ЦРБ Жамбылского района

ЦРБ Жамбылского района ГКП на ПХВ Центральная районная больница Жамбылского ?

Жамбыл аудандық орталық ауруханасына ана денсаулығын қорғау департаментінің ана денсаулығын қорғау басқармасының басшысы...
23/09/2025

Жамбыл аудандық орталық ауруханасына ана денсаулығын қорғау департаментінің ана денсаулығын қорғау басқармасының басшысы Шакизат Халыкова келді.

Сапар аясында босандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша отырыс өтті. Талқылау барысында сарапшы жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетудің сапасына назар аударып, перинаталдық қызметті нығайтудың және медицина мамандарының біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Медициналық персоналға фертильді жастағы әйелдердің денсаулығына қамқорлық жасаудың, жүктілік кезеңінде асқынулардың алдын алудың, уақтылы скринингтер мен профилактикалық тексерулерден өтудің маңыздылығы еске салынды.

Сапар қорытындысы бойынша медициналық қызметтердің деңгейін одан әрі арттыру және пациенттер үшін жағдайды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқауіпсіздікті күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.   Бүгін ҚСжАЕК-ның Қылмыстық...
19/09/2025

Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқауіпсіздікті күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.   Бүгін ҚСжАЕК-ның Қылмыстық қауіп-қатерлер және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының алғашқы есебі тыңдалды. Орталық жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, цифрлық жобаларды іске асыруға кіріскен: «е-Өтініш» жүйесіндегі жолданымдарды талдайды, қылмыстылықты болжайды, Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін әлемдік қылмыстық қауіп-қатерлерді бақылайды. Жуырда дәл осы Орталық автокөлік иелеріне бағытталған ауқымды фишингтік шабуыл туралы алдын ала ескерту жасады. Қаскүнемдер жол жүрiсi қағидаларын бұзғаны туралы «қаулылары» тіркелген және «айыппұл төлеу» сілтемесі бар хаттарды таратуда. Оған өту қаражаттың ұрлануына және құрылғылардың зақымдалуына әкеледі. Алғашқы шабуылдар АҚШ пен РФ-да тіркелді, сол себептен біз азаматтар мен мемлекеттік органдарды бар тәуекелдер туралы хабардар етудеміз.   Адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – біз үшін бірінші кезектегі міндет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура киберқылмыс қауіп-қатерлерін дер кезінде анықтап, алдын алу мақсатында цифрлық болжамды одан әрі жүзеге асырады. Бұл – қоғам алдындағы біздің жаңа жауапкершілігіміз.

Глава государства в Послании особо отметил необходимость укрепления кибербезопасности. Сегодня заслушал первый отчёт Центра прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности КПСиСУ. Центр уже реализует цифровые проекты с применением элементов искусственного интеллекта: анализирует обращения в «е-Өтініш», прогнозирует преступность, отслеживает мировые криминальные угрозы, чтобы не допустить их экспорта в Казахстан. Недавно именно этот Центр предупредил о масштабной фишинговой атаке на автолюбителей. Злоумышленники рассылают письма с «постановлением» о нарушении ПДД и ссылкой «оплатить штраф», что приводит к краже денег и заражению устройств. Первые атаки зафиксированы в США и РФ, мы уже информируем граждан и госорганы о рисках.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейл...
17/09/2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа бақылау жүйесін жасанды интеллект негізінде құруды тапсырды.

Осыған байланысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облыстық филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова Жолдауда Қорға жүктелген міндеттер туралы айтып берді.

– Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында денсаулық сақтау саласына, соның ішінде Қор жұмысына ерекше көңіл бөліп келеді. Биылғы Жолдау да осы бағыттағы стратегиялық мақсаттарды нақтылап берді. Атап айтқанда, медициналық көмектің сапасын арттыру және оны тұрғындарға қолжетімді ету үшін жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті енгізу міндеттелді, – деді филиал басшысы.

