Больница скорой неотложной помощи г. Алматы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Больница скорой неотложной помощи г. Алматы

Больница скорой неотложной помощи г. Алматы Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы

Больница скорой неотложной помощи г. Алматы - это многопрофильная клиника, где оказывают высококвалифицированную экстренную и плановую медицинскую помощь жителям г.Алматы, республики, а также иностранным гражданам. в 2016 году БСНП исполняется 120 лет.

В больнице развернуто 355 коек стационара, из которых 50 являются хозрасчетными и 15 коек отделения дневного стационара. Медицинский персонал больницы составляют высококвалифицированные специалисты, имеющие большой практический опыт, а так же в лечебном процессе принимают активное участие профессора, доценты, ассистенты кафедр КазНМУ им.Асфендиярова, Казахстанско-Российского университета, КазМУНО (бывший АГИУВ), базирующиеся в БСНП.

Больница активно сотрудничает с другими лечебными учреждениями, как в самой республике, так и лечебными учреждениями ближнего и дальнего зарубежья.

В БСНП функционирует единственное в Алматы отделение токсикологии, где врачи круглосуточно оказывают специализированную помощь пациентам с различного вида токсикологическими и химическими отравлениями, при отравлениях вызванными укусами ядовитых насекомых, змей, ядовитыми растениями.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында кезекті сенбілік өтт...
09/08/2025

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында кезекті сенбілік өтті.

«Таза Қазақстан» - еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып жатқан республикалық экологиялық бастама. Оның мақсаты - қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықты азайту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

Сенбілікке қатысқан аурухана қызметкерлері: «Мұндай шаралар ауаны тазартумен қатар, көңіл-күйді де көтереді».
«Бірлесіп еңбек ету - ұжымдағы ауызбіршілікті арттырады», - деп өз ойын білдіріп жатты.

Біз таза қала - әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз деп сенеміз!

---

В Городской больнице скорой неотложной помощи Алматы прошёл очередной субботник в рамках экологической акции «Таза Қазақстан».

«Таза Қазақстан» - республиканская экологическая инициатива, которая проводится во всех регионах страны. Её цель - поддержание чистоты окружающей среды, сокращение бытовых отходов, благоустройство территорий и повышение экологической культуры населения.

Сотрудники больницы отметили, что такие мероприятия не только очищают воздух, но и поднимают настроение, а совместная работа укрепляет дружбу и взаимопонимание в коллективе.

Чистый город - это общая ответственность каждого из нас!
#алматы #алматысити #Алматы #АлматыТазалығы #ТазаҚазақстан #ЭкологиялықСана #ЧистаяСреда #Субботник2025 #ЭкологияГорода #ЧистотаАлматы

Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) іштің түйіліп ауырғаны, кебу, жүрек айну, құсу және қатты әлсізд...
01/08/2025

Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) іштің түйіліп ауырғаны, кебу, жүрек айну, құсу және қатты әлсіздік сияқты шағымдармен 52 жастағы ер адам шұғыл жеткізілді.
Анамнезінен белгілі болғандай, пациент ұзақ жылдар бойы созылмалы іш қатудан зардап шеккен, ал соңғы жарты жыл ішінде әр тамақтанғаннан кейін ауырсыну сезініп, дене салмағы күрт азайып, соңғы алты айда науқас 16 келі жоғалтқан.

Бұған дейін колоноскопия жасалып, созылмалы колит белгілері анықталғанымен, толыққанды әрі терең зерттеу жүргізілмеген. Ауруханаға жатудан үш күн бұрын ауырсыну күрт күшейіп, құсу пайда болған, үлкен дәрет мүлде тоқтап қалған. Шамадан тыс ауыр жағдайда науқас өздігінен қабылдау бөліміне келген.

Хирург Нурхат Есенбековтың қарап-тексеруінен кейін шұғыл КТ жасалып, аш ішектің ісігі мен өтпейтін ішек түйілуі (обтурациялық өтімсіздік) анықталды. Науқас дереу хирургиялық бөлімшеге жатқызылып, шұғыл отаға алынған.

