15/06/2022
Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді.
Аз уақыттың ішінде әлемді шарпыған қауіпті індет талай мемлекетті әбігерге түсірді. Бұл уақытша кезеңде мемлекетіміз барлық қолдау шараларын дер кезінде қабылдады. Дәрігерлеріміз бен сала мамандары қауіпті індетпен күресте алдыңғы қатарда болып, күндіз-түні тыным таппай жұмыс жасады. Халық саулығы үшін екпе салу жұмыстарын жүйелі атқарып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді.
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында
"Сарыарқа" ауданы әкімінің аппаратында медицина саласында еңбек етіп жүрген мамандарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
40 жылдан астам жұмыс өтілі бар әріптесіміз Дамежан Жумашевна
"Еңбек ардагері" медалін алды.
"Сарыарқа" аудан әкімінің атынан "Алғыс хат" әріптесіміз Татьяна Владимировна
мен Сая Муратхановаға табысталды.
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілейміз!