ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухана" МКК

  • Home
  • Kazakhstan
  • Oral
  • ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухана" МКК

ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухана" МКК Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухана" МКК, Health/Medical/ Pharmaceuticals, микр. Астана 16, Oral.

10/05/2026

✨ Бүгін 9 мамыр — бүкіл ел тынығып, мерекелеп жатқан ұлы күн. Бірақ біздің акушерлік блокта жұмыс бір сәтке де тоқтаған емес. Кезекші бригада үшін күнтізбедегі «қызыл күндер» — ерекше жауапкершілік кезеңі.Бүгін бізде шұғыл жағдай: жатырында тыртығы бар пациентке кесарь тілігі отасы жасалды. Бұл бүкіл командадан барынша зейін мен шеберлікті талап ететін нәзік жұмыс.Терезе сыртындағы мерекелік думанға қарамастан, мұнда, ота жасау бөлмесінде — тыныштық, аспаптардың сыңғыры және ең көп күткен сәт: сәбидің алғашқы дауысы естілді!
🐣Өз ауысымымды мақтан тұтамын! Біз әрбір ана мен баланың қауіпсіздігі үшін жылына 365 күн, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат күзеттеміз.
9 мамыр күні 5 қыз бен 8 ұл бала дүние есігін ашты.Мереке құтты болсын, достар! Отбасыларыңызға ашық аспан және мықты денсаулық тілеймін!

✨Сегодня 9 Мая — великий день, когда вся страна отдыхает и празднует. Но в стенах нашего акушерского блока работа не останавливается ни на минуту. Для дежурной бригады «красные дни» календаря — это время особой ответственности.
Сегодня у нас экстренный случай: операция кесарева сечения у пациентки с рубцом на матке. Работа тонкая, требующая максимальной концентрации и мастерства всей команды

09/05/2026

БАТЫРЛАРДЫҢ ЕРЛІГІ ЖҮРЕГІМІЗДЕ

Бүгін, 9 мамыр күні, Қалалық көпбейінді аурухананың әкімшілігі мен қызметкерлері «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.

Медицина қауымдастығы үшін бұл күннің маңызы ерекше. Соғыс жылдарында медицина қызметкерлері де өлшеусіз ерлік көрсетті — олар оқтың астында және госпитальдардағы ауыр жағдайларда жауынгерлердің өмірін арашалап, оларды қатарға қайта қосты.

Біз майдан даласынан оралмаған боздақтардың рухына тағзым ету және ардагерлерімізге шексіз алғыс білдіру үшін мемориалға келдік. Олардың батылдығы мен төзімділігі — баршамыз үшін мәңгілік үлгі.

Батырларға басымызды иеміз! Еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! 🎖️

08/05/2026

Құрметті әріптестер, Отан қорғаушылар күні құтты болсын! 🛡️🏥

7 мамыр — бұл батылдықтың, намыс пен өз ісіне адалдықтың мерекесі. Денсаулық сақтау саласында еңбек ету — бұл да Отанға қызмет ету. Бұл жұмыс ержүректікті, мықты төзімділікті және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап етеді.

Бұл күні біз ер азамат әріптестерімізге төзімділіктері, кәсібиліктері мен сенімділіктері үшін алғыс айтамыз. Сіздер тек отбасыларыңыздың ғана емес, сонымен қатар ота жасау үстелінде, кезекшілікте және кабинеттерде біздің тірегімізсіздер.

Сіздерге мықты денсаулық, ішкі қайрат және әрбір шешімде нық сенімділік тілейміз. Шаңырақтарыңызда әрқашан жылулық пен береке болсын, ал жұмыстарыңыз тек қуаныш пен емделушілердің ризашылығын әкелсін.

Мерекелеріңізбен! 🇰🇿✨

06/05/2026

Бүгін, Халықаралық акушерлер күнінде, біз жан тебірентерлік ерекше сыйлық алдық. 2026 жылдың 21 - ші қаңтарда біздің перзентханада бөбегін құшағына алған анамыздан бейне-алғыс келіп жетті. 👶✨«Кішкентайымды аман-есен дүниеге әкелуге көмектескендеріңіз үшін рақмет!» — бұл жылы лебіз ең жауапты сәтте жанынан табылған бүкіл ұжымға арналады:👩‍⚕️ Дәрігерлер мен акушерлерге — кәсіби шеберлігі, төзімділігі және босану залындағы мейірімді алақаны үшін.💉 Мейірбикелерге — алғашқы күндердегі қамқорлығы мен көмегі үшін.🧹 Кіші медициналық қызметкерлерге (санитарларға) — босанғаннан кейінгі бөлімшедегі тазалық, жайлылық және жылы сөздері үшін.Біз үшін сіздердің бақытты, ал сәбилеріңіздің дені сау болғанын көруден асқан марапат жоқ. Акушерлік — бұл жай ғана мамандық емес, бұл біз бүкіл жан-дүниемізді салатын қасиетті құбылыс, жаңа өмірдің бастауы.Ең қымбаттыңызды бізге сеніп тапсырғаныңыз үшін рақмет!

Сегодня, в Международный день акушерки, мы получили особенный подарок, который тронул нас до глубины души. К нам прилетел видеоотзыв от нашей мамочки, которая встретилась со своим счастьем в стенах нашего роддома 21 января 2026 года. 👶✨«Спасибо за мою крошку!» — эти слова адресованы всей �

05/05/2026

Халықаралық акушерлер күні құтты болсын! 🌸

Бүгін біз адам өмірінің бастауында тұрған жандарды ұлықтаймыз. Біздің қалалық көпбейінді ауруханамызда акушерлердің жұмысы — болашақ ұрпақтың денсаулығының негізі. Бұл — тек жоғары біліктілікті ғана емес, сонымен қатар үлкен жүректі талап ететін еңбек.Әйел адамға әрбір маңызды кезеңде қолдау көрсететін мамандарымызды мақтан тұтамыз:✨

Босану бөлімі — мұнда бәрі қабылдау бөлімінен басталады, онда пациенттерді ерекше назармен және ұқыптылықпен қарсы алады. Аға акушер А.М. Мальтиеваның жетекшілігімен орта медициналық персонал бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, үйлесімді жұмыс атқарады. Дәл осы мамандардың кәсібилігі мен қолдауы босану залында әрбір ананың өзін қауіпсіз сезінуіне көмектеседі.✨

Жүктілік патологиясы бөлімі — А.Т. Каймашеваның жетекшілігімен акушерлер мұнда тыныштық пен сенімділік атмосферасын қалыптастырады. Олар әрбір әйелді кәсіби назармен және ерекше қамқорлықпен қоршай отырып, ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.✨

Ана мен баланың бірге болу бөлімі — С.Б. Кунның жетекшілігімен акушерлер әлемдегі ең маңызды байланысты нығайтуға көмектеседі. Олар жаңа босанған анала�

Студенты часто обращаются в Фонд из-за отсутствия статуса «застрахован».❗️Обратите внимание:Если вы студент очной формы ...
04/05/2026

Студенты часто обращаются в Фонд из-за отсутствия статуса «застрахован».

❗️Обратите внимание:
Если вы студент очной формы обучения, вы относитесь к льготной категории в системе ОСМС. В этом случае взносы за вас оплачивает государство — самостоятельно платить не требуется.

Если вы во время учебы работаете, работодатель освобожден от уплаты отчислений за вас.
Если вы зарегистрированы как индивидуальный предприниматель и обучаетесь очно — вам также не нужно платить взносы на ОСМС.

Важно: Фонд не присваивает льготную категорию. Этот статус формируется автоматически на основе данных Министерства труда и социальной защиты населения и информационных систем Министерства науки и высшего образования.

Чтобы сохранить статус «застрахован», рекомендуем проверять наличие льготной категории через SaqtandyryBot в Telegram.
Если статус не отображается, обратитесь в свой вуз для корректировки данных.

