КГП на ПХВ «Атырауский областной центр психического здоровья»

  • Home
  • Kazakhstan
  • Atyrau
  • КГП на ПХВ «Атырауский областной центр психического здоровья»

КГП на ПХВ «Атырауский областной центр психического здоровья» Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from КГП на ПХВ «Атырауский областной центр психического здоровья», Hospital, Курмангазы 58, Atyrau.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі мүгедек азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, оларға тиісті дәрежеде қолжетімді медициналық көм...
13/04/2022

Елімізде мүмкіндігі шектеулі мүгедек азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, оларға тиісті дәрежеде қолжетімді медициналық көмектің ұсынылуы мемлекеттің басты назарында. Осыған байланысты Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 28 наурыздағы №100 бұйрығымен құрылған мониторинг тобы, құрамында Атырау облысы әкімдігінің мүгедектік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Есмағамбетова Ж.Ж, ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Казиева М.К, ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеттінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Амангалиева Д.Г, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Унашалиева А.К болып, облыстағы медицина ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі келуші азаматтарға, науқастарға жағдай жасалуын және көмек көрсетілу деңгейін тексеру мақсатында, 12 сәуірде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығына келіп, мүмкіндігі шектеулі келушілерге жағдай жасаудың, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігіне мониторинг жасап, одан әрі жақсартуға ұсынымдарын берді.
Орысша нұсқасы төменде. ⤵️⤵️⤵️⤵️⤵️⤵️
Русский перевод в комментариях ⤵️⤵️⤵️⤵️⤵️

2022 жылғы 12 сәуірде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында  АИТВ/ЖИТС-тің таралуының алдын алу мәселелері ме...
13/04/2022

2022 жылғы 12 сәуірде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында АИТВ/ЖИТС-тің таралуының алдын алу мәселелері медицина қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Семинарда «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ -211/2020 бұйрығының негізгі талаптары, оған ҚР ДСМ 2022 жылғы 28-қаңтардағы №6 бұйрығымен енгізілген өзгерістер туралы және OraQuick HIV-1/2 жедел тестісімен тексеру жүргізу тәртібі талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дәрігер-эпидемиолог Е.Уайсов баяндады. Ол АИТВ -ға тексерудің жалпы тәртібі, АИТВ-ға клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тексерулер жүргізу, апаттық жағдайлар мен олардың түрлері, апаттық жағдайлардағы жедел шаралар, OraQuick HIV-1/2 тесті және оны жүргізу тәртібі туралы баяндады.
Сонымен қатар, 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы ИЕТА нашақорларын АИТВ -ға тексеру жағдайына талдау жасалды.
Семинарға дәрігерлер, бас және аға мейірбикелер, емханалар мейірбикелері -барлығы 41 адам қатысты.
::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
12 апреля 2022 года В Атырауском областном центре психического здоровья с медицинскими работниками проведен семинар о мерах по предупреждению распространения ВИЧ/СПИД.
На семинаре обсуждены вопросы об основных требованиях приказа Министерства здравоохранения Республики Казахстан №МЗ РК-211/2020 от 27 ноября 2020 года «Об утверждении правил обязательного конфиденциального медицинского обследования на наличие ВИЧ-инфекции», внесенных в него приказом МЗ РК №6 от 28 января 2022 года изменениях и о опорядке проведения обследования с использованием экспресс-теста OraQuick HIV-1/2.
По вопросам повестки дня выступил врач-эпидемиолог центра Уайсов Е.И.
Он разъяснил общие вопросы обследования на наличие ВИЧ-инфекции, порядок обследования на ВИЧ-инфекцию по клиническим и эпидемиологическим показаниям, об аварийных ситуациях и их видах, экстренных мерах при аварийных ситуациях, а так же порядок применения экспресс-тес

06/04/2022

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады.
«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.
Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Antikor оrtalyǵy-ның функциялары:
- жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;
- уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;
- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.
Орталықтың жұмыс уақыты: дс-жм, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.

