Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Nur-Sultan
  • Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы, Medical and health, Астана, Nur-Sultan.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы - бұл мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын қорғау жөніндегі ведомстволық қызмет, онда тіркелген контингентті емдеу және сауықтыру емханалық кезеңнен бастап санаториялық орталыққа дейінгі барлық кезеңдерде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының жүйесіне 8 ведомстволық бағынысты ұйым кіреді:

- "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК.
- "Орталық клиникалық аурухана" АҚ;
- "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ;
- "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК;
- "Емдеу-сауықтыру кешені" АҚ "Алматы "филиалы;" Оқжетпес "("Алматы Resort" шипажайы);
- "Оқжетпес "емдеу-сауықтыру кешені"АҚ;
- "Астана" ЖШҚ ("Қазақстан" шипажайы, РФ)
- "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қарлығаш" балабақшасы" РМК.

*****

Медицинский центр УДП РК – это ведомственная служба по охране здоровья государственных служащих, где лечение и оздоровление прикрепленного контингента проводится на всех этапах, начиная с поликлинического и заканчивая санаторным.

В систему Медицинского центра УДП РК входят 8 подведомственных организаций:

- РГП «Больница Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан»;
- АО "Центральная клиническая больница";
- РГП «Центр санитарно-эпидемиологической экспертизы Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан»;
- АО «Центр медицинских технологий и информационных систем»;
- Филиал «Алматы» АО «Лечебно- оздоровительный комплекс; «Ок-Жетпес» (Санаторий «Алматы Resort»);
- АО «Лечебно-оздоровительный комплекс «Ок-Жетпес»;
- ООО «Астана» (санаторий «Казахстан», РФ);
- РГП «Детский сад «Қарлығаш» Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан».

«ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ ПЕДИАТРДЫҢ РӨЛІ: БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ 20 қараша – Хал...
20/11/2025

«ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ ПЕДИАТРДЫҢ РӨЛІ: БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

20 қараша – Халықаралық педиатрлар күні мен Бүкіләлемдік балалар күні. Бұл күндер білім беру ортасындағы баланың денсаулығы мен амандығының маңызын айқындайды.

«Қарлығаш» балабақшасында педиатрлар күн сайын медициналық сүйемелдеу жүргізіп, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада болуына жағдай жасайды. Олардың жұмысы тек тексеру немесе вакциналауды бақылаумен шектелмейді. Дәрігер баланың даму динамикасын қадағалап, бейінді мамандармен өзара іс-қимылды үйлестіреді, консультациялар мен қажетті тексерулерді дер кезінде ұйымдастырады.

Педиатр сонымен қатар ата-аналар мен мұғалімдер үшін сенімді серіктес: күн тәртібі, тамақтану, бейімделу, баланың эмоциялық жағдайы туралы сұрақтарға жауап беріп, әр балаға жеке ұсыныстар әзірлеуге көмектеседі.

Халықаралық педиатрлар күні – осы маңызды әрі көбіне көзге көрінбейтін еңбектің мән-мағынасын атап өтетін күн. Балалардың тыныштығы мен балабақшадағы жайлы күнделікті өмірі педиатрдың кәсіби жұмысына тікелей байланысты.

***

РОЛЬ ПЕДИАТРА В ДЕТСКОМ САДУ «ҚАРЛЫҒАШ»: КАК ОН ОБЕСПЕЧИВАЕТ ЗДОРОВЬЕ И БЕЗОПАСНОСТЬ ДЕТЕЙ

20 ноября отмечают Международный день педиатра и Всемирный день ребёнка. Эти даты подчёркивают, насколько важны здоровье и благополучие детей в образовательной среде.

В детском саду «Қарлығаш» педиатры ежедневно обеспечивают медицинское сопровождение и создают условия для безопасного пребывания детей. Их работа – это не только осмотры и контроль вакцинации. Врач наблюдает динамику развития, координирует взаимодействие с профильными специалистами, своевременно организует консультации и обследования.

Педиатр также остаётся ключевым партнёром для родителей и педагогов: отвечает на вопросы о режиме, питании, адаптации, эмоциональном состоянии детей и помогает подобрать индивидуальные рекомендации.

Международный день педиатра – это возможность подчеркнуть значимость этой практической и часто незаметной работы, от которой напрямую зависит спокойствие детей и качество их пребывания в детском саду.

