ГКП на ПХВ ГП 36

ГКП на ПХВ ГП 36 КГП на ПХВ "Городская поликлиника № 36"
Наурызбайский р

НӘРЕСТЕГЕ НЕЙРОСОНОГРАФИЯ МЕН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДОППЛЕРОГРАФИЯ НЕ ҮШІН ЖАСАЛАДЫБұл туралы №36 қалалық емхананың ультрадыбыс...
29/01/2026

НӘРЕСТЕГЕ НЕЙРОСОНОГРАФИЯ МЕН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДОППЛЕРОГРАФИЯ НЕ ҮШІН ЖАСАЛАДЫ

Бұл туралы №36 қалалық емхананың ультрадыбыстық диагностика дәрігері Эльвира Нурлыбаева әңгімелейді.
-Нәрестенің миы өмірінің алғашқы кезеңінде қарқынды дамиды. Ал дүниеге келгеннен кейінгі ортаға бейімделу белгілі бір уақыт пен қосымша күшті қажет етеді. Осы үдерістің қалыпты өтіп жатқанын бағалау үшін біз қауіпсіз әрі ақпараттық диагностикалық әдісті - нейросонография мен ультрадыбыстық допплерографияны (УДДГ) қолданамыз.

Нейросонография - баланың еңбегі әлі қатаймаған кезеңде жүргізілетін мидың ультрадыбыстық зерттеуі.
Бұл тексеру ауыртпайды, сонымен қатар ми құрылымын көруге, қарыншалардың күйін бағалауға, қан құйылу белгілерін, туа біткен даму ерекшелігін немесе сұйықтықтың шамадан тыс жиналуын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу, әсіресе, шала туған нәресте, босануы асқынумен немесе өте жылдам өткен бала үшін, сондай-ақ жүйке жүйесінің бұзылысына күдік туған жағдайда аса маңызды.

Ультрадыбыстық допплерография (УДДГ) мидың қан тамырларындағы қан айналымын бағалауға арналған. Бұл әдіс миға қан мен оттегінің жеткілікті деңгейде жетіп-жетпей жатқанын анықтауға көмектеседі. Әсіресе, босану кезінде оттегі жетіспеушілігі болғанда не баланың жалпы жағдайы тұрақсыз болса, УДДГ-ның маңызы зор. Осы зерттеу арқылы ми қан айналымындағы ауытқуды дер кезінде байқап, бақылау немесе емдеу тәсілін уақтылы түзетуге болады.

Аталған екі тексеру де қауіпсіз, ауыртпайды және иондаушы сәулелену қолданылмайды. Сондықтан оларды тіпті ең кішкентай сәбиге де жүргізуге болады. Ерте диагностика дәрігерге мәселені дер кезінде анықтап, баланың дені сау болып өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Егер қандай да бір сұрағыңыз немесе алаңдаушылығыңыз болса, міндетті түрде өз учаскелік педиатрыңызға жүгініңіз.

Сізге және сәбиіңізге зор денсаулық тілейміз!

29/01/2026

ЗАЧЕМ НОВОРОЖДЁННЫМ ПРОВОДЯТ НЕЙРОСОНОГРАФИЮ И УЗГД

Рассказывает врач УЗИ Городской поликлиники №36 Эльвира Нурлыбаева

-Новорождённые дети особенно уязвимы — их головной мозг продолжает активно развиваться, а адаптация к жизни после рождения требует времени и ресурсов. Чтобы убедиться, что всё идёт хорошо, мы используем безопасные и информативные методы диагностики: нейросонографию и ультразвуковую допплерографию (УЗГД).

Нейросонография — это ультразвуковое исследование головного мозга через родничок. Оно совершенно безболезненно и позволяет нам увидеть структуру мозга, оценить состояние желудочков, выявить возможные кровоизлияния, признаки врождённых аномалий или скопление жидкости. Особенно важно это исследование для недоношенных малышей, детей после осложнённого или стремительного родоразрешения, а также при подозрении на неврологические нарушения.

УЗГД — это оценка кровотока в сосудах мозга. Он помогает установить, насколько эффективно мозг получает кровь и кислород, что особенно важно после родовой гипоксии или при нестабильном состоянии ребёнка. С помощью УЗГД мы можем выявить нарушения мозгового кровообращения и своевременно скорректировать наблюдение или лечение.

