Медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысының филиалы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Kyzylorda
  • Медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысының филиалы

Медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысының филиалы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысының филиалы, Medical and health, Улица Казантаева д 32, Kyzylorda.

04/03/2026

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізілді.

Бірыңғай пакет аясында әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша консультативтік-диагностикалық көмектің қалай көрсетілетінін таныстыру мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы өңірдегі медициналық ұйымдарға баспасөз турын ұйымдастырды.

Бірыңғай пакет аясында әлеуметтік маңызы бар 8 ауруға күдік болған жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек тегін көрсетіледі.

Толығырақ ➡ https://www.facebook.com/reel/1811276116205120

#әмсққызылорда #фсмскызылорда

04/03/2026

Проверяйте статус в системе ОСМС, не дожидаясь болезни

В Фонд социального медицинского страхования ежедневно поступают обращения по вопросу проверки и присвоения статуса в системе ОСМС.

Отметим, статус «застрахован» присваивается автоматически – на основании поступивших платежей, в том числе по льготной категории граждан, которые поступают от уполномоченных государственных органов.

Платежи после обработки Государственной корпорацией поступают в Фонд в течение 3 рабочих дней. Поэтому отслеживать свой статус нужно до наступления болезни.

Помните: статус «застрахован» сохраняется при наличии непрерывных платежей за последние 12 месяцев.

В случае отсутствия даже одного платежа, Вы теряете статус «застрахован» и возможность своевременно получить медицинскую помощь в рамках ОСМС.

Часто работодатели допускают ошибки при перечислении платежей – указывают неверный период или код назначения, это тоже может привести к утрате статуса.

Поэтому рекомендуем регулярно проверять свой статус, сделать это можно:
• через портал eGov.kz – в личном кабинете доступна информация о статусе и перечисленных взносах в системе ОСМС
• на сайте Фонда msqory.kz
• через SaqtandyryBot в Telegram
• в мобильном приложении Qoldau 24/7
• в мобильных приложениях банков

Контакты для справок:
8 (7172) 67-46-74 (внутренние номера: 2505, 2517, 2519, 2508, 2502) а также контакты филиалов в регионах вы можете посмотреть на официальном сайте Фонда.

#әмсққызылорда #фсмскызылорда

04/03/2026

Ауырмай тұрып, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді тексеріңіз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру және оны қалай алуға болатыны туралы сұрақтар келіп түседі.

Айта кетейік, «Сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде – келіп түскен төлемдер негізінде, оның ішінде жеңілдік санатындағы азаматтар үшін уәкілетті мемлекеттік органдардан түсетін төлемдер негізінде беріледі.

Төлемдер Мемлекеттік корпорация өңдегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Қорға түседі. Сондықтан мәртебеңізді ауырмай тұрып бақылауда ұстау қажет.

Есіңізде болсын: «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 ай бойы үздіксіз төлемдер болған жағдайда сақталады.

Бір айға төлем жасалмаса, Сіз «сақтандырылған» мәртебесінен айырылып, МӘМС аясында медициналық көмекті дер кезінде алу мүмкіндігін жоғалтасыз.

Жұмыс берушілер төлемдерді аудару кезінде жиі қате жібереді – төлем кезеңін немесе тағайындау кодын дұрыс көрсетпейді. Нәтижесінде қызметкер сақтандыру мәртебесінен айрылады.

Сондықтан өз мәртебеңізді келесі тәсілдер арқылы жиі тексеріп тұруды ұсынамыз:
• eGov.kz порталы арқылы – жеке кабинетіңізде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз бен аударылған жарналар туралы ақпарат қолжетімді
• msqory.kz сайтында
• Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында
• банктердің мобильді қосымшаларында

Анықтама үшін байланыс өмірлері:
8 (7172) 67-46-74 (ішкі нөмірлер: 2505, 2517, 2519, 2508, 2502) сондай-ақ өңірлердегі филиалдардың байланыс нөмірлерін қордың ресми сайтынан көре аласыз.

