Атырауский областной центр формирования здорового образа жизни

  • Home
  • Kazakhstan
  • Atyrau
  • Атырауский областной центр формирования здорового образа жизни

Атырауский областной центр формирования здорового образа жизни Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Атырауский областной центр формирования здорового образа жизни, Medical and health, Островская 4, Atyrau.

✅ Ағымдығы жылдың 30 қазан күні сағат 10:30да “Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС мен “ANG...
17/11/2023

✅ Ағымдығы жылдың 30 қазан күні сағат 10:30да “Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС мен “ANGEL.NBA” мекемесінің ұйымдастыруларымен Мақат аудандық ауруханасының қызметкерлері мен емханаға келушілер арасында “Қант диабетінің алдын алу” тақырыбында семинар жүргізілді.

➖ Аталмыш шараны орталықтың үйлестірушісі ашып, қант диабеті және оның салдары туралы сөз қозғап өтті. Шарада аталмыш тақырыпқа сай слайд қорғалып, қант диабетінің алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, физикалық белсенділікті арттыру қажет екендігі жөнінде айтылды. Және шараға сол ауданның эндокринолог дәрігері қатысып, аудан тұрғындарына қант диабетінің алдын алу бойынша дәрігерлік кеңес берді. Сонымен қатар тақырыпқа сәйкес стенд құрылып, семинарға қатысушылар арасында ақпараттық оқыту материалдары таратылды.

✅Ағымдығы жылдың 30 қазан күні сағат 12:00де “Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС мен “ANGE...
17/11/2023

✅Ағымдығы жылдың 30 қазан күні сағат 12:00де “Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС мен “ANGEL.NBA” мекемесінің ұйымдастыруларымен Доссор ауылдық ауруханасының қызметкерлері арасында “Жұқпалы аурулардың алдын алу” тақырыбында вебинар жүргізілді.

➖Аталмыш шарада орталық үйлестірушісі қазіргі таңдағы жұқпалы аурулар, соның ішінде корь(қызылша), тұмау секілді аурулар және оның алдын алу жолдары бойынша ақпараттар айта өтті. Сонымен қатар жұқпалы аурулардың алдын алу үшін ең алдымен иммунитетті нығайту керек, соның ішінде тез дайындалатын тағамдардан бас тарту, дене белсенділігін арттыру, жеке бас гигиенасын сақтау, қол жуу ережелерін сақтау секілді қарапайым қағидаларды ұстау туралы ақпараттармен бөлісті. Және де фаст фудтардың зияны, тиімді тамақтану, денсаулықты нығайту, дене белсенділігін арттыру бойынша стенд көрсетіліп, ақпараттық оқыту материалдары таратылды.

✅ Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Angel.NBA мекемесі мамандарының ұйымдастыруларымен 26 ...
17/11/2023

✅ Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Angel.NBA мекемесі мамандарының ұйымдастыруларымен 26 қаазан күні сағат 11:00 – де ІТ мектеп - лицейінің оқушылары арасында «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар жүргізілді.

➖ Мақсаты: зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, өз денсаулығына деген жауапкершілік қатынасты дамыту. Шара барысында нашақорлықтың ағзаға алып келетін зияндары, тәуелділіктен құтылу жолдары, нашақорлықтың салдары мен оның алдын алу жолдары түсіндіріліп, жалпы зиянды әдеттер
бойынша видеролик көрсетілді.

➖ Сонымен қатар оқушыларға тақырыпқа сай ситуациялық сұрақтар қойылып, белсенді қатысқан оқушыларға орталық атынан сыйлықтар берілді. Шара соңында ақпараттық – оқыту материалдары таратылды.

✅ Ағымдағы жылдың 28 қазан күні сағат 16:00 – де Атырау облыстық салауатты өмір салтын ққалыптастыру орталығы мен Angel....
14/11/2023

✅ Ағымдағы жылдың 28 қазан күні сағат 16:00 – де Атырау облыстық салауатты өмір салтын ққалыптастыру орталығы мен Angel.NBA мекемесінің ұйымдастыруымен Қайрат Нұртас өнер мектебінің үйірмелерге қатысушылар арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында семинар жүргізілді.

✅ Аталмыш семинар мақсаты жас ұрпақты дұрыс тамақтануға тәрбиелеу, фаст фудтардың жас организмге зияны мен оның салдарын ұғындыру. Шара барысында зиянды тағамдарды түсіндіріп, дене белсенділігімен айналысу қажет екендегі, газдалған сусындардың қандағы қант құрамының едәуір өзгерісіне алып келетіні жөнінде ақпараттар берілді. Шара соңында ақпараттық – оқыту материалдары таратылды.

✅ Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Angel.NBA мекемесі мамандарының ұйымдастыруымен екпе т...
14/11/2023

✅ Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Angel.NBA мекемесі мамандарының ұйымдастыруымен екпе тақырыбында «Біз екпені қолдаймыз!» тақырыбында Apec Petrotechnic жоғары колледжінің
студенттері арасында волейболдан жарыс өткізілді.

✅ Аталмыш жарыста студенттер дене қыздыру жаттығуларын жасап, бойларын жазып алды. Студенттер 3 топқа бөлініп, әр команданың аты мен ұраны таныстырылды. Жеребе тастау арқылы «Апек», «ЗОЖ», «Денсаулық» командалары бір – бірімен волейбол ойнады. Төрешілер әр команданың ұпайларын, айып ұпайларын бақылап, қорытынды шығарылды. Спорттық шара соңында ұтқан әр командаға орталық атынан диплом мен сыйлықтар берілді.

✅ Онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасының қатысушылары арасында Атырау облыстық са...
14/11/2023

✅ Онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасының қатысушылары арасында Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Angel.NBA мекемесі мамандарының ұйымдастыруымен оффлайн вебинар жүргізілді.

✅ Аталмыш шарада қатысушыларға онкологиялық аурулар жөнінде ақпараттар берілді. Скринингке уақытылы түсу, сүт безі обыры ауруымен диспансерлік есепте тұрмайтын 40 – 70 жастағы әйелдердің осы ауруды ерте анықтау үшін скринингке түсу, онкологиялық аурулардың себептері және оның белгілері
туралы ақпараттар айтылды. Шара соңында ақпараттық - оқыт материалдары таратылды.

✅ Ағымдағы жылдың 11 қазан күні сағат 15:30 – да ЖШС «Атырау облыстықсалауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мен «A...
14/11/2023

✅ Ағымдағы жылдың 11 қазан күні сағат 15:30 – да ЖШС «Атырау облыстық
салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мен «ANGEL.NBA»
мекемесімен ұйымдастыруларымен №27 И.Тайманов атындағы орта
мектептің 8 сынып оқушылары арасында «КВИ мен ЖРВИ – дың алдын алу»
тақырыбында семинар өткізілді.

✅ Аталмыш тақырыпта күз мезгіліне байланысты ЖРВИ ауруының алдын алу жолдары, дұрыс толыққанды тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, физикалық белсенділікпен айналысу арқылы денсаулықты нығайтау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар ауру белгілері байқалса бетперде тағып, дәрумендерге толы көкөністер мен жемістер тұтынып, күн сәулесін қабылдау арқылы ағзадағы дәрумен көзін байыту туралы айтылды. Шара соңында оқушыларға ақпараттық – оқыту материалдары таратылды.

11/11/2023

Address

Островская 4
Atyrau

Telephone

8-712-2-50-10-34

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Атырауский областной центр формирования здорового образа жизни posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram