11/04/2026
Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында аурухана аумағы тазартылып, ағаштар әктеліп, көгалдандыру және тал отырғызу жұмыстары жүргізілді. Медициналық қызметкерлер қоршаған ортаның тазалығына үлес қосып, табиғатқа жанашырлық танытты.
Бұл бастама экологиялық мәдениетті нығайтуға, туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға және салауатты өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
⸻
Коллектив Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больницы в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» провел субботник.
В ходе мероприятия была очищена территория больницы, проведена побелка деревьев, а также выполнены работы по озеленению и высадке саженцев. Медицинские работники внесли вклад в сохранение чистоты окружающей среды и проявили ответственное отношение к природе.
Данная инициатива направлена на укрепление экологической культуры, повышение ответственности за родной край и формирование благоприятной среды для жизни.