06/04/2022

«Antikor оrtalyǵy» Агентства РК по противодействию корруцпии и его территориальных департаментов начал свою работу.
«Antikor оrtalyǵy» является площадкой для приема граждан по вопросам коррупции.
Целью Antikor оrtalyǵy является создание комфортных условий
для безбарьерного приема граждан и оперативного принятия мер по их обращениям, а также защита прав, свобод и законных интересов физических и юридических лиц.
К функциям Antikor оrtalyǵy относится:
- прием физических лиц и представителей юридических лиц;
- консультирование и оказание содействия физическим лицам и представителям юридических лиц в составлении обращений в уполномоченные органы и суд;
- разъяснение антикоррупционной политики и правовых норм в сфере противодействия коррупции.
График работы центра: пн-пт, с 09:00 до 17:00 ч.

Бүгін  2 – сәуірде  ШЖҚ КМК «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының» қызметкерлері. «Атырау – таза қала» жалпы...
04/04/2022

Бүгін 2 – сәуірде ШЖҚ КМК «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының» қызметкерлері. «Атырау – таза қала» жалпықалалық сенбілігіне қатысты.
Қаламыздың көркеюіне атсалып бізде өз емхана аумағымыздың
территорияларын тазалап, абаттандырып, мекемелер маңайындағы ағаш түптері қопсытылды. Қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеменің көркеюіне өз үлестерін қосты.Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

2022 жылдың 17-18 наурызы  арлығында, Алматы қаласында «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ...
01/04/2022

2022 жылдың 17-18 наурызы арлығында, Алматы қаласында «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ЖШҚ РМК базасында, республикалық психикалық денсаулықты қорғау қызметінің медициналық ұйымдарының «Апиындарды агонистармен қолдаушы ем бағдарламасының мәселелері» және «Аймақтық медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық - әдістемелік көмек көрсету жөніндегі 2022 жылғы арналған іс-шаралар жоспарын» іске асыру шеңберінде психикалық денсаулық қызметінің 2021 жылдың қорытындысы бойынша республикалық кеңес өткізілді. Кеңеске Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Кдрсихов Елдос Ерсаинұлы қатысып, 1(бір) жылдық жұмыс есебін берді.

17-18 марта 2022 года , на базе РГП «Республиканский научно-практический центр психического здоровья» в городе Алматы, в рамках реализации «вопросов программы поддерживающей терапии агонистами опиоидами» медицинских организаций республиканской службы охраны психического здоровья и «плана мероприятий на 2022 год по оказанию организационно - методической помощи региональным медицинским организациям» по итогам деятельности за 2021 год проведено республиканское совещание. В совещании принял участие директор Атырауского областного центра психического здоровья Кдрсихов Елдос Ерсаинович, который представил отчет по проделанной работ за предыдущий 2021 год.

Құрметті Instagram қолданушылары!Сізді facebook парақшаммен https://www.facebook.com/kgpaocpz/ таныстыруды шештім!Мен сі...
31/03/2022

Құрметті Instagram қолданушылары!
Сізді facebook парақшаммен https://www.facebook.com/kgpaocpz/ таныстыруды шештім!
Мен сізбен диалог пен кері байланыс үшін ашықпын. Мүмкіндігінше , Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының құзыретіне жататын сіз қойған бірде-бір сұрақты назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Сіздерге Әлеуметтік сала мәселелеріне назар аударғандарыңыз үшін және азаматтарымыздың әлеуметтік көңіл-күйі мен әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ұсыныстарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Халықпен ақпарат бөлісуге мекеменің instagram парақшасы https://www.instagram.com/aotspz/ және facebook парақшасы https://www.facebook.com/KGKPAOCP/ , ресми интернет сайты https://atyrau-aocpz.kz/ бар екенін қаперіңізге беремін. Мекеменің ресми сайтында әр түрлі мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарау үшін ашылған жеке блогымда бар.
Біз бірлесіп медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыра аламыз.
Құрметпен, Елдос Ерсайнұлы Кдрсихов
___________________________________________________

