22/11/2025
Біздің ауруханаға қыстың қақаған аязында жұқа футболка мен резеңке шлепкамен, аяғы ауыр болса да, амалы таусылған күйде бір келіншек түсті. Дәрігерлеріміз оның жағдайын дереу бақылауға алып, қолдан келген көмекті жасап, сәбиді аман-есен жарық дүниеге әкелуге себепші болды. 🤲💛 Ана да, сәби де қазір жақсы. Бірақ оның баспанасы да, киім-кешегі де жоқ екенін білгенде жүрегіміз елжіреп кетті. Барлық ұжым жұмыла отырып, киім-кешек, қажетті заттар мен аздаған қаржылай көмек көрсетіп, «Аналар үйіне» уақытша орналастыруға жәрдемдестік. Алла осы ана мен балаға кең өріс, жылы баспана, бақ-береке нәсіп етсін. Өсіп-өніп, өмірлері тек жақсы күндерге толы болсын деп тілейміз. 🕊️✨
В нашу больницу поступила беременная женщина в очень тяжёлом состоянии — в разгар зимы она пришла в тонкой футболке и резиновых шлёпках. Наши врачи сразу взяли её под наблюдение и сделали всё возможное, чтобы мама благополучно родила. Так на свет появился ещё один крошечный ангел. 🤲💛 Мы узнали, что у женщины нет ни жилья, ни одежды,