04/04/2026
Орталық қызметкерлері сенбілікке шықты. Бұл – көктемнің алғашқы сенбілігі. Күн жылынып, табиғат жаңара бастаған шақта ұйымдастырылған бұл шараның маңызы ерекше. Қызметкерлер ұйымшылдық танытып, айналаны тазалау, көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысты. Олар ауладағы қоқыстарды жинап, ағаштардың түбін әктеп, гүл көшеттерін отырғызды.
Сенбілік тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар ұжымның бірлігін арттыратын, ортақ іске деген жауапкершілікті күшейтетін игі дәстүр. Мұндай шаралар адамдарды еңбекқорлыққа баулып, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелейді. Көктемнің шуақты күні көтеріңкі көңіл күй сыйлап, барша қызметкерлерге ерекше серпін берді. 🌿🌞
• БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы
🇰🇿Batys_kz
#Сенбілік #Көктем #Тазалық #Бірлік #ЖасылОрта Еңбек Қоғам Табиғат