Жас-Ай Халықаралық медицина орталығы - Алматы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Жас-Ай Халықаралық медицина орталығы - Алматы

Жас-Ай Халықаралық медицина орталығы - Алматы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Жас-Ай Халықаралық медицина орталығы - Алматы, Medical Center, г. Алматы, перекресток Аль-Фараби/Розыбакиев (Улица Витебская №42 или ул. Жетису 83а), Almaty.

Бүгін Астана қаласында Республика күні ұлттық мерекесіне орай «Егемен елдің патриоты» атты Республикалық байқау өтті. Ба...
23/10/2024

Бүгін Астана қаласында Республика күні ұлттық мерекесіне орай «Егемен елдің патриоты» атты Республикалық байқау өтті.
Байқауға еліміздің әр түпкірінен Қазақ халқының болашағы үшін атқарылып жатқан әр бір іске байжай қарамайтын, қоғамдық белсенділігі мығым, халыққа қайырымды, ел жүрегінен орын алған көптеген беделді тұлғалар қатысты. Солардың қатарында мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар болып, Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығының директоры, профессор, академик, «Елдік халықтық Кеңес» Республикалық қоғамы бірлестігінің Төрағасы Жасан Зекейұлы жеңімпаз атанып, «Егемен ел Патриоты» атты арнайы медалмен марапатталды.
Жасан Зекейұлына бұл марапат денсаулық сақтау саласында ел іші мен халықаралық жетістіктерінен тыс, Қазақстандағы қоғамдық беделі, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қосқан үлесі, қайырымдылық шараларының белесенді ұйымдастырушысы, қатысушысы "Ұлт денсаулығы – Мемлекет болашағы!" Ұлттық республикалық Жобасының авторы ретінде атқарып жатқан сан-салалы еңбектері ескеріліп берілген. Біз мекеме ұжымы атынан, Жасан Зекейұлын арнайы құттықтаймыз.

26/08/2024
Бүгін қасиетті құрбан айт мерекесінің 3-ші күні Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығының Бас директоры, академик Жасан ...
18/06/2024

Бүгін қасиетті құрбан айт мерекесінің 3-ші күні Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығының Бас директоры, академик Жасан Зекейұлы алыс аймақтардан келіп орталықта ем алып, дер кезінде отбасы, бала-шағаларының қасында бола алмаған науқастар үшін арнаулы құрбан шалып, Құдайы ас берді.
Ерекше атап өтерлік жағдай осы шара кезінде Жасан Зекейұлы «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев» атындағы мерекелік мерей медалымен арнаулы марапатталды. Медалды Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Темір ауданының Құрметті азаматы Орынбаев Абай Әлібекұлы мен Халықаралық Қонаев қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Бек Срайылов тақты. Қор атынан арнаулы келген азаматтар бұл медалды Жасан Зекейұлына қоғамдық қызметтегі ұзақ жылдық табанды әрі нәтижелі қызметі үшін, түрлі қайырымдылық шараларға белсене ат салысып қайраткерлік көрсетіп келе жатқаны үшін, сондай-ақ Қонаев Ахметұлының қарындасы Роза Қонаева ханымға ерекше құрмет көрсетіп, орталықта тегін бір айлық ем алуға квота бөлген еңбегін ескеріп арнайы ұсынған. Шараға қонақ ретінде мәдениет танушы Сейітзада Әсембек, Алматы облысы сауда палатасының бұрынғы төрағасы Ораз Бекенов, психолог, этнограф Төреғали Батырханұлы сынды бірқатар танымалы тұлғалар қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Туған күніңіз құтты болсын!     Көп жағдайда дәрігерлік қызметті кез келген адам таңдай бермейді. Күрделі мамандықтың қы...
03/06/2024

Туған күніңіз құтты болсын!

Көп жағдайда дәрігерлік қызметті кез келген адам таңдай бермейді. Күрделі мамандықтың қыр-сыры молдығымен қатар, жауапкершілігі де аса жоғары. Жасан Зекейұлы медицина саласының қиындығына қарамастан, денсаулық сақтау саласына зор үлес қосып келе жатқан білікті маман. Жалпы медицина саласы – еліміздің дамуында жетекші орынға ие екенін ескерсек, осы ретте дәстүрлі ем бойынша көшбасшыға айналған Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығы және оның Бас директоры Жасан Зекейұлы қашанда зор құрметке лайық. Бүгін осы ардақты азаматтың туған күні.
Құрметті Жасан Зекейұлы, сіз тәуелсіз қазақ елінің қалыптасу тарихына ұзақ жылдар бойы нәтижелі еңбек етіп, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қайраткер тұлғасыз. Сіздің сан-салалы еңбек тәжірибесіне толы, өнегелі өміріңіз бүгінгі жастарға үлкен ғибарат. Сондай-ақ сіз халқымыздың рухани саулығы мен медициналық даму жолында да қарымды еңбек ете білдіңіз. Денсаулық сақтау саласы бойынша бірқанша сүбелі еңбектер жаздыңыз. Ұлт саулығы ісінің сапалық деңгейiнiң жақсаруына да күш-жігеріңізді аямай, неше дүркін халықарлық конференциялар өткіздіңіз. Қосымша халықтың әлеуметтік, рухани, қоғамдық мәселелеріне де бейжай қарамай, әрдайым атойлап алда келесіз. Осындай сүбелі еңбектеріңіз халық жадынан ешқашан тыс қалған жоқ. Ел іші-сыртындағы беделді ұйымдардың, ЖОО-ның марапаттарына, құрметіне иесіз. Қаламыңыздан туған әрбір ғылыми еңбек болашақ үшін мәңгілік құнды мұра болары анық.
Құрметті Жасан Зекейұлы, бүгінгі төл мерекеңіз мерейлі, құтты болсын! Ағалық, даналық кемел жасқа иек артқан бүгінгі күнде, халқыңызға бергеніңізден береріңіз көп екені шүбәсіз. Отбасыңыздан береке, өміріңізден мереке кетпей, ұзақ ғұмыр сүріп, ел алдында мерейіңіз арта берсін!

Құрметпен,
Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығының ұжымы

ӨМІРГЕ ПАЙДАЛЫ 12 КЕҢЕС    1. Біріншіден, таңертең өте ерте ояныңыз. Өйткені, ғалымдар ерте ұйықтап, ерте оянатын адамда...
06/02/2024

ӨМІРГЕ ПАЙДАЛЫ 12 КЕҢЕС

1. Біріншіден, таңертең өте ерте ояныңыз. Өйткені, ғалымдар ерте ұйықтап, ерте оянатын адамдардың өмір жасы ұзақ болатындығын бұрын да дәлелдеп қойған. Сонымен қатар, ерте тұратын адамдардың еңбегі де өнімді болады.

2. Екіншіден, таңертеңгі асты тойып ішіп алу керек. Себебі таңертеңгі аспен біз бір күнге қуат жинап аламыз. Екі бутерброд пен бір шынаяқ кофе сізге ас болмайды. Таңертеңгі ас барынша құнарлы әрі тойымды болса, түскі ас пен кешкі асты жұмыс күніңізге қарай ішесіз.

3. Таңертең кішігірім жаттығу жасауды ұмытпаңыз. Таңғы жаттығу денеңізді шынықтырып, ұйқыңызды ашады.

4. Таныстарыңызға да, жай көшеде кетіп бара жатқан адамдарға да күлімсіреп жүріңіз. Ешкім сізді «ақымақ» деп қабылдамайды. Керісінше, сізді күлімсіреп жүретін және «өміріне риза адам» деп қабылдайтын болады. Ал ер кісілерге күлімсіреп жүрген тіпті пайдалы екен. Себебі психологтар күлімсіреп жүретін жігіттер сымбатты болмаса да әйелдерге көңілсіз сымбатты жігіттерге қарағанда көбірек ұнайтындығын дәлелдеген.

5. Ақуызы мол тамақты көбірек, тәтті мен холестерині бар тамақты азырақ жеуге тырысыңыз. Ақуыз ет пен балықта ғана емес, көкөністер мен жұмыртқада да көп. Сонымен қатар, тұзды тағамдарды да аз қолдануға тырысыңыз.

