Центр фтизиопульмонологии г.Алматы

Центр фтизиопульмонологии г.Алматы КГП на ПХВ "Центр фтизиопульмонологии" УЗ г.Алматы ГКП на ПХВ "Межрайонный противотуберкулезный диспансер" УЗ г.Алматы

21/05/2026

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында фтизиопульмонология орталығында «Таза бейсенбі» өтті. Қызметкерлер аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсене қатысып, айналаны қоқыстан тазартып, гүлзарлар мен жұмыс аумақтарын ретке келтірді.

Осындай шаралар тазалық пен тәртіпті сақтауға ғана емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға, ұжымдық бірлікті нығайтуға және баршаға жайлы орта құруға ықпал етеді.

Барлық қатысушыларға белсенділігі, еңбегі және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз! Бірге қаламызды таза әрі көрікті етеміз!

#ТазаҚазақстан #ТазаБейсенбі #Экология #Алматы #Тазалық Сенбілік

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК Мониторинг және бағалау бөл...
20/05/2026

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК Мониторинг және бағалау бөлімінің мамандары №5 Қалалық клиникалық ауруханада және №23 Қалалық емханада туберкулезге қарсы іс-шаралардың ұйымдастырылуына мониторинг жүргізді.
Сапар барысында пациенттерді жүргізу сапасы, туберкулезге күдікті тұлғаларды уақтылы анықтау және тексеру, сондай-ақ диагностика мен диспансерлік бақылау алгоритмдерінің сақталуы бағаланды.
Медицина қызметкерлерін жұмыс орнында оқытуға ерекше назар аударылды. Мамандардың білім деңгейін арттыру мақсатында оқу ұйымдастырылып, сабаққа дейінгі және кейінгі тестілеу жүргізілді. Бұл өткізілген оқытудың тиімділігі мен материалды меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.
Оқыту аясында туберкулезді ерте анықтау, пациенттерді бағыттау, инфекциялық бақылау және есептік-есеп беру құжаттамасын жүргізудің өзекті мәселелері қарастырылды.
Осындай көшпелі мониторингтер мен оқыту іс-шаралары медициналық көмектің сапасын арттыруға және Алматы қаласының туберкулезге қарсы қызметін жетілдіруге ықпал етеді.

#Алматы #ФтизиопульмонологияОрталығы #Туберкулез #Мониторинг #ДенсаулықСақтау

Специалистами отдела мониторинга и оценки КГП на ПХВ «Центр фтизиопульмонологии» УОЗ г. Алматы проведен мониторинг организации противотуберкулезных мероприятий в ГКБ №5 и в Городской поликлинике №23.
В ходе визита была проведена оценка ведения пациентов, своевременности выявления и обследования лиц с подозрением на туберкулез, а также соблюдения алгоритмов диагностики и диспансерного наблюдения.
Особое внимание уделено обучению медицинских работников на рабочем месте. Для повышения уровня знаний специалистов организовано обучение с проведением тестирования до и после занятий, что позволило оценить уровень усвоения материала и эффективность проведенного обучения.
В рамках обучения рассмотрены актуальные вопросы раннего выявления туберкулеза, маршрутизации пациентов, инфекционного контроля и ведения учетно-отчетной документации.
Подобные выездные мониторинги и обучающие мероприятия способствуют повышению качества оказания медицинской помощи и совершенствованию противотуберкулезной службы города Алматы.

20.05.2026ж. Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және бағалау бөлімінің қызметкерлері Open Medic...
20/05/2026

20.05.2026ж. Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және бағалау бөлімінің қызметкерлері Open Medical Channel жеке медициналық орталығына мониторингтік сапар жүргізді.

Мониторинг барысында туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, туберкулезге күдікті пациенттерді анықтау және бағыттау алгоритмдерінің сақталуы, сондай-ақ медициналық құжаттаманы жүргізу сапасы бағаланды. МжБ бөлімінің мамандары медициналық көмектің сапасын арттыру және қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Туберкулезді уақтылы анықтау, фтизиатриялық қызметпен өзара іс-қимыл жасау және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.20.05.2026 года сотрудниками отдела Мониторинга и оценки Центра фтизиопульмонологии города Алматы проведён мониторинговый визит в частный медицинский центр Open Medical Channel.

В ходе мониторинга была проведена оценка организации противотуберкулезных мероприятий, соблюдения алгоритмов выявления и маршрутизации пациентов с подозрением на туберкулез, а также ведения медицинской документации. Специалистами оМиО даны методические рекомендации по повышению качества оказываемой медицинской помощи и соблюдению действующих нормативных требований.

Особое внимание уделено вопросам своевременного выявления туберкулеза, взаимодействия с фтизиатрической службой и усиления санитарно-эпидемиологических мероприятий.

20.05.2026ж. Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында Орталық әкімшілігінің «АНЗУД» ЖШС күзет фирмасының өкілдер...
20/05/2026

20.05.2026ж. Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында Орталық әкімшілігінің «АНЗУД» ЖШС күзет фирмасының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында күзет қызметінің жұмысын жетілдіру, пациенттердің, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өткізу және ішкі объектілік режимді күшейту мәселелері талқыланды. Кезектен тыс жағдайларға жедел әрекет ету, күзет қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтау және күзет қызметі мен Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар қолданыстағы проблемалық мәселелерді қарап, объектіні күзетуді ұйымдастыруды жақсарту, қоғамдық тәртіпті нығайту және Орталық аумағында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету бойынша алдағы шараларды айқындады.

Орталық әкімшілігі күзет қызметінің тиімді әрі үйлесімді жұмысы медициналық ұйымның тұрақты қызметін қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі екенін атап өтті.

20/05/2026

20.05.2026ж. Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында әкімшіліктің бөлімше басшыларымен апта сайынғы жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында Орталық қызметінің өзекті мәселелері, өткен аптаның жұмыс қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, медициналық көмектің сапасын арттыру, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау және бөлімшелер жұмысының көрсеткіштеріне мониторингті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бөлімше басшылары ағымдағы қызмет бойынша есептерін ұсынып, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, емдеу-диагностикалық үдерісті одан әрі жетілдіру және қойылған міндеттердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.

Мұндай жұмыс кездесулері тұрақты түрде өткізіліп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, командалық жұмысты нығайтуға және Орталықтың барлық қызметтерінің тиімді үйлестіруін қамтамасыз етуге бағытталған.

16/05/2026

15.05.2026г.В Городской поликлинике №30 проведён мониторинг информационно-разъяснительной работы по профилактике туберкулёза с участием сотрудников НПО «Ассоциация молодых медиков Алматы» и социального работника Центра фтизиопульмонологии.
Во время мониторинга оценивалось качество информирования населения о мерах профилактики и лечения туберкулёза, а также регулярность трансляции тематических видеороликов на LED-экранах поликлиники.
Проведение подобных мониторингов способствует повышению уровня информированности населения и формированию ответственного отношения к своему здоровью.
#Туберкулез #Профилактика #Алматы #МолодыеМедики #ЦентрФтизиопульмонологии ЗОЖ

15.05.2026ж. Алматы қаласы ФО мониторинг және бағалау (МжБ) бөлімінің мамандары Гүлшара Ақбаева мен Гүлназ Сембекова №30...
16/05/2026

15.05.2026ж. Алматы қаласы ФО мониторинг және бағалау (МжБ) бөлімінің мамандары Гүлшара Ақбаева мен Гүлназ Сембекова №30 қалалық емханада мониторинг жүргізді.
Мониторингтік іс-шара барысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың ұйымдастырылуы, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы және медициналық құжаттаманың жүргізілу сапасы бағаланды. Сонымен қатар, туберкулезді ерте анықтау, пациенттерді уақтылы тексеру және халық арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
МжБ бөлімінің мамандары медицина қызметкерлеріне жұмыс орнында семинар өткізіп, туберкулездің алдын алу мен ерте анықтау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, профилактикалық және диагностикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар берілді.
Осындай мониторингтік сапарларды өткізу медициналық көмектің сапасын арттыруға, туберкулезді ерте анықтау жүйесін нығайтуға және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

#АлматыФО #30Емхана #Мониторинг #Туберкулез #денсаулықсақтау

15.05.2026 ж. Алматы қаласындағы №4 перзентханада Фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау бөлімінің мама...
16/05/2026

15.05.2026 ж. Алматы қаласындағы №4 перзентханада Фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау бөлімінің мамандары Элвира Мухамедкаримкызы мен Гүлмира Садықова мониторингтік іс-шара жүргізді.

