына лайықты сөз сиқырын, сөз өнерінің мәйегін ашып, жергілікті тіл ерекшелігіне тән әзіл-оспақ, әжуа, мысқыл арқылы қайталанбас көркемдік сипатқа ие болған.

Шығыс әдебиеті баспасы

Қытайдың тағылымды әңгімелері.Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілі...
06/04/2023

Қытайдың тағылымды әңгімелері.

Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ғана ардақталады. Сондықтан қытай халқының адамгершілік тәрбиесінде адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, парасатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруге, жалпыадамзаттық құндылықтарға үлкен маңыз беріледі. «Қытайдың тағылымды әңгімелер» жинағына ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, өзіне сенімді, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеуге ықпалын тигізетін әңгімелер топтастырылған.
“Шығыс әдебиеті” баспа компаниясы

Address

Abay Str. 34/96, Masanchy
Almaty

Telephone

+77087445013

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Shans Almaty posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Shans Almaty:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram