20/05/2022
Ұлт ұстазы, тіл жанашыры-Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығы » МКК-да 2020 жылғы 20 мамыр күні, Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ұлт ұстазы, тіл жанашыры-Ахмет Байтұрсынұлы туралы» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс шараның басты қонағы Мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы Асанғазы және Орталықтың директоры Мұхтар Есенжанұлы Тулеутаев, директордың орынбасарлары, кадр бөлімінің бастығы, тіл мамандары болды.. Іс шара Қазақстан Республикаысның Гимнін орындаумен басталды.
Алғы сөзді Орталық директоры Мұхтар Есенжанұлы алды. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен оның ұлты үшін атқарған еңбектеріне тоқталды. Ахмет ағамыз қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі болғандығын айтты.
Мұхтар Есенжанұлы сол ұлы ғұламаның сақтаған қазақ тілінің медицина саласындағы, Орталықтағы қызметте қолдануы жайлы сөз етті.
Қазақ тілінің дамуына үлес қосып, қызметте таңертеңгілік жиындардың, есептердің қазақ тілінде жүргізілуіне, қызметкерлердің іс қағаздарды қазақ тілінде болуына талап қоятынын айта кетті.
Оразкүл Асанғазықызы Асанғазы «Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі» тақырыбының аясында баяндама жасады. «Орыстандыру әрекеттері көптен жүріп жатқан Дала өлкесіндегі Ахмет Байтұрсынұлы (1873–1937) болса, «қазақ халқының болашағы – мектептерде» деп білген ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин (1841–1889) нұсқаған жолмен ұстаздық қызмет істей жүріп, қазақты жойылудан сақтайтын күрес жолына түсті. Алғашқы орыс революциясы жылдарынан ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шебінде болды. Ұлт мүддесін көздеген қоғамдық-саяси жұмыстарға араласты. Араб-парсы алфавитінен реформаланған қазақ әліппесін, тілдің тиісті ілімін жасады. Жұртты оятатын, оқуға, білімге ұмтылтатын, елдік мәселелерге ұйытатын, ел болудың жолдарын нұсқап, күресуге шақыратын газет шығарды. Советтік қазақ мемлекетінің алғашқы оқу министрі ретінде, қазақ мектептерін күрт көбейтуге үлес қосты. Өзінің жаңа әліппесі мен тіл білімі оқулығын кең қолданысқа енгізу арқылы көптеген діни қызметші-молдалардың мектеп мұғалімдері қатарында ұстаздық етуін мүмкін етті» деп, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне, қалдырған орасан еңбектерін, қазақ тілінің әліпбиін және емлесін, үйрету әдістемесін құрастырушысы, тілі мен жері үшін ұрпағына қалдырған еңбектеріне тоқтады.
Өзінің медицина саласындағы қазақ тілдің дамытылуына ұсынысын жасады:
1. Медицина қызметкерлері науқастардың тарихын қазақ тілінде жазулары керек;
2. Адам атын, тегін қазақ тілінде жазу керек екендігін;
3. Қазақ балаларын қазақ мектебіне беру керектігі туралы мәселені
қозғады. Отбасындағы балаларға, туыстарға, көрші, оқушы, студенттерге қазақ тілін насихаттауды;
4. Ауыл, көше атауларын қазақ тілінде болуы керектігін және жұмыста
қызметкерлердің жүз пайызы қазақ тілінде сөйлеуі керек, сөйлеулері үшін қызметкерлерді ынталандыру туралы.
Қызметкерлер Оразкүл Асанғазықызына өз сұрақтарын қойды. Қызметкерлерге Оразкүл Асанғазықызының айтқан әңгімелері қызықты, қазақ тілінде сауатты, бай тілде сөйлегені қатты ұнады және қызығушылық танытты.
Оразкүл Асанғазықызы осындай іс шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Орталық директоры Мұхтар Есенжанұлы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс шараға келген қонақтарға, ұйымдастырған әрітпестеріне алғысын айтты. Іс-шараны қорытындылап, қонақ болып келген Оразкүл Асанғазықызына гүл шоғын сыйлады.
Іс шара соңында, Оразкүл Асанғазықызы Ахмет Байтұрысынұлының 150 жылдығына арналған арнайы баннерді ашу рәсіміне қатысты. Іс шараға қатысқан қонақтар мен медицина қызметкерлері естелікке суретке түсті.