11/08/2022
🇬🇪Грузияға не үшін бару керек?
🏴 Ең біріншіден ол жақтағы жап-жасыл табиғаты мен заманауи Европанын қандай болатынын көру үшін бару керек деп ойлаймын. Европаға шыққым келеді, бірақ қаржылай қалтаға тиетін болса, Грузиядан бастау алып көрініз деп кеңес берер едім. Өз басым, дәл солай жасадым. Бірден Австрия, Италия,Швейцария демей Әйелім екеуміз осы Грузияны таңдадық.
🏴 Грузияға бару керек тағы бір себеп: ол Мартвили каньоны - кинодағы эльфтердін мекендеріне ұқсайтын ертегі жер. Инстаграмдағы рилстардан ғана көре бермей, өз көздеріңізбен көріп, сезініп көрініздер)
🇬🇪Грузия мен біздің Қазақстандағы бағаларымыздан қатты айырмашылық көрмедім. Сол үшін, арзан әрі Европанын бір бөлшегіне саяхат жасауға тұрарлық мемлекет.
Турсыз өзіңіз барсаңыз орта есеппен бір адамға 250000-300000 жетіп қалды.
🇬🇪Грузияның бір жақсы жері Орыс тілінде сөлесе бересіз,азын аулақ адамдар Грузин,ағылшын тілінде сөйлейді.
Біз Грузияда Кутаиси,Тбилиси,Кахетия,Сигнахи,Батуми қалаларында болып Жақсы демалыс өткіздік, Демалысымыз жақсы өтуіне себепкер болған ұжымы.
Алла тағала баршаңызға 🌍Ел,жер көруді нәсіп етсін Әмин.
#Грузия #Тбилиси #Кутаиси #Казбеги #Кахети #Сигнахи