6. Тамақ ішердің алдында аш қарынға бір стақан су ішу қажет. Көптеген диетологтар суды көп ішетін адамдардың емделуге жиі келмейтіндігін айтады. Осыдан-ақ суды көп ішудің пайдасы қандай екендігін аңғару қиын емес.

7. Барлық жаңалықтардан хабардар болып жүруге тырысыңыз. Ол сізге қажет болмаса да жаңалықтарды білетін адам әрдайым жақсы әңгімелесуші және кез-келген ортаның сүйікті қонағы болады.

8. Күнделікті аздаған уақытыңызды өзіңіздің хоббиіңізге арнаңыз. Ол 1-2 сағат сізге теледидардан құр бағдарлама немесе жарнама көргеніңізден әлдеқайда жақсы әсер етеді. Егер хоббиіңіз болмаса, өзіңізге ұнайтын іс тауып алып, күнделікті соған аздаған уақытыңызды бөліп тұруға тырысыңыз.

9. Күн сайын өзіңізді кемелдендіруден талмаңыз. Ұзақ болмаса да күнделікті кітап оқыңыз. Өйткені, біз кітап оқи отырып өзіміздің дүниетанымымызды жетілдіріп, есте сақтау қабілетімізді жақсартамыз. Сонымен қатар, кітап – ақпараттың қайнаркөзі.

10. Ұйықтар алдында таза ауада серуеңдеңіз. Балаларыңызбен немесе итіңізбен бірауық жүріп қайтсаңыз ұйықтар алдында ағзаңызға көбірек оттегі жиналады және де бұл ұйқыңызды шақырады. Тиісінше, таңертең оянуыңыз да жеңіл болады.
11.Ауру астан,дау қарындастан. Сіз тамақ ішудің заңдылығын білуіңіз керек. Таңнан тұрып тамақ ішкенге дейін кем дегенде 700 гр жылы су ішу керек. Бір күнде 2 жарым литрден кем емес су ішу міндеттеледі. Түске дейін көкөніс жеу керек, түстен кейін ет өнімдерін жеу керек, кешке сүт өнім тамақтарын жеген дұрыс болады.
12. Адамзат үшін 5 энергетикалық көз қажет болады. Жер энергетикасы жерден шыққан өнімдерден келеді,Күн энергетикасы,
күн нұрынан , Жұлдыз энергетикасы кештен түн ауғанға дейінгі, Ай энергетикасы таңғы 4,5 ке дейін, Рух энергетикасы ол ата бабаға сиынып тілек дұға жасасаңыз ата бабаңыздың рухы сізді жебейді. Адам жер шарының көшірмесі, 109 элемент неше жүз мыңдаған минералды қосындылардан тұрады. Сол себепті денеміздегі табиғи энергия көзімізді керексіз затқа жұмсап шаршап қалмайық ағайын. Бейне жер шарының бүкіл байлығы азайғанындай адамның да табиғи ресурстары азайады. Сол үшін дер кезінде толықтап энергетика көздерімізді қуаттандырып отыруымыз керек. Ол үшін адам ауырмасада екі айда 10 рет акупунктура немесе алтын ине терапиясын алып отыруы қажет, сонда ғана Алланың берген толық жасын жасап өтуімізге мүмкіндік болады.
Егер осы менің кеңестерімнің болмағанда бірнешеуін күнделікті орындап тұрсаңыз, бір айдың көлемінде сіздің өміріңізде өзгерістер бола бастағанын байқайсыз, әрине, тек жақсы жағына қарай өзгерістер орын алатын болады. Ең үлкен байлық Ұлт саулығы , адамдардың денсаулығы. Аман есен сау болайық ағайын. Осы кеңестерімді орындап жүрсеңіздер өмірлеріңіз жақсы жақа өзгеретініне сенімдімін.
Профессор Жасан Зекейұлы.

Address

г. Алматы, перекресток Аль-Фараби/Розыбакиев (Улица Витебская №42 или ул. Жетису 83а)
Almaty

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жас-Ай Халықаралық медицина орталығы - Алматы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category