28/08/2025
Стоматологқа қандай жағдайда келуге болмайды?
Тіпті жоспарлы тіс емдеудің өзі қауіпті болуы мүмкін, егер сіз клиникаға дайын емес күйде келсеңіз.
⠀
Міне, стоматологқа келуге болмайтын жағдайлар:
Ашқарынға келу
Қанша уайымдасаңыз да немесе «жеп қоймай-ақ қояйын» десеңіз де - міндетті түрде жеңіл тамақтанып алыңыз. Ашқарынға анестезиядан кейін қан қысымы түсіп, бас айналуы, әлсіздік, тіпті есінен тану болуы мүмкін.
⠀
Дене қызуы көтеріліп немесе суық тиген кезде
Вирус жұққанда немесе ағзада қабыну болып жатқанда - иммунитет әлсірейді. Мұндай жағдайда емдеу ауруды күшейтіп, жазылу процесін қиындатуы мүмкін.
⠀
Қан қысымы тұрақсыз болғанда
Егер сізде гипертония немесе қысым түсіп-көтерілуі жиі болса + дәрігерге келмес бұрын оны тексеріп алыңыз. Анестезия жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер етуі мүмкін.
⠀
Күшті күйзелісте немесе ұйқысыз түннен кейін
Демалмаған ағзаға жүктеме түскенде күтпеген реакциялар болуы мүмкін: паника, әлсіздік, дәріге ерекше сезімталдық.
⠀
Аллергия немесе тері бөртпесі болған жағдайда
Бұл – ағзаның жүйелі реакциясының белгісі болуы мүмкін. Мұндай кезде анестетик қолдану жағдайды нашарлатуы ықтимал.
⠀
Алкоголь немесе басқа заттарды қабылдаған соң
Кеше «жәй бір бокал шарап қана» болса да - бұл емді кейінге қалдыруға себеп. Алкоголь дәрілердің ағзада сіңуіне әсер етіп, жанама әсерлер тудыруы мүмкін.
Стоматологқа қалай дұрыс дайындалу керек?
• Жақсылап ұйықтаңыз
• Қарныңыз тоқ болсын, бірақ ауыр тамақ ішпеңіз
• Егер қан қысымыңыз жиі көтерілсе - міндетті түрде тексеріп алыңыз
• Барлық дәрі-дәрмек пен аллергия туралы дәрігерге алдын ала ескертіңіз
🦷 Стоматологиялық ем - бұл қорқынышты емес, егер сіз бен дәрігер бір команда болсаңыз.
Денеңізге дұрыс күтім жасаңыз - сонда ем де қауіпсіз әрі жайлы өтеді 💙