Уважаемые пользователи Instagram!
Решил представить Вам свою страничку в facebook https://www.facebook.com/kgpaocpz/ !
Я открыт для диалога и обратной связи с вами. По возможности, стараюсь не оставлять без внимания ни один вопрос, который вы задали, который относится к компетенции Атырауского областного центра психического здоровья.
Благодарю Вам за внимание к вопросам Cоциальной сферы и за предложения по улучшению социального самочувствия и благосостояния наших граждан.
Сообщаю Вам, что в учреждения есть страница в instagram https://www.instagram.com/aotspz/ и страница facebook https://www.facebook.com/KGKPAOCP/ , официальный сайт https://atyrau-aocpz.kz/ для обмена информацией с общественностью. На официальном сайте учреждения есть мой личный блог, открытый для рассмотрения обращений граждан по различным вопросам.
Вместе мы сможем повысить уровень медицинского обслуживания.
С Уважением, Елдос Ерсайнович Кдрсихов

24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні Жыл сайын 24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні болып ата...
25/03/2022

24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні

Жыл сайын 24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні болып атап өтіледі.
Бұл күні неміс ғалымы Роберт Кох осыдан жүзден астам жыл бұрын осы қауіпті аурудың қоздырғышы-туберкулез микобактериясын ашқаны туралы хабарлаған болатын. Бұл осы ауруды диагностикалау және емдеу саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берген аса маңызды ғылыми жаңалық еді.
Туберкулез көбіне тыныс алу органдарын, ең алдымен өкпе мен бронхты зақымдайды, бірақ басқа да органдарды зақымдауы мүмкін, мысалы, сүйектер мен бұлшық еттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар: өкпе туберкулезі және өпеден тыс туберкулез.
Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтуі мүмкін және ол флюорография немесе кеуде жасушасын рентген суретіне түсірген кезде анықталады.
Туберкулездің негізгі белгілері мыналар болып табылады:
• жөтелу және қақырықтың бөлінуі, кейде қанмен;
• ұзақ уақыт бойы 37-37,5 градусқа дейін дене қызуының жоғарылауы;
• тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы;
• тәбеттің болмауы немесе азаюы, салмақтың түсуі;
• көп терлеу, әсіресе түнде;
• денеге физикалық жүк түсірген кезде ентіге бастау.
Жоғарыда көрсетілген белгілердің біреуі немесе бірнешеуі екі-үш апта
ішінде сақталған кезде бірден терапевт немесе фтизиатр дәрігерге шұғыл бару керек.
Туберкулезді ерте анықтау және дұрыс емдеу кезінде жұқтырған адамдар бактерия таратуды тоқтатады және толық емделеді.
Халық үшін негізгі қауіп өкпе туберкулезі, өйткені ауруды тарату жолы жеңіл–ауа-тамшылары арқылы. Дені сау адам туберкулезбен ауыратын науқас жөтелген, түшкірген және онымен сөйлескен кезде жұқтыра алады.
Туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған кез келген адам туберкулезбен ауруы мүмкін. Аурумен байланыс неғұрлым тығыз, жақын болған сайын ауруды жұқтыру қаупі жоғары болады. Негізінен, туберкулездің дамуына ағзаның қорғаныш күштерінің (иммунитеттің) төмендеуі әсер етеді: дұрыс тамақтанбау, күйзелісті жағдайлар, АИТВ-инфекциясы осының себебі болуы мүмкін.
Бірақ туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс жасаған адамдардың барлығы ауырмайды. (жалғасы төменде)

25/02/2022

Address

Курмангазы 58
Atyrau
060009

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when КГП на ПХВ «Атырауский областной центр психического здоровья» posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category