02/06/2026
“Массаж”сөзі- араб тілінен аударғанда жанасу сипалау деген мағынаны білдіреді.Негізгі мағнасы арнайы қимылдармен адам денесіне белгілі жуйемен механикалық әсер ету болып табылады.
Сонымен қатар қан айналым жүйесін жақсарту үшін, қысылып қалған нерв жүйесін босату,қатып қалған бұлшық еттерді босаңсыту үшін қолданамыз. Массаждан кейін өзіңізді жеңіл сезініп, рахаттанып қаласызғой, міне дәл сол секілді тіл, жақ ерін бұлшық еттерінеде массаж керек.
Себебі тілде жақта бұлшық етті мүше. Олардыңда қатып қалуы немесе тым бос болуы, жоғары немесе төмен тонуста болуы мүмкін.
Ал бұл денемізді ауыртып мазалаганындай, кейбір дыбыстарды айтуда, тіптен сөйлеудеде кері әсерін тигізеді.
Әр дыбыстың артикуляциясы болады, әр дыбысты айтканда ерін, тіл, бет бұлшық еттері әр түрлі формада болады. Егер нервтар қылған болса мидан сигнал келмей, ауыздың ашылуы, тілдің оз формасын қалыптастыруы қиындай түседі.
Логопедиялық массаж арқылы қатайған бұлшық еттерді босатуға, төмен тонустағы бос бұлшық еттерді катайтуға болады.