АНТИБИОТИКТЕРДІ ЖАУАПТЫ ҚОЛДАНУ: НЕНІ БІЛУ МАҢЫЗДЫ 18–24 қараша аралығында микробтарға қарсы препараттарға төзімділік (М...
20/11/2025

АНТИБИОТИКТЕРДІ ЖАУАПТЫ ҚОЛДАНУ: НЕНІ БІЛУ МАҢЫЗДЫ

18–24 қараша аралығында микробтарға қарсы препараттарға төзімділік (МКТ) мәселесі бойынша жаһандық хабардарлық апталығы өтеді. Бұл кампания антибиотиктердің тиімділігі оларды қалай қолданатынымызға тікелей байланысты екенін еске салады.

Төзімділік микроорганизмдер белгілі бір препаратқа жауап бермей қалған кезде қалыптасады. Мұндай жағдайда инфекцияны емдеу ұзаққа созылып, күрделі тәсілдерді талап етеді.

2025 жылғы апталықтың ұраны:
«Әрекет ету уақыты: бүгінді қорғайық, болашаққа қамқор болайық!»
Бұл ұстаным медицинада, ветеринарияда, ауыл шаруашылығында және экологияда ұзақ мерзімді, ғылыми негізделген шешімдердің маңызын көрсетеді.

Емнің тиімділігін сақтауға көмектесетін негізгі қағидалар:
• антибиотиктерді тек қажетті жағдайда қолдану;
• дер кезінде және дәл диагностика жүргізу;
• емдеу сызбасын толық сақтау;
• барлық салада қауіпсіз әрі орнықты тәжірибелерді қолдану;
• мамандар ұсынымдарына назар аудару.

Хабардарлық апталығы – антибиотиктерді жауапты қолданудың неге маңызды екенін тағы бір еске салатын жақсы мүмкіндік.

#МКТ #МикробтарғаҚарсыПрепараттарғаТөзімділік

*

ОТВЕТСТВЕННОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ АНТИБИОТИКОВ: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ

С 18 по 24 ноября проходит Всемирная неделя повышения осведомлённости об устойчивости к противомикробным препаратам (УПП). Кампания напоминает, что эффективность антибиотиков зависит от того, как мы их используем.

Устойчивость возникает, когда микроорганизмы перестают реагировать на лечение. В таких случаях инфекции лечатся дольше и требуют более сложной терапии.

В 2025 году неделя проходит под девизом:
«Время действовать: защитим настоящее, проявим заботу о будущем!»
Он подчёркивает важность продуманных и долгосрочных решений в медицине, ветеринарии, сельском хозяйстве и экологии.

Что помогает сохранять эффективность лечения:
• назначение антибиотиков только при необходимости;
• своевременная и точная диагностика;
• соблюдение схем лечения;
• применение безопасных и устойчивых практик;
• внимание к рекомендациям специалистов.

Неделя осведомлённости – хороший повод вспомнить, почему ответственное использование антибиотиков важно для здоровья каждого из нас.

#УПП #УстойчивостьКПротивомикробнымПрепаратам

Бүгін – Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күні. ДДСҰ деректеріне сәйкес, темекі жыл сайын 8 миллионнан астам адамн...
20/11/2025

Бүгін – Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күні. ДДСҰ деректеріне сәйкес, темекі жыл сайын 8 миллионнан астам адамның өмірін қияды, ал шылым шегетін әр екінші адам ауыр денсаулық мәселелеріне тап болады. Бұл – бәрімізге қатысты нақты көрсеткіш.

Шылымнан бас тарту – өзіңізге әрдайым тиімді шешім.

Бүгін – жөтелсіз тынысқа, никотинсіз қуатқа және тәуелділіктен азат өмірге қадам жасайтын күн.

Әрбір темекісіз сағат – жүрекке күш, санаға айқындық және ештеңемен өлшенбейтін еркіндік.

Қазіргі сәттен бастаңыз. Денсаулық – ең сенімді инвестиция.

*

Сегодня – Международный день отказа от курения. По данным ВОЗ, табак ежегодно уносит более 8 миллионов жизней, а каждый второй курящий сталкивается с серьёзными последствиями для здоровья. Это не абстракция – это статистика, которая касается каждого.

Отказ от курения – решение, которое всегда окупается.

Сегодня – хороший день, чтобы выбрать дыхание без кашля, энергию без никотина и жизнь без зависимости.

Каждый час без сигареты – шаг к более сильному сердцу, ясной голове и свободе, которую невозможно купить.

Начните сейчас. Ваше здоровье – самое точное вложение.

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КАЙДЗЕН БОЙЫНША ТРЕНИНГТЕН ӨТТІ Астанада ҚР Президенті Іс басқармасы Медици...
19/11/2025

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КАЙДЗЕН БОЙЫНША ТРЕНИНГТЕН ӨТТІ

Астанада ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының қызметкерлеріне арналған Кайдзен әдістемесі бойынша екі күндік ауқымды тренинг өтті. Оқыту бағдарламасын Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) ұйымдастырды.

Тренингтің мақсаты – ұйым ішіндегі тиімділікті арттыруға, сапаны жақсартуға және үдерістерді үздіксіз жетілдіруге бағытталған халықаралық тәжірибені енгізу. Бағдарлама лекциялар, интерактивті талқылаулар және практикалық тапсырмаларды қамтыды.

Оқыту барысында қатысушылар Кайдзен философиясының негізгі қағидаларымен, Gemba, 5S, PDCA, стандарттау және «5 Неге» сияқты құралдармен танысты. Екінші күні қызметкерлер нақты бизнес-үдерістерді талдап, құндылық ағыны картасын жасап, жетілдіру бағыттарын анықтады.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға оқу бағдарламасын сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды. Сондай-ақ Медициналық орталық ішіндегі үдерістерді жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Іс-шара Қазақстанның мемлекеттік және медициналық ұйымдарында сапа мәдениеті мен тұрақты дамуды нығайтуға маңызды үлес қосты.

***

СОТРУДНИКИ МЕДИЦИНСКОГО ЦЕНТРА УДП РК ПРОШЛИ ТРЕНИНГ ПО КАЙДЗЕН

В Астане прошёл двухдневный тренинг по методологии Кайдзен для сотрудников Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан. Обучение было организовано Центром медицинских технологий и информационных систем (ЦМТИС).

Цель тренинга – внедрение международных практик по повышению эффективности, качества и системной работы над улучшениями в государственных и медицинских структурах. Программа включала лекционные блоки, интерактивные обсуждения и практические задания.

Участники познакомились с ключевыми инструментами Кайдзен – Gemba, 5S, циклом PDCA, картой Шухарта, стандартизацией и методом «5 Почему». На практическом дне сотрудники анализировали собственные бизнес-процессы, создавали карту потока создания ценности и определяли возможности для оптимизации.

По итогам тренинга участникам были вручены сертификаты, подтверждающие успешное прохождение программы обучения. Также были сформированы конкретные предложения по улучшению процессов внутри Медицинского центра. Мероприятие стало важным вкладом в развитие культуры качества и устойчивого роста в государственных и медицинских организациях Казахстана.

КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ТОКСИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ: ЗАМАНАУИ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсі...
18/11/2025

КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ТОКСИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ: ЗАМАНАУИ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ

Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі олардың құрамында зиянды қоспалардың болмауына тікелей байланысты. Қорғасын, сынап, күшән, фенол және пигменттердің әртүрлі қоспалары өте аз мөлшерде болса да, ұзақ уақыт қолданғанда ағзада жиналып, теріге, бауыр мен бүйрекке, жүйке және эндокриндік жүйелерге кері әсерін тигізуі, сондай-ақ созылмалы тері өзгерістерін туындатуы мүмкін.

Мұндай қауіпті заттарды анықтау үшін жоғары дәлдіктегі зертханалық әдістер қолданылады. Соның ішінде индуктивті байланысқан плазмалық масс-спектрометрия (ИБП-МС) кремдерден, декоративті косметикадан және құрамында минералы бар өнімдерден ауыр металдардың ең төмен концентрациясын дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл «Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 009/2011 техникалық регламент талаптарына сәйкестігін объективті бағалауға жол ашады.

Өнімнің құрамындағы ингредиенттердің жалпы токсикалық әсерін айқындау мақсатында АТ-05 анализаторында биологиялық тест жүргізіледі. Тест-жасушалардың белсенділігінің бұзылуы заттың теріні тітіркендіруі, аллергиялық реакциялар тудыруы немесе химиялық талдаумен анықталмайтын өзге де жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.

Косметикалық өнімдерді сатып алғанда өнімнің таңбалануына, жарамдылық мерзіміне, қаптамасының бүтіндігіне және иісіне назар аудару маңызды. Құрамы көрсетілмеген, жапсырмасы көмескі немесе иісі күмән тудыратын өнімдер сапасының төмендігін және қауіпті қоспалардың болуы мүмкін екенін аңғартады.

ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы парфюмериялық-косметикалық өнімдердегі ауыр металдардың құрамын және жалпы токсикалық әсерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізіп, олардың қауіпсіздігіне кәсіби әрі сенімді бағалау қызметтерін ұсынады.

***

ТОКСИКОЛОГИЧЕСКАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ КОСМЕТИКИ: СОВРЕМЕННЫЕ МЕТОДЫ КОНТРОЛЯ

Безопасность парфюмерно-косметической продукции во многом зависит от отсутствия в её составе опасных примесей. Даже минимальные количества свинца, ртути, мышьяка, фенола и примесей пигментов способны накапливаться в организме при длительном использовании, влияя на кожу, печень, почки, нервную и эндокринную системы и вызывая хронические кожные реакции.

Для выявления таких веществ применяются высокочувствительные методы лабораторного анализа, включая масс-спектрометрию с индуктивно-связанной плазмой (ИСП-МС). Технология позволяет обнаруживать следовые уровни тяжёлых металлов в декоративной косметике, кремах и минеральных продуктах, обеспечивая оценку соответствия требованиям ТР ТС 009/2011.

Дополнительно проводится биотестирование на анализаторе АТ-05, которое помогает определить общий токсический эффект ингредиентов. Нарушение активности тест-клеток указывает на потенциальную способность веществ вызывать раздражение кожи, аллергические реакции и другие негативные эффекты, не всегда выявляемые химическими методами.

При выборе косметики рекомендуется обращать внимание на маркировку, срок годности, целостность упаковки и запах. Нечёткая этикетка, отсутствие состава или подозрительная отдушка могут свидетельствовать о низком качестве и возможном содержании опасных примесей.

Центр санитарно-эпидемиологической экспертизы МЦ УДП РК проводит исследования парфюмерно-косметической продукции на содержание тяжёлых металлов и общую токсичность, обеспечивая профессиональную оценку безопасности продукции.

МИНЕРАЛДЫ СУ БЮВЕТІ: ПАЙДАЛЫ СУДЫ ІШІП, СЕРГЕК ЖҮРІҢІЗДЕР! «Almaty Resort» шипажайында қонақтарға арналған арнайы бювет ...
17/11/2025

МИНЕРАЛДЫ СУ БЮВЕТІ: ПАЙДАЛЫ СУДЫ ІШІП, СЕРГЕК ЖҮРІҢІЗДЕР!

«Almaty Resort» шипажайында қонақтарға арналған арнайы бювет бар. Демалушылар емдік су көмегімен денсаулықтарын жақсарта алады. Судың пайдасы – оның емдік әсері негізінен кальций-натрий хлоридінің ерекше құрамына және минералданудың айтарлықтай дәрежесіне байланысты.

Судың ас қорыту жүйесі, несеп-жыныс жүйесі, эндокриндік ағзалар мен зат алмасу ауруларына емдік әсері бар.

Минералды судың сөзсіз артықшылықтарына қарамастан, оны қалыпты мөлшерде және мамандардың тағайындауы бойынша ішу керектігін ұмытпаған жөн.

Алғашқы қабылдау кезінде емдеуші дәрігер сіздердің жеке көрсеткіштеріңізбен танысып, минералды суды қаншалықты қабылдауға болатындығын анықтайды және қандай мөлшерде ішу керектігі туралы кеңестер береді.


***

МИНЕРАЛЬНЫЙ БЮВЕТ: ПЕЙТЕ С ПОЛЬЗОЙ ДЛЯ ЗДОРОВЬЯ!

В санатории Almaty Resort для гостей работает минеральный бювет, где каждый может укрепить здоровье, используя целебную воду с уникальным составом. Терапевтическое действие воды при приёме внутрь обеспечивается её хлоридным кальциево-натриевым составом и высокой минерализацией.

Минеральная вода способствует улучшению работы органов пищеварения, помогает при заболеваниях мочеполовой системы, а также поддерживает здоровье эндокринных органов и нормализует обмен веществ.

Важно помнить: даже полезную минеральную воду следует пить умеренно и только по рекомендации специалистов.

На первичном приёме лечащий врач оценит ваши индивидуальные показатели и подскажет, можно ли вам принимать минеральную воду и в каком объёме она будет наиболее эффективной.

14/11/2025
БАЛА ӨЗ ДАУЫСЫН ҚАЛАЙ ТАБАДЫ: «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ЛОГОПЕДТЕРІ 14 қараша – бүкіл әлемде Халықаралық логопед күні ре...
14/11/2025

БАЛА ӨЗ ДАУЫСЫН ҚАЛАЙ ТАБАДЫ: «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ЛОГОПЕДТЕРІ

14 қараша – бүкіл әлемде Халықаралық логопед күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн балалардың еркін сөйлеп, сенімді өсуіне көмектесетін мамандардың еңбегін еске салатын ерекше дата.

Логопедтердің еңбегі – баланың сөйлеу қабілетін, зейінін және эмоционалдық тұрғыдан жайлылығын нәзік әрі жүйелі түрде жетілдіру.

«Қарлығаш» балабақшасындағы логопед кабинеті – баланың айтқанын еститін және оған қолдау көрсететінін сезінетін жылы да шабыттандыратын орта. Мұнда әрбір зат баланың табиғи қызығушылығын оятуға бағытталған. Карточкалар, ойын материалдары, тыныс алу мен артикуляциялық жаттығулар – барлығы баланы сабаққа белсенді қатысуға ынталандыратын қызықты процеске айналады.

Логопед мамандар: «әр дыбысты дұрыс айту алға басқан кішкентай қадамдай» дейді. Дәл осындай кішкентай қадамдардан баланың өзіне деген сенімі қалыптасады. Тұрақты жаттығулар сөйлеуді, зейінді, есте сақтауды дамытып, баланың айналасындағылармен қарым-қатынасын жеңіл әрі қуанышты етеді.

Бүгінде мектеп жасына дейінгі көптеген балаға қосымша сөйлеп үйрету қажет, ал «Қарлығашта» бұл жұмыс ерекше нәзіктікпен жүргізіледі. Мамандар әр баланың даму динамикасын мұқият бақылайды, сенімді байланыс орнатып, балаға қателесуге, тырысуға, қайталауға, қайталап жасауына мүмкіндік беретін қолайлы атмосфера жасайды.

«Қарлығашта» әр баланың өзіндік қасиетіне ерекше мән беріледі: мұнда бастысы – тек сөйлетіп үйрету емес, сонымен қатар баланың өзіне сенімді болуына, әлемге ашылуына және өз жетістіктерінен қуаныш табуына жағдай жасау.

Осылай әрекет жасаудың арқасында әрбір сабақ бала үшін жеке жаңалық ашқанмен тең, ал ата-аналар өз баласының ойларын еркін, қызығушылықпен және батыл жеткізе бастағанын байқайды.

***

КАК РЕБЁНОК НАХОДИТ СВОЙ ГОЛОС: ЛОГОПЕДЫ ДЕТСКОГО САДА «ҚАРЛЫҒАШ»

14 ноября во всём мире отмечают Международный день логопеда – дату, напоминающую о специалистах, которые помогают детям чувствовать себя свободнее в общении и уверенно расти.

Для логопедов это ежедневная работа тонкой настройки детской речи, внимания и эмоционального комфорта.

В детском саду «Қарлығаш» логопедический кабинет – тёплое и вдохновляющее пространство, где ребёнок чувствует, что его слышат и поддерживают. Здесь каждая деталь продумана так, чтобы занятия проходили естественно и с интересом: карточки, игровые материалы, дыхательные и артикуляционные упражнения становятся частью увлекательного процесса, в котором ребёнок сам хочет участвовать.

Логопеды отмечают: «каждый освоенный звук – маленький шаг вперёд», и именно из таких шагов складывается уверенность ребёнка в собственных возможностях. Регулярная практика помогает укреплять речь, внимание, память и в целом делает общение ребёнка более лёгким и радостным.

Сегодня многие дошкольники нуждаются в дополнительной речевой поддержке, и в «Қарлығаш» эта работа строится особенно деликатно. Специалисты внимательно наблюдают за динамикой, мягко выстраивают контакт и создают атмосферу, в которой ребёнку комфортно пробовать, ошибаться, повторять и снова пробовать.

В «Қарлығаш» ценят индивидуальность каждого малыша: здесь важно не только научить говорить, но и помочь ребёнку чувствовать себя уверенно в общении, открываться миру и получать удовольствие от собственных успехов.

Именно благодаря такому подходу занятия превращаются в личные открытия, а родители видят, как ребёнок становится более свободным, любопытным и смелым в выражении своих мыслей.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы құрметті әріптестер – эндокринолог дәрігерлерді кәс...
14/11/2025

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы құрметті әріптестер – эндокринолог дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды!

Сіздің еңбегіңіз халық денсаулығын сақтауда ерекше маңызға ие, себебі эндокриндік жүйенің қызметі бүкіл ағзаның үйлесімді жұмысына тікелей әсер етеді. Кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыздың арқасында миллиондаған адамдар сапалы әрі толыққанды өмір сүру мүмкіндігіне ие болуда.

Сіздерге мықты денсаулық, амандық және адам денсаулығын сақтау жолындағы игілікті еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз!

*

Медицинский центр Управления делами Президента Республики Казахстан поздравляет уважаемых коллег-эндокринологов с профессиональным праздником!

Ваш труд играет ключевую роль в сохранении здоровья нации, ведь именно от состояния эндокринной системы зависит работа всего организма. Благодаря вашему профессионализму, внимательности и преданности делу миллионы людей получают шанс на полноценную и здоровую жизнь.

Желаем вам крепкого здоровья, благополучия и новых успехов в благородной миссии по сохранению здоровья человека!

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІНДЕГІ ФИЗИОТЕРАПИЯ ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ БӨЛІМІ Физиотерапия – ағзаны табиғи жол...
13/11/2025

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІНДЕГІ ФИЗИОТЕРАПИЯ ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ БӨЛІМІ

Физиотерапия – ағзаны табиғи жолмен қалпына келтіруге мүмкіндік беретін заманауи медицинаның ең тиімді әрі қауіпсіз бағыттарының бірі. Ол ауырсынуды жеңілдетіп, қан айналымын жақсартады, бұлшықеттердің серпінділігін арттырады және науқастың жалпы өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Ұлттық госпитальде физиотерапияның электр, жарық, су, жылу және механикалық жаттығулар арқылы емдеу сияқты заманауи әдістері кеңінен қолданылады.

Физиотерапия және оңалту бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Райхан Дощанова атап өткендей, физиотерапия негізгі емес, бірақ өте маңызды емдеу әдісі болып саналады. Кейде науқастар оның тиімділігіне күмәндануы мүмкін, алайда емшаралардан кейін ауырсыну басылып, қозғалыс жеңілдеген соң, олар физиотерапияның шынайы пайдасына көз жеткізеді.

Маманның айтуынша, физиотерапиясыз толық қалпына келу мүмкін емес, бұл өз кезегінде аурудың қайталануына әкелуі ықтимал. Сондықтан Ұлттық госпиталінде бұл бөлім науқастар арасында ең көп сұранысқа ие және ең сүйікті бөлімдердің бірі болып табылады.

Райхан Дощанованың айтуынша, табыс құпиясы – тұрақтылықта, кәсібилікте және ұжымның бірлігінде, себебі адам өзін жайлы сезінген ортада ғана ем де шипалы, еңбек те нәтижелі болады.

**

ОТДЕЛЕНИЕ ФИЗИОТЕРАПИИ И РЕАБИЛИТАЦИИ В НАЦИОНАЛЬНОМ ГОСПИТАЛЕ МЦ УДП РК

Физиотерапия – одно из самых эффективных и безопасных направлений современной медицины, помогающее восстановить организм естественным путём. Она способствует снятию боли, улучшает кровообращение, повышает тонус и качество жизни пациентов.

В Национальном госпитале применяются современные методы физиотерапии: электролечение, светолечение, гидротерапия, термотерапия, механотерапия и другие виды восстановления.

Как отмечает заведующая отделением физиотерапии и реабилитации кандидат медицинских наук Райхан Дощанова, физиотерапия не является основным, но очень важным методом лечения. Иногда пациенты сомневаются в её эффективности, однако после процедур, когда боль проходит и тело становится подвижнее, они убеждаются в её пользе.

По словам специалиста, без физиотерапии невозможно полноценное восстановление, что может привести к рецидивам заболеваний. Поэтому в Национальном госпитале это отделение является одним из самых востребованных и любимых у пациентов.

Секрет успеха, подчёркивает Райхан Дощанова, заключается в стабильности, профессионализме и сплочённости коллектива, ведь там, где человеку комфортно, и лечение, и труд приносят лучшие результаты.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 17 ЕЛДЕН 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРДІ Астанада ҚР Президентіні...
12/11/2025

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 17 ЕЛДЕН 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРДІ

Астанада ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз мәресіне жетті. Шараға онлайн және офлайн форматта 17 елден 4 мыңнан астам қатысушы қатысты.

Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші клиникалар мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, медициналық қауымдастықтар мен шетелдік сарапшылар қатысты.

Ауқымды форум жыл ішіндегі ең ірі кәсіби алаңдардың бірі болып, тәжірибе алмасу, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және Қазақстан медицинасының дамуында инновациялық тәсілдерді ілгерілетуге арналды.

Конференцияның екінші күнінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының базасында өтті. Мұнда қазіргі медицинаның негізгі бағыттары – кардиохирургия, онкология, ядролық медицина, радиология және молекулалық генетика бойынша сессиялар ұйымдастырылды.

Пленарлық және секциялық отырыстарда аз инвазивті технологияларды енгізу перспективалары, диагностикада жасанды интеллектіні қолдану, емдеудің жекелендірілген тәсілдері мен онкологиядағы генетикалық зерттеулерді дамыту мәселелері талқыланды.

Форум аясында Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет жүрекке жасалған роботтандырылған операция ерекше назарға ілікті. Бұл операцияны Аурухананың кардиохирургтары Қытай Халық Республикасының мамандарымен бірлесіп сәтті орындады. Аталған оқиға отандық медицина үшін тарихи қадам болып, заманауи технологияларды біріктірудің әлеуетін және қазақстандық дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейін көрсетті.

Конференция шеңберінде халықаралық мамандардың консультациялық қабылдаулары өтті.

Аурухананыңкардиолог-дәрігерлерімен бірге Мәскеуден келген медицина ғылымдарының докторы, кардиолог және функционалдық диагностика маманы Ольга Джиоева пациенттерді қабылдады. Сондай-ақ, Жапонияның Ёыйдо қаласындағы Әулие Мария ауруханасының гематология бөлімінің меңгерушісі профессор Jeon Yungwoo тоғыз пациентті қарап, кәсіби кеңес берді.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында «Қазақстан Республикасының зертханалық қызметін жетілдіру» атты конференция өтті. Онда биологиялық қауіпсіздік, зертханалық диагностика және эпидемиологиялық бақылау саласының мамандары бас қосты.

Қатысушылар зертханалық процестерді стандарттау, сапаны бақылаудың заманауи әдістерін енгізу, отандық тест-жүйелерді дамыту және зертханалық медицинаны кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы қарасты «Қарлығаш» балабақшасы базасында «Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірибелері» атты халықаралық конференция өтті. Оған педагогтер, зерттеушілер, ЮНИСЕФ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және тоғыз елдің білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Панельдік сессияда оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістемелері, инклюзия, медициналық сүйемелдеу және экологиялық тәрбиенің өзекті мәселелері талқыланды. Ерекше қызығушылық тудырған жобалар қатарында ұлттық құндылықтарға негізделген балаларды дамытуға бағытталған авторлық «Бастау» бағдарламасы мен экологиялық Eсoteam жобасы аталды.

*

МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ МЕДЦЕНТРА УДП РК ОБЪЕДИНИЛА БОЛЕЕ 4 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ИЗ 17 СТРАН

В Астане завершилась Международная научно-практическая конференция Медицинского центра Управления делами Президента РК, собравшая более 4 тысяч участников в онлайн и офлайн форматах.

В мероприятии приняли участие представители государственных органов, ведущих клиник, научных институтов, университетов и медицинских ассоциаций, а также зарубежные эксперты.

Масштабный форум стал крупнейшей профессиональной площадкой года для обмена опытом, обсуждения современных вызовов здравоохранения и продвижения инновационных подходов к развитию медицинской отрасли Казахстана.

Часть второго дня конференции прошла на базе Больницы Медицинского центра УДП РК. Здесь были представлены ключевые направления современной медицины – кардиохирургия, онкология, ядерная медицина, радиология и молекулярная генетика.