Мониторинг барысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың ұйымдастырылуы, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы және медициналық құжаттаманың жүргізілуі бағаланды. Сонымен қатар, туберкулезді ерте анықтау, пациенттерді бағыттау және жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

МжБ бөлімінің мамандары медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысып,  өзекті мәселелерін талқылады және жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар берді.

Осындай мониторингтік іс-шараларды өткізу медициналық көмектің сапасын арттыруға, сондай-ақ туберкулездің алдын алу және оны ерте анықтау шараларын күшейтуге ықпал етеді.

#ФтизиопульмонологияОрталығы #Алматы #4Перзентхана #Мониторинг #денсаулықсақтау

15/05/2026

2026 жылғы 15 мамырда Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында Орталық әкімшілігінің құрылымдық бөлімше басшыларымен кезекті жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, ай сайынғы жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы мәселелері қаралды.
Туберкулез бойынша клиникалық хаттамалардың сақталуын бақылау, дәрілік қамтамасыз ету, амбулаториялық және стационарлық емнің тиімділігі, сондай-ақ ҰТНР (НРБТ) ақпараттық жүйесінде туберкулезбен ауыратын науқастардың емдеу мерзімдерінің өзгерістерін уақтылы мониторингтеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Орталық басшылығы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейту, атқарушылық тәртіпті арттыру және қызмет жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Тұрақты түрде өткізілетін жұмыс кеңестері өзекті мәселелерді жедел шешуге, бөлімшелер қызметін үйлестіруге және Орталық жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
#Алматы #Фтизиопульмонология #ДенсаулықСақтау #Туберкулез #ФтизиопульмонологияОрталығы

15.05.2026г. в Центре фтизиопульмонологии города Алматы состоялось оче

14/05/2026

2026 жылғы 14 мамырда Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында жоспарлы қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында орталық қызметкерлері қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін сақтай отырып, ғимараттан баспалдақ арқылы ұйымдасқан түрде эвакуацияланды. Эвакуациядан кейін барлық қатысушылар қауіпсіз аймаққа жиналды.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Сейсмикалық жаттығуға белсенді, тәртіпті және жауапкершілікпен қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз!

#Сейсможаттығу #Қауіпсіздік #Алматы #Фтизиопульмонология #ТЖДайындық

14 мая 2026 года в Центре фтизиопульмонологии города Алматы была проведена плановая городская сейсмотренировка.
В ходе тренировки сотрудники центра организованно эвакуировались из здания по лестничным маршам, соблюдая правила безопасности и порядок действий при чрезвычайных ситуациях. После эвакуации все участники собрались в безопасной зоне.
Проведение подобных мероприятий позволяет повысить готовность персонала к действиям в случае �

14/05/2026

2026 жылғы 14 мамырда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының аумағында дәстүрлі «Таза бейсенбі» апталық акциясы өткізілді.
Орталық қызметкерлері мекеме аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына белсенді қатысты: аула аумағы тазартылып, тротуарлар ретке келтірілді, қоқыстар жиналып, жасыл аймақтар абаттандырылды.
Мұндай іс-шаралар тазалықты сақтауға, сондай-ақ пациенттер мен қызметкерлер үшін жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, жауапкершілігі және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
#ТазаҚазақстан #ТазаБейсенбі #Алматы #Фтизиопульмонология #ТазаКазахстан

Address

г. Алматы, Улица Дегдар д. 45
Almaty
050030

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Центр фтизиопульмонологии г.Алматы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Центр фтизиопульмонологии г.Алматы:

Share

Category