#әмсққызылорда #фсмскызылорда

04/03/2026

👨‍🔬МӘМС аясында құлақ ауруларын емдеу мүмкіндіктері

Соңғы жылдары есту қабілетінің төмендеуі жастар арасында жиі кездесуде. Қазақстанда есту мүшелері аурулары халықтың 5-7%-ында анықталады.

Қармақшы ауданының тұрғыны Назым Қалмырзаева бірнеше рет ота жасатқан. Соңғы рет ортаңғы құлақтағы қатерсіз түзіліске байланысты полипотомия жасалып, бүгінде жағдайы жақсарған. Студент ретінде емді МӘМС аясында тегін алуда.

Мамандардың айтуынша, толық медициналық көмек алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет. Алдымен жергілікті дәрігерге қаралып, кейін ЛОР дәрігерге жолдама беріледі. Қажет болса, аудиометрия, тимпанометрия, КТ, МРТ секілді тексерулер жүргізіледі.

Уақытылы тексерілу - есту қабілетін сақтаудың басты кепілі 👂

27/02/2026

Статус студентов в системе ОСМС

Если вы – студент очной формы обучения, вы относитесь к льготной категории населения в системе ОСМС. За вас взносы уплачивает государство. Самостоятельно платить ничего не нужно.

Если вы учитесь очно и параллельно работаете, то работодатель освобожден от уплаты отчислений за вас.

Если вы индивидуальный предприниматель и обучаетесь очно – вам также не нужно платить взносы на ОСМС.

При этом важно отметить, что Фонд не присваивает льготную категорию. Перечень формируется на основе данных Министерства труда и социальной защиты населения, полученных из информационной системы Министерства науки и высшего образования.

Для того, чтобы избежать образования задолженности по взносам и сохранить статус «застрахован», рекомендуем проверять наличие льготной категории через SaqtandyryBot в Telegram. Если льготная категория не отображается – обратитесь в свой ВУЗ для корректной передачи данных в государственные информационные системы.

Студенты, обучающиеся за рубежом, для получения статуса «застрахован» самостоятельно регистрируются на egov.kz.

#әмсққызылорда #фсмскызылорда

27/02/2026

Студенттердің МӘМС жүйесіндегі мәртебесі

Егер сіз күндізгі бөлімде оқитын студент болсаңыз – МӘМС жүйесінде жеңілдік санатындағылар тізіміне кіресіз. Сіз үшін жарналарды мемлекет төлейді, яғни өз қалтаңыздан төлемейсіз.

Сондай-ақ, күндізгі бөлімде оқып жүріп, жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші сіз үшін аударымдар төлеуден босатылады.

Бұдан бөлек, жеке кәсіпкер болсаңыз және күндізгі бөлімде оқып жүрсеңіз, МӘМС жарналарын төлеуден босатыласыз.

Айта кетерлігі, Қор жеңілдік санатын бермейді. Тізім Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері негізінде, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер арқылы қалыптастырылады.

Жарналар бойынша қарызды болдырмау және «сақтандырылған» мәртебесін сақтау үшін Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы жеңілдік санатының бар-жоғын тексеріп отыруды ұсынамыз. Егер жеңілдік санаты шықпаса, деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге дұрыс енгізу үшін өз жоғары оқу орныңызға жүгініңіз.

Шетелде оқитын студенттер «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін egov.kz порталында өздігінен тіркеледі.

#әмсққызылорда #фсмскызылорда

25/02/2026

МӘМС: жаңа талаптар мен міндеттер

Қызылорда облысында медициналық ұйымдар арасында МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Қор филиалының мамандары медициналық қызмет көрсетушілермен онлайн және офлайн кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтар, Пациенттерді қолдау қызметінің міндеттері, пациенттермен жұмыс істеу ережелері түсіндірілді.

🎯 Негізгі мақсат — халықты МӘМС жүйесімен барынша қамту және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

#әмсққызылорда #фсмскызылорда

ФСМС продолжает системную работу по обеспечению финансирования здравоохранения и доступности медицинской помощи для граж...
23/02/2026

ФСМС продолжает системную работу по обеспечению финансирования здравоохранения и доступности медицинской помощи для граждан.
Для обеспечения финансовой устойчивости медицинских организаций произведено авансирование в размере до 20% от годовой суммы договоров. Это позволяет поставщикам планомерно организовывать работу и обеспечивать бесперебойное оказание медицинской помощи населению.
Подробнее читайте на сайте: https://msqory.kz/.../fsms-obespechivaet-stabilnoe.../

ФСМС продолжает системную работу по обеспечению финансирования здравоохранения и доступности медицинской помощи для граждан.

Для обеспечения финансовой устойчивости медицинских организаций произведено авансирование в размере до 20% от годовой суммы договоров. Это позволяет поставщикам планомерно организовывать работу и обеспечивать бесперебойное оказание медицинской помощи населению.

Подробнее читайте на сайте: https://msqory.kz/ru/eshche/press-tsentr/novosti/fsms-obespechivaet-stabilnoe-finansirovanie-sistemy-zdravookhraneniya/

ӘМСҚ денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытынд...
23/02/2026

ӘМСҚ денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.
Медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында келісімшарттардың жылдық сомасының 20%-ына дейін алдын ала төлем (аванс) жасалды. Бұл қызмет көрсетушілерге жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастыруға және халыққа медициналық көмекті үздіксіз көрсетуге мүмкіндік береді.
Толығырақ: https://msqory.kz/.../fsms-obespechivaet-stabilnoe.../

ӘМСҚ денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында келісімшарттардың жылдық сомасының 20%-ына дейін алдын ала төлем (аванс) жасалды. Бұл қызмет көрсетушілерге жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастыруға және халыққа медициналық көмекті үздіксіз көрсетуге мүмкіндік береді.

Толығырақ: https://msqory.kz/kk/eshche/press-tsentr/novosti/fsms-obespechivaet-stabilnoe-finansirovanie-sistemy-zdravookhraneniya/

23/02/2026

Қазір Қазақстанда 3,6 миллионға жуық адам МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардың шамамен 1 миллионы – әлеуметтік жағдайы дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейдегі тұрғындар. Яғни олардың МӘМС жарналарын төлеуге мүмкіндігі жоқ.
2026 жылдан бастап бұл азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді. Осылайша оларға сақтандырылған мәртебесі беріліп, МӘМС аясында қажетті медициналық көмек ала алады.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жарна төленетін болады. Бұған дейін бұл төлемдер республикалық бюджеттен түсіп келді.
❗Сақтандырылған азаматтар үшін диагностика, дәрігерлердің кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері МӘМС аясында тегін көрсетілетінін есте сақтаңыздар. Медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркелу қажет.

23/02/2026

Сейчас в Казахстане порядка 3,6 миллиона человек не участвуют в системе ОСМС. Из них около 1 млн человек – это лица с кризисным и экстренным уровнями социального благополучия, которые не могут самостоятельно платить взносы.
С 1 января 2026 года за таких граждан, взносы на ОСМС будут уплачивать местные исполнительные органы. Таким образом, они будут застрахованы и смогут получать необходимую медицинскую помощь и по ОСМС.
Также местные бюджеты возьмут на себя обязанность по уплате взносов за официально зарегистрированных безработных. Ранее платежи за них поступали из республиканского бюджета.
❗Помните, что для застрахованных бесплатно доступны: диагностика, консультации врачей, плановые операции, лечение, реабилитация и др. Для получения медицинской помощи необходимо быть прикрепленным к поликлинике по месту проживания.

20/02/2026

🔹Orhun Medical жаңа медициналық орталығында ПЭТ/КТ тексеруі жүргізіле бастады - бұл қатерлі ісікті ерте анықтаудың ең дәл әдістерінің бірі.

📝Тексеру ТМККК аясында тегін, дәрігердің жолдамасымен жүргізіледі.

Енді қызылордалықтар Алматы мен Астанаға бармай-ақ, тексеруден өз өңірінде өте алады. Биыл шамамен 2 000 пациент тексеріледі.

2027 жылы сүйек метастаздарын анықтауға арналған ОФЭКТ/КТ аппараты орнатылады.

📌 Ерте диагностика – өмірді сақтайды!

#әмсққызылорда #фсмскызылорда

Address

Улица Казантаева д 32
Kyzylorda

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысының филиалы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share