21/05/2026
Колледжде 1 - 2 курс студенттеріне арналған «Жазғы демалыс кезеңіндегі жеке қауіпсіздік» тақырыбында жеке қауіпсіздік сабағы өтті. Іс-шараның мақсаты — білім алушыларға жазғы демалыс уақытында қоғамдық орындарда, су айдындарында, тұрмыста және интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салу.
Кездесу барысында студенттерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы, суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары, ересектердің қарауынсыз қауіпті орындарда болуға болмайтыны, сондай-ақ өз қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы айтылды. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
В колледже для студентов 1 -2 курса прошёл урок личной безопасности на тему «Личная безопасность в период летних каникул». Цель мероприятия — напомнить обучающимся о правилах безопасного поведения в общественных местах, на водоёмах, в быту и в сети Интернет в период летнего отдыха.
В ходе встречи студентам рассказали о важности соблюдения правил дорожного движения, осторожности при купании, недопустимости нахождения в опасных местах без сопровождения взрослых, а также об ответственности за собственную безопасность и здоровье. Особое внимание было уделено профилактике правонарушений, безопасному общению в социальных сетях и действиям в чрезвычайных ситуациях.