Хирургиялық араласу аясында лапаротомия, ісік жайлаған аш ішектің бөлігін алып тастау (резекция), ішек шеттерін «бүйірден-бүйірге» жалғау (анастомоз), іш қуысына тазарту және дренаж салу шаралары жүргізілді. Ота кезінде ұзындығы шамамен 6 см ісік анықталып, шажырқайға таралған инфильтрация мен ұлғайған аймақтық лимфа түйіндері табылды. Диагнозы: аш ішектің қатерлі ісігі (T3N1M0 сатысы), серозды перитонитпен асқынған жіті ішек өтімсіздігі.

Ота бір жарым сағатқа созылды. Отаны ота жасау бөлімінің меңгерушісі Нурхат Есенбеков, ассистент - резидент Аман Беркінбай, анестезиолог - Қуаныш Шишабай жүргізді.

Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Науқас дәрілік және қалпына келтіру терапиясын қабылдап, физиотерапевт-реабилитологтың бақылауында болды. Алтыншы күні науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылып, оған әрі қарай амбулаторлық бақылауға арналған нақты ұсыныстар берілді.

— Аш ішектің ісігі сирек кездеседі, әрі барлық асқазан-ішек жолы ісігінің 3 пайызынан аспайды. Өкінішке қарай, мұндай ісіктің белгілері көбіне нақты емес, сондықтан оны ерте сатыда анықтау қиын. Бұл жағдайда науқаста өтімсіздік пен перитонит дамып үлгерген. Абырой болғанда, ота уақытында жасалды. Енді ең маңыздысы - әрі қарай бақылауда болып, барлық ұсынысты орындау. Бұл - өмір сапасын арттырып, ұзақ мерзімді ремиссияға жол ашады, - деді хирург Нурхат Есенбеков.

Дәрігерлердің айтуынша, ас қорытудың тұрақты өзгерісі - әсіресе салмақ жоғалту мен іштің ауыруымен қатар жүрсе - міндетті түрде тексерілуге себеп. Уақтылы диагностика мен хирургиялық ем ғана қолайлы болжамға мүмкіндік береді. Егер ісік ерте сатысында анықталса, бес жылдық өміршеңдік 90 пайызға дейін жетуі мүмкін.
#ГБСНПАлматы #алматы #подписчики #алматысити #ГБСНП

01/08/2025

Редкий диагноз и срочная операция: в ГБСНП спасли 52-летнего пациента с опухолью тонкой кишки

В Городскую больницу скорой неотложной помощи экстренно поступил 52-летний пациент с жалобами на спастические боли в животе, вздутие, тошноту, рвоту и выраженную слабость. Из анамнеза стало известно, что мужчина страдает хроническими запорами, а за последние полгода после каждого приёма пищи испытывал боли и стремительно терял вес - за полгода он похудел на 16 килограммов.

Несмотря на ранее проведённую колоноскопию и выявленные признаки хронического колита, пациент не проходил углублённого обследования. За трое суток до госпитализации боли резко усилились, появилась рвота, пропал стул. В критическом состоянии он самостоятельно обратился в приёмное отделение.

После осмотра хирургом Нурхатом Есенбековым и экстренной КТ-диагностики была выявлена опухоль тонкой кишки с развитием обтурационной непроходимости. Пациент немедленно госпитализирован в хирургическое отделение и прооперирован.

Была выполнена лапаротомия, резекция поражённого участка тонкой кишки с наложением анастомоза «бок в бок», санация и дренирование брюшной полости. Интраоперационно обнаружена опухоль длиной около 6 см, с инфильтрацией брыжейки и увеличенными регионарными лимфоузлами. Диагноз: злокачественная опухоль тонкой кишки (стадия T3N1M0), осложнённая острой кишечной непроходимостью и серозным перитонитом.

Операция длилась полтора часа. Опербригаду возглавил заведующий оперблоком Нурхат Есенбеков, ассистировал резидент Аман Беркінбай, врач-анестезиолог - Куаныш Шишабай.

Послеоперационный период прошёл без осложнений. Пациент получал медикаментозную и восстановительную терапию, наблюдался физиотерапевтом-реабилитологом. На шестые сутки был выписан в удовлетворительном состоянии с подробными рекомендациями по дальнейшему амбулаторному наблюдению.

«Опухоли тонкой кишки встречаются крайне редко - не более 3% всех опухолей желудочно-кишечного тракта. К сожалению, их симптомы зачастую неспецифичны, что затрудняет раннюю диагностику. В этом случае пациент уже находился на грани кишечной катастрофы - с обтурационной непроходимостью и развивающимся перитонитом. К счастью, оперативное вмешательство было проведено вовремя. Теперь главное - дальнейшее наблюдение и выполнение всех рекомендаций. Это может обеспечить пациенту хорошее качество жизни и длительную ремиссию», - отметил Нурхат Есенбеков.

Медики подчёркивают: любые стойкие изменения пищеварения - особенно в сочетании с потерей веса и болями - повод незамедлительно пройти обследование. Только своевременная диагностика и хирургическое лечение могут обеспечить благоприятный прогноз. Пятилетняя выживаемость при локализованных формах опухоли тонкой кишки может достигать 90%.
#ГБСНПАлматы #ҚЖШККА #алматысити #ГБСНП #алматы #Алматы #подписчики

«Таза Қазақстан»: екі күн қатарынан тазалық жұмыстарыАлматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы 2025 ж...
26/07/2025

«Таза Қазақстан»: екі күн қатарынан тазалық жұмыстары

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы 2025 жылғы 25-26 шілде күндері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында сенбілік ұйымдастырып, мекеме маңы мен айналасындағы аумақты қоқыстан тазартып, көгалдандыру мен көріктендіру жұмыстарына белсенді атсалысты.

Бұл шара - ұжымның қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтынын, экологиялық сана мен ортақ жауапкершілікке ерекше мән беретінін көрсетті.

Табиғат тазалығы - тек бүгінгі емес, келер ұрпақтың да игілігі. Сондықтан бәрімізге ортақ міндет - тазалықты сақтап, қоршаған ортаны аялау.

#ТазаҚазақстан #Сенбілік2025 #ЭкологиялықСана
#ҚЖШККА
#АлматыТазалығы

---

Два дня заботы об экологии - в рамках акции «Таза Қазақстан»

25 и 26 июля коллектив Городской больницы скорой неотложной помощи Алматы вновь проявил высокую экологическую активность, проведя уборку и благоустройство прилегающих территорий в рамках республиканской акции «Таза Қазақстан».

Чистота и порядок вокруг учреждения - результат совместного труда, ответственного отношения сотрудников к окружающей среде и стремления к улучшению экологического облика города.

Сохраняя чистоту сегодня, мы заботимся о завтрашнем дне. Присоединяйтесь к движению за чистую и зеленую Алматы!

#Субботник2025 #ГБСНПАлматы #ЭкологияГорода #ЧистаяСреда #Ответственность

Бүгін Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына ...
25/07/2025

Бүгін Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына орай мекеме аумағын және оған іргелес жатқан аумақты тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Науқанның мақсаты - қаламыздың тазалығын сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Баршаңызды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты бірге сақтауға шақырамыз!

#ТазаҚазақстан #АлматыТазалығы #ЭкоНауқан #ҚалалықАурухана

---

Уборка в рамках акции «Таза Қазақстан»

Сегодня коллектив Городской больницы скорой неотложной помощи Алматы в очередной раз активно принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан».

Сотрудники больницы провели уборку территории больницы и прилегающей зоны, тем самым внесли вклад в поддержание чистоты и улучшение экологической культуры города.

Призываем всех жителей бережно относиться к окружающей среде и поддерживать чистоту вместе с нами!

#ТазаҚазақстан #ЧистотаАлматы #ЭкоАкция #ГБСНПАлматы

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында күрделі клиникалық жағдаймен түскен науқасқа сәтті ота жасалды. А...
24/07/2025

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында күрделі клиникалық жағдаймен түскен науқасқа сәтті ота жасалды.
Аурухана дәрігерлері ішек түйілуін (өтімсіздігін) және іштің алдыңғы қабырғасында бірнеше жыл бойы жазылмай келген жыланкөзді жойды.

50 жасар ер адам іштің қатты ауруы, үлкен дәреттің тоқтауы, жүрек айну, әлсіздік және бұрынғы тігіс орнынан ішек сұйықтығының сыртқа ағуы секілді шағымдармен ауруханаға жүгінді.
Тексеру нәтижесінде
жедел жабысқақ ішек өтімсіздігі, толық қалыптаспаған жіңішке ішек жыланкөзі, іш қабырғасындағы бірнеше лигатуралық жыланкөз, сондай-ақ В вирусты гепатитінің созылмалы түрі диагнозы қойылды.

Ота барысында хирург мамандар іш қуысына лапаротомия жасап, ішек ілмектері мен іш қабырғасы арасындағы жабысқан тіндерді ажыратты, ішек өтімсіздігін жойды, ішкі ағзаларды тексеріп шықты, ішектен сыртқа шыққан ақауды (жыланкөзді) жапты және ұзақ уақыт бойы жазылмаған жыланкөздерді алып тастады.
Ота 1,5 сағатқа созылды.

Ішкі қарап-тексеру кезінде іш қуысында айқын жабысқақ үдеріс анықталды: жіңішке ішек ілмектері өзара және іш қабырғасымен жабысып қалған. Сонымен қатар бірнеше жазылмаған жыланкөз өзегі де табылды.

Отаны жасаған:
хирург - Нурхат Есенбеков, ассистент - Меруерт Булантаева, анестезиолог - Қуаныш Шишабай.

Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Науқас емдеуші дәрігер және оңалту маманының бақылауында болды. Тиісті ем алған соң, бір апта ішінде жағдайы тұрақталып, ол амбулаториялық бақылауға үйіне шығарылды.

«Мұндай күрделі жағдайда науқастың бұрынғы сырқатын, іш қуысына жасалған оталарын және созылмалы ауруларын кешенді түрде ескеріп, жедел әрі нақты шешім қабылдау аса маңызды. Командалық жұмыс пен үйлесімді іс-әрекеттің арқасында ауыр жағдайды сәтті еңсеруге болады», - дейді ота жасау бөлімінің меңгерушісі Нурхат Есенбеков.

Жабысқақ ішек өтімсіздігі мен ішек жыланкөзі - ішкі ағзаларға бірнеше рет ота жасалған науқастарда кездесетін сирек, бірақ қауіпті асқынудың бірі. Мұндай жағдайда дер кезінде диагноз қойып, жеке тәсілмен ем жүргізу - науқастың өмір сапасы мен аман қалуына себеп болады.

#алматы #ГБСНП #Алматы #подписчики #алматысити #ҚЖШККА

В ГБСНП успешно устранена кишечная непроходимость и множественные свищи у пациента с осложнённым хирургическим анамнезом...
24/07/2025

В ГБСНП успешно устранена кишечная непроходимость и множественные свищи у пациента с осложнённым хирургическим анамнезом

В Городской больнице скорой неотложной помощи Алматы успешно проведена операция по устранению тяжёлой спаечной кишечной непроходимости и множественных послеоперационных свищей у пациента с осложнённым хирургическим анамнезом.

Мужчина 50 лет поступил с жалобами на схваткообразные боли в животе, задержку стула и газов, тошноту, слабость, а также выделение кишечного содержимого через свищевые отверстия на передней брюшной стенке. При поступлении был установлен клинический диагноз: острая спаечная кишечная непроходимость, несформированный тонкокишечный свищ, множественные лигатурные свищи передней брюшной стенки и хронический вирусный гепатит В.

