26/04/2025
МӘМС жүйесі туралы 5 жаңсақ пікір:
1. МӘМС арқылы тек мемлекеттік емханаларда ғана емделуге болады деп ойлайтындар бар.
📌 Шын мәнінде, МӘМС аясында медициналық қызметтерді мемлекеттік ұйымдармен бірге, Қормен келісімшарт жасасқан жеке клиникаларда да алуға болады.
2. Кейбір азаматтар МӘМС жарналарын тағы бір салық түрі деп есептейді.
📌 Жоқ, МӘМС – бұл медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама. Ол емделуге кететін шығындарды азайтуға көмектеседі.
3. МӘМС тегін медицинаны алмастырады.
📌 МӘМС жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) алмастырмайды, оны толықтырады. Әр пакеттің өз қызметтер тізімі бар.
4. МӘМС үшін төлемесеңіз, жедел жәрдем шақыра алмайсыз.
📌 Жоқ, жедел медициналық көмек, оның ішінде жедел жәрдем шақыру тегін медициналық көмек аясында тегін көрсетіледі. Бұл үшін сақтандырылған мәртебесі қажет емес.
5. МӘМС арқылы тек арзан анализдер ғана тапсыруға болады деп ойлайтындар бар.
📌 МӘМС аясында тек базалық емес, қымбат зерттеулерді де тапсыруға болады. Сондай-ақ дәрігердің тағайындауымен толық диагностикадан өтуге мүмкіндік бар.