Студенты, обучающиеся за рубежом, для получения статуса «застрахован» самостоятельно регистрируются на портале egov.kz. #мәмсбқо #фсмсзко

Студенттер «сақтандырылған» мәртебесінің жоқтығына байланысты Қорға жиі жүгінеді.❗️Назар аударыңыз:Егер сіз күндізгі бөл...
04/05/2026

Студенттер «сақтандырылған» мәртебесінің жоқтығына байланысты Қорға жиі жүгінеді.

❗️Назар аударыңыз:
Егер сіз күндізгі бөлімде оқитын студент болсаңыз, МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіресіз. Бұл жағдайда жарналарды мемлекет төлейді – өзіңізден төлем талап етілмейді.

Егер оқу барысында жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші сіз үшін аударымдар төлеуден босатылады.
Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз, күндізгі бөлімде оқитын кезеңде МӘМС жарналарын төлеудің қажеті жоқ.

Маңызды: Қор жеңілдік санатын тағайындамайды. Бұл мәртебе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері негізінде, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.

Сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы жеңілдік санатыңызды тексеріп отыруды ұсынамыз. Егер мәртебе көрсетілмесе, деректерді нақтылау үшін өз жоғары оқу орныңызға жүгініңіз.

Шетелде оқитын студенттер «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін egov.kz порталы арқылы өздігінен тіркеледі. #мәмсбқо #фсмсзко

04/05/2026

Біз пациенттердің жылы сөздерін естігенімізге әрқашан қуаныштымыз және біз олармен қуана бөлісеміз.

🌟📧 Нам всегда приятно слышать теплые слова от пациентов, и мы с большим удовольствием их публикуем.

#ДәрігергеАлғыс
#ПациентАлғысы
#ҚазақстанМедицинасы
#ДенсаулықСақтау

30/04/2026

Біз пациенттердің жылы сөздерін естігенімізге әрқашан қуаныштымыз және біз олармен қуана бөлісеміз. Қалпына келтіру эәне медициналық оңалту бөлімшесінің қызметкерлеріне науқас алғысын білдірді.

🌟📧 Нам всегда приятно слышать теплые слова от пациентов, и мы с большим удовольствием их публикуем. Слова благодарности всему персоналу отделения востановительного лечения и медицинской реабилитации.

#ДәрігергеАлғыс
#ПациентАлғысы
#ҚазақстанМедицинасы
#ДенсаулықСақтау

30/04/2026

📍 Тиімді жоспарлау — сапалы медициналық көмектің кепілі. Кезекті апталық жиын өткізіп, онда ағымдағы міндеттерді ғана емес, ұйымымыздың жұмысындағы стратегиялық маңызды көрсеткіштерді де талқыладық. Кездесудің басты тақырыптары: Кері байланыс және «Е-өтініш»Директордың ККМҰ жөніндегі орынбасары Г.Н. Маулетова азаматтардың өтініштеріне егжей-тегжейлі талдау жасады. «Е-өтініш» платформасы арқылы 2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша келіп түскен өтініштердің есебі қаралды. Негізгі басымдық өзгеріссіз қалады: пациенттердің мәселелерін жедел шешу және қызмет көрсету сапасын арттыру. ТМККК және МӘМС жоспарларының орындалуы Жиынның маңызды бөлігі медициналық көмек көлемінің орындалуын талқылау болды. Келесі бағыттар бойынша ағымдағы көрсеткіштер сараланды. Қаражаттың игерілуіне, диагностикалық қызметтердің қолжетімділігіне және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына талдау жасалды. Біздің мақсатымыз — белгіленген лимиттер шеңберінде халықты сапалы медициналық көмекпен барынша толық қамту.

Эффективное планирование — залог качественной медицинской помощи. Провели очередную еженедельную планерку, где обсудили не только текущие задачи, но и стратегически важные показатели работ�

Address

микр. Астана 16
Oral

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухана" МКК posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухана" МКК:

Share