23/04/2026
Қазақстанның дәрі-дәрмекті бақылау жүйесі әлемдегі ең сенімді жүйелердің бірі ретінде танылды
Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) реттеушілік жүйесі бойынша 3-ші кемелділік деңгейіне (ML3) ресми түрде қол жеткізді.
Бүгін Ақордада ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Мемлекет басшысына осы жоғары мәртебені растайтын ресми хатты табыс етті.
Бұл жетістіктің маңызы қандай?
🔹 Өңірлік көшбасшылық: Қазақстан — ТМД елдері арасында алғашқы және ДДҰ Еуропалық өңірінде осындай жоғары деңгейді растаған төртінші ел.
🔹 Халық үшін кепілдік: Бұл мәртебе — әлемдік сарапшылардың берген «сапа белгісі». Ол еліміздегі әрбір дәрі-дәрмектің зауыттан бастап дәріхана сөресіне дейінгі қауіпсіздігі мен сапасы қатаң бақылауда екенін дәлелдейді.
🔹 Экспорттық әлеует: ML3 деңгейі отандық фармацевтика саласына жаңа мүмкіндіктер ашып, қазақстандық препараттардың халықаралық нарыққа шығуын жеңілдетеді.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша өршіл жоспарлар талқыланды. Біз тек стандарттарға сай болып қана қоймай, әрбір азаматтың денсаулығын қорғау үшін ең озық инновацияларды енгізудеміз.
Мұндай жетістік - еліміздің барлық медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ортақ жеңісі! ДДҰ-ға жоғары бағасы үшін алғыс айта отырып, жаңа белестерге нық қадам басамыз.
Толығырақ: https://t.me/aqorda_resmi/31957
#қрденсаулықсақтауминистрлігі #қрмедициналықжәнефармацевтикалықбақылаукомитеті