Оба исследования безопасны и безболезненны, не используют ионизирующее излучение, поэтому подходят для обследования даже самых маленьких пациентов. Ранняя диагностика позволяет врачам вовремя распознать проблемы и помочь детям развиваться здоровыми.

Если у вас есть вопросы или беспокойства — всегда обращайтесь к вашему участковому педиатру.
Здоровья вам и вашим малышам!

24 января в городской поликлинике №36 состоялось рабочее совещание24 января в городской поликлинике №36 состоялось совещ...
26/01/2026

24 января в городской поликлинике №36 состоялось рабочее совещание

24 января в городской поликлинике №36 состоялось совещание с участием директора Гулжайнат Тлеген, заместителя директора по лечебной части Хабиба Мусаева, специалиста ДамуМед, а также сотрудников медицинской организации.

В ходе совещания обсуждены вопросы достижения индикаторов ДКПН, проведён детальный разбор текущих показателей и выявленных проблемных направлений.

Также рассмотрены ключевые вопросы, связанные с реструктуризацией подразделений и разъяснением функциональных обязанностей сотрудников. Особое внимание уделено организации оказания медицинской помощи, работе структурных подразделений, регистратуры и профильных служб, а также подготовке к предстоящей аккредитации.

Отдельно обсуждены вопросы ФСМС, лекарственного обеспечения, деятельности лабораторной службы, правил приёма пациентов, кодирования медицинских услуг, проведения скринингов и вакцинации, работы фильтров и своевременной маршрутизации пациентов.

По итогам совещания руководителям подразделений даны соответствующие поручения, определены приоритетные задачи и усилен контроль за их исполнением.

Подобные совещания в поликлинике проводятся на регулярной основе — ежеквартально.

26/01/2026

Қаңтардың 24-інде №36 қалалық емханада жұмыс кеңесі өтті

Қаңтардың 24-інде №36 қалалық емханада директор Гүлжайнат Тілеген, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Хабиб Мусаев, «ДамуМед» маманы, сондай-ақ медициналық ұйым қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында ұлттық жобаның көрсеткіштерінің жол картасы индикаторларына қол жеткізу мәселелері талқыланып, ағымдағы көрсеткіштерге жан-жақты талдау жасалды, проблемалық бағыттар айқындалды.

Сонымен қатар құрылымдық бөлімшелерді қайта ұйымдастыруға қатысты мәселелер қарастырылып, қызметкерлердің функционалдық міндеттері түсіндірілді. Медициналық көмекті ұйымдастыруға, құрылымдық бөлімшелердің, тіркеу бөлімінің және бейінді қызметтердің жұмысына, сондай-ақ алдағы аккредиттеуге дайындыққа ерекше назар аударылды.

Жекелей алғанда, МӘМС жүйесіне қатысты мәселелер, дәрілік қамтамасыз ету, зертханалық қызмет, пациенттерді қабылдау тәртібі, медициналық қызметті кодтау, скринингтер мен вакциналау жүргізу, сүзгілердің жұмысы және пациенттерді уақтылы маршруттау мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша бөлімше басшыларына тиісті тапсырма беріліп, басым міндеттер айқындалды және олардың орындалуына бақылау күшейтілді.

Мұндай жұмыс кеңесі емханада тұрақты түрде - тоқсан сайын өткізіліп тұрады.

23/01/2026

В городской поликлинике №36 города Алматы функционирует комната развития ребёнка, где созданы условия для консультирования и поддержки родителей с детьми раннего возраста.

Медицинская сестра Задиреева Ирина Михайловна проводит индивидуальные и групповые консультации по вопросам грудного вскармливания, правильного введения прикорма, режима питания, а также ухода за младенцами и детьми раннего возраста. Родителям разъясняются принципы сбалансированного питания, особенности возрастного развития, профилактика распространённых состояний у детей и формирование здоровых привычек с первых месяцев жизни.

Работа комнаты развития ребёнка направлена на поддержку молодых семей, укрепление здоровья детей и повышение ответственности родителей за гармоничное развитие ребёнка.

В соответствии с Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 49 «Об утверждении станд...
21/01/2026

В соответствии с Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 49 «Об утверждении стандарта организации оказания первичной медико-санитарной помощи в Республике Казахстан», в рамках перехода на модель универсального охвата и интеграции ПМСП, в структуре поликлиник педиатрические отделения были трансформированы в Центры семейного здоровья.

Медицинскую помощь в таких центрах оказывают врачи общей практики (ВОП), прошедшие соответствующую переподготовку, что позволяет оказывать услуги как взрослому, так и детскому населению.