В ходе операции, которая длилась 1,5 часа, хирурги провели лапаротомию, рассечение спаек, ревизию органов брюшной полости, устранение кишечной непроходимости, ушивание несформированного тонкокишечного свища и иссечение лигатурных свищей. Интраоперационные находки включали выраженный спаечный процесс, сращения между петлями тонкой кишки и передней брюшной стенкой, а также множественные незаживающие свищевые ходы после прежних операций.

Операцию проводил заведующий операционным блоком Нурхат Есенбеков с ассистированием врача-хирурга Меруерт Булантаевой и анестезиологом Куанышем Шишабаем. Послеоперационный период прошёл стабильно, без осложнений. Пациент находился под наблюдением лечащей бригады и физиотерапевта-реабилитолога. На фоне полученной терапии состояние пациента стабилизировалось, и через неделю он был выписан с улучшением.

Нурхат Есенбеков, заведующий операционным блоком, отметил: «В подобных случаях важно учитывать всю совокупность факторов - как анатомических изменений, так и хронических заболеваний. Мы приняли своевременное решение о хирургическом вмешательстве, провели ревизию и устранили основные причины ухудшения состояния. Командная работа и чёткая тактика позволяют добиваться хороших результатов даже при сложных клинических ситуациях».

Спаечная непроходимость и свищевые осложнения могут развиваться у пациентов после нескольких абдоминальных операций. Подобные состояния требуют своевременной диагностики и индивидуального подхода к лечению.
#ГБСНП #алматысити #ҚЖШККА #Алматы #алматы #подписчики

МӘМС жүйесіне маңызды өзгеріс енгізілді - Президент тиісті заңға қол қойдыБарлық өзгеріс 2026 жылдан бастап кезең-кезеңі...
21/07/2025

МӘМС жүйесіне маңызды өзгеріс енгізілді - Президент тиісті заңға қол қойды

Барлық өзгеріс 2026 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Төменде ең басты өзгерісті ұсынамыз

1. Сақтандыру мәртебесін сақтау жеңілдейді

Егер азамат кемінде 5 жыл қатарынан МӘМС жарнасын төлеген болса, уақытша төлем тоқтаған жағдайда 6 айға дейін сақтандырылған мәртебесін сақтай алады (бұрын - 3 ай болатын).
Бұл жұмысынан айырылған немесе табыссыз қалған азаматтар үшін маңызды.
Кейін сол кезеңге қатысты қарызды өтеу қажет болады.

2. Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі

2026 жылдан бастап:
✔️ Онкоскрининг барлық азамат үшін тегін болады (МӘМС мәртебесіне қарамастан);
✔️ 8 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша (туберкулез, ВИЧ, гепатиттер, психикалық және онкологиялық аурулар, инфаркт, инсульт және т.б.) консультативтік-диагностикалық көмек те тегін көрсетіледі. Бұрын бұл тек 2 ауруға (туберкулез, АИТВ) қатысты болатын.

3. МӘМС базалық пакетінің кеңеюі

2026 жылдан бастап қосылады:
- Амбулаторлық диализ
- Консультативтік-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек
- Бұл көмек 12 созылмалы ауру тобы бойынша көрсетіледі (бауыр, қан, асқазан-ішек жолы, қалқанша без, тыныс алу жүйесі, туа біткен ақаулар және т.б.)

4. Жарна есептеу шегінің өзгеруі

2026 жылдың қаңтарынан бастап:
Жұмыс беруші үшін - 40 ЕТЖ
Қызметкер үшін - 20 ЕТЖ
Бұл жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, салық жүктемесінің шектен тыс өсуін болдырмайды.

5. Мемлекет төлейтін жарнаның мөлшері артады

Мемлекет 15 жеңілдік санатындағы азамат үшін жарна төлейді (балалар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар және т.б.):
2027 жылы - 2,2%,
2037 жылға дейін - 4,7%-ға дейін өседі
Бұл ретте жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін жарна мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады.

6. Халықты қамту аясын кеңейту

Бүгінде халықтың 83%-ы сақтандырылған, ал 3,3 млн адам жүйеден тыс қалып отыр.
Енді жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік осал топтар (D және Е деңгейі) мен ресми тіркелген жұмыссыз үшін жарнаны өз бюджеті есебінен төлейді.
Бұл шаралар шамамен 1 миллион адамды қосымша қамтуға мүмкіндік береді.