Ғайни Төленқызының айтуынша, бұл бағытта алғашқы нақты қадамдар жасалып та үлгерген. Жамбыл облысында медициналық қызметтерге ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде «Мониторинг» модулі енгізіліп, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап пилоттық режимде іске қосылған. Ал 1 шілдеден бастап жүйе толық жұмыс істей бастады.

Қазіргі таңда Қор филиалы облыстағы 109 медициналық ұйыммен шарт жасасқан. Бірыңғай төлем жүйесінің алғашқы кезеңі аясында 20-дан астам автоматтандырылған мониториг алгоритмі енгізілді. Бұл жүйе арқылы медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтері заңнама мен стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан автоматты түрде тексеріледі. Кемшіліктер мен сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жүйе бірден белгі беріп, жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді.

– Бұл тәсіл бізге нақты ақауларды уақытылы анықтап, қызмет сапасын бақылауды күшейтуге жол ашады. Жолдауда айтылғандай, 2025 жылдың соңына дейін жасанды интеллект негізінде толыққанды мониторинг жүйесін құру көзделіп отыр. Мұндай технологиялар тәуекелдерді болжауға, ресурстарды тиімді бөлуге және ең бастысы – халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге сеп болмақ, – деп түйіндеді Ғайни Аймағанбетова.
kaz

#ӘМСҚЖАМБЫЛ #МӘМСЖАМБЫЛ

Онколог-дәрігер Нурмаганбетова Бактыгуль Жамбыловна «Көзге көрінетін локализациядағы қатерлі ісіктері» тақырыбында оқыту...
16/09/2025

Онколог-дәрігер Нурмаганбетова Бактыгуль Жамбыловна «Көзге көрінетін локализациядағы қатерлі ісіктері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Іс-шара барысында маман науқасты тікелей қарау кезінде анықталатын онкологиялық аурулардың ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды.

Арнайы назар ерте диагностиканың маңыздылығына, медицина қызметкерлерінің онкологиялық қырағылығын арттыруға және пациенттерді уақтылы қосымша тексеруге жолдаудың қажеттілігіне аударылды.
Семинар тәжірибелік сипатта өтіп, тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.
--------------
Врач-онколог Нурмаганбетова Бактыгуль Жамбыловна провела обучающий семинар на тему «Опухоли визуальных локализаций».
В ходе мероприятия специалист подробно осветила особенности онкологических заболеваний, которые могут быть выявлены при непосредственном осмотре пациента.

Особое внимание уделялось вопросам ранней диагностики, повышению онкологической настороженности медицинских работников и важности своевременного направления пациентов на дообследование.
Семинар носил практический характер и способствовал укреплению профессиональных компетенций слушателей.

Жаңа дәуір медицинасı: цифрлық трансформация стратегиясына қолдауМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасан...
11/09/2025

Жаңа дәуір медицинасı: цифрлық трансформация стратегиясына қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу жолдары» атты Жолдауы еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды стратегиялық бағдарға айналды.

Президенттің медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін жасанды интеллект технологиялары арқылы бақылаудың жаңа жүйесін қалыптастыру қажеттілігіне баса назар аударғанын ерекше атап өткім келеді. Бұл – уақыт талабына толық сәйкес келетін әрі озық шешім. Ол медициналық үдерістердің ашықтығы мен тиімділігін арттырып қана қоймай, әрбір пациентке, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға жекелендірілген медициналық көмек көрсетуге жол ашады.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртудың да маңызын атап өтті. Осы орайда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының нәтижесінде Жамбыл облысында да нақты жетістіктер бар: жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылуда, медициналық техника жаңартылуда, кадрлық әлеует күшейтілуде.

Президенттің жаңадан салынған көпбейінді ауруханаларды толыққанды іске қосу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке инвестицияларды тарту туралы тапсырмалары – ең шалғай ауылдардың тұрғындарына да сапалы медициналық көмекті ірі қалаға бармай-ақ қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл – біздің еңбегімізге берілген лайықты баға әрі отандастардың денсаулығы үшін күн сайын аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер үшін зор ынталандыру.

