06/12/2019
Кешегі жағдай, бүгінгі пост👩⚕️
Заңға сәйкес, камелетке толмаған балаға пиротехника сатуға тыйым салынған және тек мамандандырылған дүкендерде рұқсат етіледі. Бірақ бұл талаптар іс жүзінде қаншалықты сақталады, бұл улкен сұрақ...❓ Бүгін мен осы постты жазу себебім, мектеп жанындағы мектепте камелетке толмаған балаға пиротехника сатқаны. 8-жастағы бала мектептің жанындағы дүкенге барып, "Сіздерде хлопушка барма"- деп сұрайды, дүкенші дым болмағандай "Ия, бар" -деп, 200тенгеге "хлопушка" мен "зажигалканы" сата салады.
Неліктен бұл сұрақ бақыланбайды? ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК Акимат Города Алматы Бакытжан Сагинтаев Қалайша мұндай «ойыншықтар» балалардың қолына оңай түсуде? Жыл сайын Жаңа жылдық мерекелер кезінде осы пиротехниканы дұрыс қолданбағанның әсерінен жарақат пен күйік туралы статистика өкінішке орай өсіп барады. Бірақ бұл жағдай ешкімді толғандырып жатқан жоқ сияқты.
Кез-келген нәрсенің логикалық тұрғыда қажеттілігі болуы керек. ал мына пиротехниканың қажеттілігі НЕДЕ????, менің логикама сыймай жатыр.
Өрт сөндірушілерге не қажет?????
Кімге қуаныш?
Құқық қорғау органдары бұны қадағалай алмаса, бұл мәселені жергілікті биліктің бақылауына алу керек сияқты. Барлық дүкендерді, әсіресе мектеп айналасындағы дүкендердің барлығын тексерсеңіздер. Бізде медицинада "тайный пациент" деген ұғым бар, мүмкін сіздерде сол ұғыммен жұмыс істеп көресіздер дүкеншілермен.
Бір ғана ұтымды жолы мен шешімі - пиротехникалық өнімдерді сатуға және қолдануға толық тыйым салу. Жаңа жыл және басқа да мерекелер үйге қуаныш пен шаттық әкелуі керек.
#пиротехника❌ #балаларымызаманболсын