В рамках сессий обсуждались перспективы внедрения малоинвазивных технологий, применение искусственного интеллекта в диагностике, персонализированные подходы к лечению, а также развитие генетических исследований в онкологии.

Особое внимание привлекло проведение первой в Казахстане и Центральной Азии роботизированной операции на сердце, выполненной кардиохирургами Больницы совместно со специалистами из Китайской Народной Республики. Вмешательство стало знаковым событием для отечественной медицины, продемонстрировав потенциал интеграции новейших технологий и высокий уровень подготовки казахстанских специалистов.

Также в рамках конференции состоялись консультации международных специалистов. Совместно с врачами-кардиологами Больницы приём пациентов провела Ольга Николаевна Джиоева – доктор медицинских наук, врач-кардиолог и специалист по функциональной диагностике (г. Москва).
Кроме того, консультации провёл профессор Jeon Yungwoo, заведующий отделением гематологии Больницы Святой Марии (г. Ёыйдо, Япония), осмотревший девять пациентов.

На площадке Центра санитарно-эпидемиологической экспертизы Медицинского центра УДП РК прошла конференция «Совершенствование лабораторной службы Республики Казахстан», объединившая специалистов в области биобезопасности, лабораторной диагностики и эпидемиологического контроля.

Участники обсудили вопросы стандартизации лабораторных процессов, внедрения современных методов контроля качества, развития отечественных тест-систем и подготовки кадров для лабораторной медицины.

Отдельная площадка конференции была организована на базе детского сада «Қарлығаш» Медицинского центра. Здесь состоялась Международная конференция «Передовые практики в области дошкольного образования Республики Казахстан», в которой приняли участие педагоги, исследователи, представители ЮНИСЕФ, Министерства просвещения РК и образовательных учреждений девяти стран.

На этой панельной сессии обсуждались инновационные методики обучения и воспитания, вопросы инклюзии, медицинского сопровождения и экологического воспитания. Особый интерес вызвала демонстрация авторской программы «Бастау», направленной на развитие детей на основе национальных ценностей, а также экологический проект Eсoteam.

Жыл сайын 12 қарашада бүкіл әлемде Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні өткізіледі. Бұл күннің мақсаты – пневмонияның ал...
12/11/2025

Жыл сайын 12 қарашада бүкіл әлемде Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні өткізіледі. Бұл күннің мақсаты – пневмонияның алдын алу, дер кезінде анықтау және тиімді емдеудің маңыздылығына назар аудару. Пневмония – әсіресе балалар, қарт адамдар және созылмалы аурулары бар науқастар үшін өмірге қауіпті ауру болып табылады.

Бұл күн вакцинацияның, жеке гигиенаны сақтаудың және ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде дәрігерге жүгінудің маңыздылығын еске салады.

***
Ежегодно 12 ноября во всём мире проходит Всемирный день борьбы с пневмонией, направленный на повышение внимания к необходимости своевременной диагностики, профилактики и эффективного лечения пневмонии, представляющей серьёзную угрозу для жизни, особенно у детей, пожилых людей и пациентов с хроническими заболеваниями.

Этот день напоминает о значении вакцинации, соблюдения гигиенических норм и раннего обращения за медицинской помощью.

Address

Астана
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram

О нас

Становление системы Медицинского центра началось с 1929 года, с открытия маленькой амбулатории, и эта дата послужила точкой отсчета нашей истории. Сегодня Медицинский центр - это флагман инноваций и трансфер медицинских технологий, с предоставлением широкого спектра медицинских услуг практически во всех областях медицины а также санаторно-курортные организации оснащённые современным медицинским оборудованием, расположенные на территориях с уникальными природными ресурсами, развитие дошкольного образование на основе лучших методик мира (Израиля, Канады, Эстонии, России).

В систему Медицинского центра входят 9 подведомственных организаций: Больница МЦ УДП РК, Центральная клиническая больница, Центр санитарно-эпидемиологической экспертизы УДП РК, Санаторий «Казахстан» в Российской Федерации, Санаторий «Казахстан» в Кыргызской Республике, «Лечебно-оздоровительный комплекс «Оқжетпес», «Филиал Алматы «ЛОК «Оқжетпес», Центр медицинских технологий и информационных систем, Детский сад «Карлыгаш».

Мы надеемся на активное взаимодействие и связь со всеми, кому интересна наша деятельность. На все поступившие вопросы будут даны ответы от ведущих специалистов системы Медицинского центра.