20/11/2024
Жүрек ұстамасы – жыл сайын ерлер де, әйелдер де шалдығатын қауіпті проблема. Өмір үшін қауіпті бұл жағдай күтпеген жерден пайда болуы және оған дейін білінбеуі мүмкін. Жасырын жүрек ұстамасын қалай анықтауға болады?
Іштің қатты ауыруы
Жүрек ұстамасы кезінде көп жағдайда кеуде тұсы қатты ауырып, ол сол жақ иық пен қолға беріледі. Бірақ әйелдерде жасырын миокард инфарктының белгісі ішінің қатты ауыруы болуы мүмкін. Жиі онымен бірге қыжыл, жүрек айну, құсу бірге жүреді.
Тахикардия
Жасырын жүрек ұстамасының аритмиялық түрінде мүлдем ауру сезілмеуі мүмкін. Онда негізгі белгі тахикардия болады. Бұл кезде жүректің жиырылу жиілігі аз дегенде минутына 90 соққыға артады. Алайда тахикардия тек жүрек ұстамасының белгісі емес. Ол сондай-ақ физикалық жүктеменің көп болуынан, қатты күйзелістен немесе кей дәрілерді ішуден пайда болады.
Ентігу мен қатты жөтел
Жасырын жүрек ұстамасының тағы бір белгісі – алқызыл қақырықпен және ентігумен бірге жүретін қатты жөтел. Науқаста тыныс алу қиындықтары болуы мүмкін.
Қатты ісіну
Жылдам артып келе жатқан ісіну әлсіздікпен және ентігумен қатар жүрсе, ол жасырын жүрек ұстамасының белгісі болуы мүмкін.
Жақтың ауыруы
Жақтың ауыруына жиі стоматологиялық проблемалар әсер етеді. Бірақ кейде ол қауіпті аурулардың, соның ішінде жүрек ұстамасының дамуын білдіруі мүмкін. Егер ол жасырын жүрек ұстамасының белгісі болса, онымен бірге мына белгілер де білінуі мүмкін:
- ентігу;
- суық тер;
- жүрек айну немесе құсу;
- жиіленген жүрек соғысы.
_____________________________
☎️ Толық ақпараттар мен кардиологтың қабылдауына жазылу үшін мына телефон нөмеріне қоңырау шалыңыз: 8 7222 320 330, 8 777 320 330 9
📍Біздің мекен-жайымыз Семей қаласы, Шәкәрім көшесі 84А
_______________________________________
#клиниказуриканова #клиникасемей #кардиологсемей #здоровьесемей
#медцентрсемей #детскийкардиологсемей #детскийкардиолог