Это значит:
• Вашу семью ведёт врач общей практики.
• Он принимает и взрослых, и детей.
• Именно к нему нужно обращаться в первую очередь, если заболел ребёнок.

Педиатр принимает по направлению врача общей практики, если:
• сложно поставить диагноз;
• лечение не помогает;
• у ребёнка тяжёлое или хроническое заболевание;
• есть спорные вопросы по лечению или вакцинации.

Главное в этом приказе:
• В ПМСП действует семейный принцип обслуживания — одну семью ведёт врач общей практики.
• Врач общей практики принимает и взрослых, и детей.
• Педиатр не ведёт «потоковый» приём, а работает как специалист по консультациям в сложных случаях.
• Ребёнок направляется к педиатру, если:
– трудно поставить диагноз;
– лечение не помогает;
– есть хронические или тяжёлые заболевания;
– есть спорные вопросы по тактике лечения или вакцинации.

То есть согласно приказу первичный приём детей осуществляется у врача общей практики по семейному принципу, а педиатр подключается при необходимости как профильный специалист.

Педиатр теперь будет осуществлять:
1. Консультативную помощь врачу общей практики по диагностике и лечению детских заболеваний, в том числе в составе мультидисциплинарной команды.
2. Осмотр детей перед проведением вакцинации.
3. Консультативную помощь при выезде мобильной бригады к детям по медицинским показаниям.
4. Координацию работы по интегрированному ведению болезней детского возраста и универсально-прогрессивному патронажному наблюдению детей.
5. Координацию работы кабинета развития ребёнка или центра раннего вмешательства и развития ребёнка.

Также на основании приказа Министра здравоохранения РК № ҚР ДСМ-25 от 15 марта 2022 года дети направляются врачом общей практики к педиатру при:
• заболеваниях, сложных для верификации диагноза;
• частых рецидивах заболеваний и заболеваниях в стадии декомпенсации;
• спорных вопросах по определению тактики ведения или лечения;
• решении вопроса о проведении иммунизации после затяжных заболеваний;
• неэффективности лечения на уровне ПМСП.

Функции педиатра включают:
• консультативно-диагностическую помощь в сложных случаях;
• корректировку тактики лечения при его неэффективности;
• динамическое наблюдение детей с хроническими заболеваниями, в том числе после высокотехнологичной помощи;
• телемедицинские консультации с профильными стационарами.

В связи с этим приём пациентов детского возраста осуществляется врачами общей практики.

Как правильно обращаться:
1. Сначала обращайтесь к врачу общей практики.
2. При необходимости он направит к педиатру.

Это сделано для того, чтобы один врач знал здоровье всей семьи и мог быстрее и точнее помогать вам и вашим детям.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы №49«Қазақстан Республикасында медициналық-с...
21/01/2026

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы №49
«Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті көрсету қызметін ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, МСАК-ты әмбебап қамту және интеграциялау моделіне көшу аясында емханалардың құрылымындағы педиатриялық бөлімшелер Отбасылық денсаулық орталықтары болып қайта құрылды.

Мұндай орталықтарда медициналық көмекті тиісті қайта даярлықтан өткен жалпы тәжірибе дәрігерлері (ЖТД) көрсетеді, бұл ересектерге де, балаларға да бірдей медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл:
- Сіздің отбасыңызға жалпы тәжірибе дәрігері бекітіледі;
- Ол ересектерді де, балаларды да қабылдайды;
- Бала ауырған жағдайда алдымен осы дәрігерге жүгіну қажет екенін білдіреді.

Педиатр жалпы тәжірибе дәрігерінің жолдамасы бойынша келесі жағдайда қабылдайды:
- диагноз қою қиын болса;
- жүргізілген ем нәтижесіз болса;
- баланың ауыр немесе созылмалы ауруы болса;
- емдеу тактикасы немесе вакциналау мәселелері бойынша даулы сұрақ туындаса.

Демек, бұйрыққа сәйкес балаларды алғашқы қабылдау отбасылық қағидат бойынша жалпы тәжірибе дәрігері (ЖТД) тарапынан жүзеге асырылады, ал педиатр қажет болған жағдайда бейінді маман ретінде тартылады.