Жамбыл аудандық орталық ауруханасының ұжымы атынан Жолдауда көтерілген бастамаларды толық қолдайтынымды білдіремін. Біз жаңа технологияларды енгізуге, медициналық қызметтің сапасын жақсартуға және ел игілігі жолында адал еңбек етуге әрқашан дайынбыз.

Ақмарал Қайыпберген, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігеріzhambyl

🚑 Жедел жәрдемді шақыру ережелеріКез келген төтенше жағдайда дұрыс әрі уақтылы жедел жәрдем шақыру – науқастың өмірін са...
11/09/2025

🚑 Жедел жәрдемді шақыру ережелері

Кез келген төтенше жағдайда дұрыс әрі уақтылы жедел жәрдем шақыру – науқастың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

📞 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
📍 Мекенжайыңызды және жағдайыңызды анық айтыңыз.
✅ Диспетчер берген нұсқаулықтарды орындаңыз.

👉 Есіңізде болсын:
Уақтылы көрсетілген көмек – денсаулықтың кепілі.

#ЖеделЖәрдем #АудандықАурухана #денсаулық zhambyl

Отбасы күніне арналған апта жалғасуда. Бүгінгі тақырып – саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру. Баланың болашағы мен қо...
10/09/2025

Отбасы күніне арналған апта жалғасуда. Бүгінгі тақырып – саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру. Баланың болашағы мен қоғамның тұрақтылығы ең алдымен ата-ананың жауапкершілігіне байланысты. Әрбір ата-анаға білім мен мейірімге негізделген тәрбиенің маңызы ерекше.

#ҰлттықКомиссия #НацКомиссия
#ОтбасыКүні #ОтбасылықҚұндылықтар #СаналыАтаАна #БақыттыҰрпақ
#ДеньСемьи #СемейныеЦенности #ОсознанноеРодительство #СчастливоеПоколение

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына байланысты мәселелердің барын айтт...
08/09/2025

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына байланысты мәселелердің барын айтты.

«Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және медициналық қызметтерге мониторинг жүргізу ісінің тиімділігіне қатысты мәселелер бар.

Бюджет қаржысы шектеулі кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры іс жүзінде бюджетті реттеуші рөлін атқарып отыр. Қор дайын өнім жеткізетін кәсіпорындарға бақылауды күшейткеннің арқасында шығынды көбейтпей ұстап тұр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент медициналық қызметтерге мониторинг жүргізу бойынша жаңа жүйенің қажеттігіне тоқталды.

«Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс».

#ӘМСҚЖАМБЫЛ #МӘМСЖАМБЫЛ

Жамбыл аудандық орталық ауруханасы "Үздік тәжірибе орталығы" Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ұйымдастыру...
08/09/2025

Жамбыл аудандық орталық ауруханасы "Үздік тәжірибе орталығы" Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ұйымдастыруымен Төле би орта мектебінде қыздар арасында "Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында ақпараттық оқу құралдары таратылып, сұрақ -жауап алынып, бейнетаспа көрсетілді.

Жамбыл аудандық орталық ауруханасы "Үздік тәжірибе орталығы" Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ұйымдастыру...
08/09/2025

Жамбыл аудандық орталық ауруханасы "Үздік тәжірибе орталығы" Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ұйымдастыруымен 7 орта мектебінде жасөспірімдер арасында "Денсаулық фестивалі" қарсаңында спорттық іс-шаралар өткізілді .

Жамбыл аудандық орталық ауруханасы "Үздік тәжірибе орталығы" Әлеуметтік -психологиялық көмек көрсету және сауықтыру бөлі...
08/09/2025

Жамбыл аудандық орталық ауруханасы "Үздік тәжірибе орталығы" Әлеуметтік -психологиялық көмек көрсету және сауықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен Айшабибі орта мектебінде жасөспірімдер арасында"Денсаулық фестивалі " өтті.

Address

Жамбылская область, с. Аса, Улица Абая, 94
Assa

Telephone

+77263341921

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ЦРБ Жамбылского района posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram