24/05/2022
with .repost
• • • • • •
🦠 Скарлатина ауруы
Балалар арасында жиі кездесетін, ауа - тамшылы жолмен берілетін, аурудың бірі - скарлатина. Аурудың қоздырғышы «А» тобындағы стрептококк болып табылады, ағзаның улануымен, жедел тонзиллитпен және ерекше бөртпелермен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Маңғыстау облысының аймағында 2022 жылдың 4 айында скарлатина ауруының 145 жағдайы тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіші - 19,16. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (32 жағдай, көрсеткіші –4,34) ауру деңгейі 4,41 есеге жоғарылаған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 144 жағдай (99,3 %) тіркеліп, салыстырмалы түрде (28 жағдай – көрсеткіші 10,80 ) ауру деңгейі 4,97 есеге артқан.
Аурудың көзі - скарлатинамен ауыратын науқастар. Ауру күз-қыс айларында өршиді. Аурудың жасырын кезеңі он күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру бірден қатты басталады, қалтыраумен қатар, температураның күрт өсуі байқалады, жүрек айну, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, әлсіздік болады. Аурудың 1-ші тәулігінің аяғы мен 2-ші тәуліктің басында баланың кеудесіне тұтас, ұсақ бөрткен қаптап шығады. Бөртпенің ұзақтығы 2-4 күн, аурудың жеңіл ағымында бөртпелер тез жойылады, ал ауыр жағдайларда – 1 аптаға дейін сақталады. Ауруға тілдің өзгерістері тән, таңқурай тәрізді түспен сипатталады. Скарлатина ауруының іріңді және аллергиялық асқынулары болуы мүмкін. Аурудан емделу әдетте үйде жасалады, алайда ауырдың ауыр ағымында немесе эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты ауруханаға жатқызылады. Скарлатинаның алдын алуда ең бастысы науқасты оқшаулап, дәрігердің белгілеген емін бұлжытпай орындау керек.