Педиатр енді келесі міндеттерді атқарады:
1. Балалар ауруын диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша, соның ішінде мультидисциплинарлық команда құрамында, жалпы тәжірибе дәрігеріне консультативтік көмек көрсету.
2. Вакциналау алдында балаларды қарап-тексеру.
3. Медициналық көрсетілім бойынша балаларға мобильді бригада шыққан кезде консультативтік көмек көрсету.
4. Балалар жасындағы ауруды интеграцияланған түрде жүргізу және балаларды әмбебап-прогрессивті патронаждық бақылау бойынша жұмысты үйлестіру.
5. Баланың дамуы кабинеті немесе ерте араласу және баланы дамыту орталығы жұмысының үйлестірілуін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы №ҚР ДСМ-25 бұйрығына сәйкес балаларды жалпы тәжірибе дәрігері педиатрға келесі жағдайда жолдайды:
• диагнозды нақтылау қиын болатын ауру кезінде;
• аурудың жиі қайталануы немесе декомпенсация сатысындағы ауру кезінде;
• жүргізу немесе емдеу тактикасын анықтау бойынша даулы мәселе туындағанда;
• ұзаққа созылған аурудан кейін иммундау жүргізу мәселесін шешу қажет болғанда;
• МСАК деңгейінде емнің тиімді болмауы жағдайында.

Педиатрдың функцияларына мыналар кіреді:
• күрделі жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек көрсету;
• емдеу тиімді болмаған жағдайда емдеу тактикасын түзету;
• созылмалы ауруы бар балаларды, соның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек алғаннан кейін, динамикалық бақылау;
• бейінді стационармен телемедициналық консультация жүргізу.

Осыған байланысты балалар жасындағы пациенттерді қабылдау жалпы тәжірибе дәрігерлері тарапынан жүзеге асырылады.

Қалай жүгіну керек:
1. Ең алдымен жалпы тәжірибе дәрігеріне жүгініңіз.
2. Қажет болған жағдайда ол педиатрға жолдама береді.

Бұл тәсіл бір дәрігердің бүкіл отбасы денсаулығын білуіне және сізге әрі балаларыңызға жылдам да нақты медициналық көмек көрсетуіне мүмкіндік беру үшін енгізілген.

ВАКЦИНАЦИЯ ПРОТИВ ВПЧЯнварь во многих странах считается месяцем осведомлённости о раке шейки матки. В Алматы в это время...
20/01/2026

ВАКЦИНАЦИЯ ПРОТИВ ВПЧ

Январь во многих странах считается месяцем осведомлённости о раке шейки матки. В Алматы в это время проходят информационно-разъяснительные мероприятия, направленные на раннее выявление и профилактику этого заболевания.

Рак шейки матки — одна из самых распространённых онкологических патологий у женщин. До 97% случаев связаны с вирусом папилломы человека (ВПЧ) высокого онкогенного риска. Болезнь часто развивается без симптомов, поэтому большое значение имеют регулярные обследования — ПАП-тест и ВПЧ-тестирование.

В Казахстане действует Национальная программа скрининга рака шейки матки для женщин в возрасте от 30 до 74 лет. Она помогает выявлять предраковые изменения и заболевание на ранних стадиях, когда лечение наиболее эффективно.

Важнейшая мера профилактики — вакцинация против ВПЧ.
С сентября 2024 года в школах проводится двухдозовая вакцинация девочек 11–13 лет с согласия родителей. За период с сентября 2024 по декабрь 2025 года:
• в Алматы привито более 12 тысяч девочек,
• по республике — около 213 тысяч.

Используемая вакцина защищает от наиболее опасных типов ВПЧ, вызывающих рак шейки матки и другие онкологические заболевания, а также от типов вируса, вызывающих остроконечные кондиломы. Эффективность вакцины доказана: иммунная защита сохраняется не менее 10 лет, повторная вакцинация не требуется. Вакцина одобрена ВОЗ и зарегистрирована международными регуляторами как безопасная и эффективная.

Рак шейки матки — заболевание, которое можно предотвратить.
Регулярный скрининг и вакцинация — это реальный способ сохранить здоровье и жизнь.

АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУҚаңтар - көптеген елде жатыр мойны обыры туралы ақпараттандыру айы. Осы кезде Алматыда аталған ау...
20/01/2026

АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ

Қаңтар - көптеген елде жатыр мойны обыры туралы ақпараттандыру айы. Осы кезде Алматыда аталған ауруды ерте анықтау мен оның алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізіледі.

Жатыр мойны обыры - әйелдер арасында ең кең таралған онкологиялық ауру. Ауру жағдайының 97%-ға дейінгісі онкогендік қаупі жоғары адам папилломасы вирусымен (АПВ) байланысты. Бұл дерт көбіне ешқандай белгісіз өтетіндіктен, ПАП-тест пен АПВ-ға тестілеу сияқты тұрақты тексерудің маңызы зор.
Қазақстанда 30-74 жас аралығындағы әйелдерге арналған жатыр мойны обырын скринингтен өткізу жөніндегі ұлттық бағдарлама іске асырылып жатыр. Бұл бағдарлама обыр алды өзгерісті және ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезде емдеу барынша тиімді болады.

Алдын алудың ең маңызды шарасының бірі - АПВ-ға қарсы вакциналау.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап мектептерде ата-ана келісімімен 11-13 жастағы қыздарға екі дозалы вакциналау жүргізіледі. 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде: Алматыда 12 мыңнан астам қыз екпе алды, республика бойынша шамамен 213 мың қыз егілді.

Қолданылатын вакцина жатыр мойны обырын және басқа да онкологиялық ауруды тудыратын АПВ-ның ең қауіпті түрінен, сондай-ақ үшкір кондиломаға себеп болатын вирус типтерінен қорғайды. Вакцинаның тиімдігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген: иммундық қорғаныс кемінде 10 жыл сақталады, қайта егу талап етілмейді. Вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) тарапынан мақұлданған және халықаралық реттеуші органдармен қауіпсіз әрі тиімді деп танылған.

Жатыр мойны обыры - алдын алуға болатын ауру.
Тұрақты скрининг пен вакциналау - денсаулық пен өмірді сақтаудың нақты жолы.

🍼👶 ЗАЧЕМ НУЖЕН ОСМОТР ПЕДИАТРА В 1 МЕСЯЦ? 💙Первый месяц жизни — важный этап адаптации малыша к внешнему миру. Осмотр у п...
15/01/2026

🍼👶 ЗАЧЕМ НУЖЕН ОСМОТР ПЕДИАТРА В 1 МЕСЯЦ? 💙

Первый месяц жизни — важный этап адаптации малыша к внешнему миру. Осмотр у педиатра помогает убедиться, что ребёнок развивается правильно и чувствует себя хорошо.

На приёме педиатр:
👩‍⚕️ измеряет рост и вес, оценивает прибавку;
🩺 осматривает кожу, пупок, голову, грудную клетку и живот;
🧠 проверяет рефлексы и мышечный тонус;
🍼 уточняет, как малыш ест, спит и набирает вес;
💬 отвечает на вопросы родителей.

Осмотр в 1 месяц помогает:
✔️ вовремя заметить возможные отклонения;
✔️ предупредить возможные осложнения;
✔️ дать родителям понятные рекомендации по уходу и режиму.

Регулярные осмотры — основа здоровья ребёнка с первых дней жизни. 🌱

Врач-педиатр ГП 36 Калимолдина Бижамал Қизатқызы

15/01/2026

🍼👶 1 АЙЛЫҚ БАЛАҒА ПЕДИАТР ҚАРАУЫ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? 💙

Сәби өміріндегі алғашқы ай - оның сыртқы ортаға бейімделуінің аса маңызды кезеңі. Педиатрдың қарауы баланың дұрыс дамып жатқанын және өзін жақсы сезінетінін анықтауға мүмкіндік береді.

Қабылдау барысында педиатр:
👩‍⚕️ бойы мен салмағын өлшеп, қосқан салмағын бағалайды;
🩺 терісін, кіндік аймағын, басын, кеуде қуысы мен ішін тексереді;
🧠 рефлекстері мен бұлшықет тонусын бағалайды;
🍼 баланың қалай тамақтанатынын, ұйқысы мен салмақ қосуын нақтылайды;
💬 ата-ананың сұрақтарына жауап береді.

1 айдағы тексеру:
✔️ мүмкін болатын ауытқуды дер кезінде анықтауға;
✔️ асқынудың алдын алуға;
✔️ бала күтімі мен күн тәртібі бойынша ата-анаға түсінікті ұсыныс беруге көмектеседі.

Тұрақты медициналық тексеру - бала өмірінің алғашқы күнінен бастап денсаулығының берік негізі. 🌱

№36 ҚЕ дәрігер-педиатры Калимолдина Бижамал Қизатқызы

Address

мкр. Шугыла 340а
Almaty

Telephone

+77273331544

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ГКП на ПХВ ГП 36 posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to ГКП на ПХВ ГП 36:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram

Category