23/03/2022
Түркістанда 2021 жылдың 10 сәуірінде "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешені ашылды.
Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталған.
Керуен сарай" туристік кешені инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды
Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 гектар аумақта орналасқан.
Кешен ішінде 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды
"Керуен сарай" туристік кешеніне Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен дүкендер кіреді.
Кешеннің ашылу салтанатында судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуы өтті.
Кешен ішін қайықпен аралауға болады. Тұрғындар бұл кешенді "Қазақстандағы Венеция" деп атап жүр.
Түркістанға барып жаңа туристік кешенді аралап жүргендердің қарасы қалың. Оның арасында жергілікті тұрғындар мен өзге өңірлерден келгендер бар.
"Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ішінде сауда орындарымен қатар қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар.
Кешеннің ортасында алып кеме бар. Оны жергілікті тұрғындар "Кеме қалған" деп атап кетті.
Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы облыс орталығы болған үш жылға жуық уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болды. Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.
Экскурсия Шипажай арқылы⤵️
8778 241 08 50
8705 259 85 90
#алматы #нурсултан #шымкент
#кызылорда #тараз #туркістан #актобе #атырау #актау #семей #орал #жезказган #оскемен #караганды #санатория #санаторий #шипажай #новыйсанаторий #жаңашипажай #курорт #сарыагаш #лечения #отдых #минеральнаявода #развлечения #экскурсия #бронь #брондау #емдеу