Барлық өзгеріс Қазақстан халқына медициналық көмекті қолжетімді, әділ әрі тұрақты етуге бағытталған.

Жаңа нормалар 2026 жылдан бастап кезең-кезеңімен күшіне енеді.
#Алматы #алматы #алматысити #ҚЖШККА #подписчики #ГБСНП

Президент подписал изменения в закон об обязательном социальном медицинском страховании (ОСМС)Изменения будут внедряться...
21/07/2025

Президент подписал изменения в закон об обязательном социальном медицинском страховании (ОСМС)
Изменения будут внедряться поэтапно, начиная с 2026 года. Рассказываем, что важно знать

1. Статус застрахованного - сохраняется

Если вы платили взносы в ОСМС 5 лет подряд, теперь ваш статус застрахованного сохраняется ещё 6 месяцев, даже если вы временно не можете делать взносы.
Это поддержка для тех, кто потерял работу или доход. Долг за этот период нужно будет позже погасить.

2. Бесплатные онкоскрининги и помощь при 8 заболеваниях

С 2026 года в ГОБМП войдут:
✔️ онкоскрининги - бесплатно для всех, вне зависимости от ОСМС-статуса;
✔️ бесплатная КДП при 8 социально значимых заболеваниях (в т.ч. туберкулёз, ВИЧ, гепатиты, рак, инсульт, инфаркт, психиатрические и орфанные заболевания).

3. Расширение базового пакета ОСМС

Добавятся:
✔️ амбулаторный диализ
✔️ КДП, лекарства, стационар и стационарозамещающая помощь при 12 группах хронических заболеваний
(печень, ЖКТ, кровь, щитовидка, ДГПЖ, бронходисплазия, врождённые пороки и др.)

4. Изменение пределов по взносам

С января 2026 года:
- для работодателей - до 40 МЗП
- для работников - до 20 МЗП

5. Повышение ставок за льготные категории

Государство будет платить больше за детей, пенсионеров, людей с инвалидностью и др.
Постепенное увеличение - с 2,2% в 2027 году до 4,7% в 2037 году

6. Будет охвачено больше людей

Взносы за безработных и социально уязвимых граждан (уровни D и E) с 2026 года оплатят местные бюджеты
Система дополнительно охватит около 1 миллиона человек

Все изменения направлены на доступную, справедливую и устойчивую систему медстрахования для всех казахстанцев.

Внедрение - с 2026 года.

Подробнее можете узнать на сайте msqory.kz
#алматы #ҚЖШККА #алматысити #Алматы #подписчики

15 шілде - Халықаралық гинеколог күні құтты болсын!Әйел денсаулығының сақшысы - барша гинеколог маманды кәсіби мерекемен...
15/07/2025

15 шілде - Халықаралық гинеколог күні құтты болсын!

Әйел денсаулығының сақшысы - барша гинеколог маманды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Гинекология - терең білім мен жоғары жауапкершілікті, төзім мен адамгершілікті қажет ететін ерекше сала. Бұл мамандық иелері күн сайын нәзік жандар саулығы үшін талмай еңбек етеді.

Осы орайда Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Кашиноровнаның басшылығымен еңбек етіп жүрген ұжымды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздердің үйлесімді жұмысыңыз, біліктілік пен жанашырлыққа негізделген қызметіңіз - талай әйелдің денсаулығына үміт сыйлап, сапалы өмір сүруіне жол ашып келеді.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Әйел саулығы - ұлттың келешегі.

Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы

---

С Международным днём гинеколога!

Поздравляем всех врачей-гинекологов с профессиональным праздником - днём признания вашей благородной и ответственной миссии.

Гинекология - это область, где требуются не только глубокие знания, но и особая чуткость, такт, человеколюбие и терпение. Каждый ваш день наполнен заботой о женском здоровье и благополучии.

Вы ежедневно доказываете, что внимание, компетентность и командный дух могут творить чудеса в судьбах пациенток.

Выражаем искреннюю благодарность коллективу, работающему под руководством заведующей отделением гинекологии ГБСНП Алмы Кашиноровны, и пожелать крепкого здоровья, сил, вдохновения и дальнейших успехов в вашем благородном труде!

Здоровье женщины - это здоровье нации и будущее общества.

С уважением,
Городская больница скорой неотложной помощи Алматы

Алматы ҚЖШККА хирург мамандары холецистэктомиядан кейінгі кеш асқынуды анықтап, сәтті жойдыАлматы Қалалық шұғыл көмек кө...
09/07/2025

Алматы ҚЖШККА хирург мамандары холецистэктомиядан кейінгі кеш асқынуды анықтап, сәтті жойды

Алматы Қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына 57 жастағы ер адам жүгінді. Ол бастапқы тексеру мен кеңес алу үшін ауруханаға өзінің медициналық құжаттары мен зерттеу нәтижелерін электронды пошта арқылы жолдаған. Құжаттары қаралған соң, пациентке бетпе-бет қабылдауға келіп, шұғыл түрде емдеуге жату ұсынылған.

10 жыл бұрын науқас тұрғылықты жерінде өт тас ауруына байланысты өт қабын алдырып тастаған. Алайда соңғы күндері жағдайы күрт нашарлаған: асқазан тұсы мен оң қабырға астында мазалайтын ауырсыну, жүрек айну, ауыздың құрғауы пайда болған.

Құрсақ қуысы ағзаларына жүргізілген МРТ тексерісі өт қабының қалдығы - тұқылының көпіршіктеніп, қабырғасының қалыңдағанын және ішінде ұсақ тастардың жиналғанын көрсеткен. Бұл - күрделі әрі қауіпті асқыну және дереу ота жасауды қажет ететін жағдай.

Пациентке лапаротомия отасы жасалды.

Ота 1,5 сағатқа созылды. Ота жасаған бригада құрамында: хирург Нұрхат Есенбеков, ассистент Дәурен Абдуалиев, анестезиолог Исматулла Камалов болды. Ота барысында көлемі 3,0×2,5 см болатын, қабырғасы қалыңдаған, ішінде тастары бар көпіршік тәрізді тұқыл анықталып, өт қалдығын мойнынан толық алып тастау (тұқыл холецистэктомиясы) жүргізілді.

Отадан кейін пациент емдеуші дәрігер Ақтоты Айтақын мен физиотерапевт-реабилитологтың бақылауында болып, қажетті медикаментозды және қалпына келтіру емін қабылдады. Бесінші күні науқас жағдайы тұрақты болған соң, әрі қарай тұрғылықты жері бойынша бақылау ұсынылып, үйіне шығарылды.

«Өт қабын алып тастағаннан кейін кейбір науқаста асқыну болады - ұзынша тұқыл ішінде тастар қайта пайда болып, қабыну басталуы мүмкін. Бұл - баяу, байқалмай дамитын үдеріс. Ол кенеттен асқынады. Мұндай жағдайды дер кезінде анықтап, ота жасау - ең дұрыс шешім. Біз патологиялық учаскені алып тастадық, пациенттің жағдайы жақсы. Ең бастысы - ауырсыну мен белгілерді елеусіз қалдырмай, дер кезінде тексерілу керек», - деп түсіндіреді Нұрхат Есенбеков.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
Өт қабын алып тастағаннан кейін ауырсыну жалғаса берсе - бұл қалыпты жағдай емес!
Жылдар өткен соң да асқыну пайда болуы мүмкін.
Уақтылы жүргізілген тексеру мен хирургиялық ем - адамның өмір сапасын қалпына келтіреді.
#алматы #Алматы #подписчики #ГБСНП #алматысити #ҚЖШККА

Address

Улица Казыбек би, 96
Almaty

Telephone

+77272923816

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Больница скорой неотложной помощи г. Алматы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Больница скорой неотложной помощи г. Алматы:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram

Category