Semey Medical University

Semey Medical University Semey Medical University is one of the biggest higher medical education establishments of Kazakhstan
(1)

Semey State Medical University is one of the biggest higher medical education establishments of Kazakhstan Republiс, which has its own teaching hospital with the branches in the Pavlodar city. The biggest dynamics of university’s infrastructure development is given to intensive growth opportunities of the educational, scientific and innovational prosperity. There are 8 faculties with more than 36

85 students from all regions of Kazakhstan, from the neighboring countries and far abroad, and around 2000 doctors improve their qualification on postgraduate level. The strategic aim of Medical University is to joint needs of The East Kazakhstan region in health care service and to develop highly qualified medical faculty.
Государственный медицинский университет города Семей является одним из крупнейших медицинских вузов Республики Казахстан, имеющий собственную клиническую базу и филиал в городе Павлодар и Усть-Каменогорск. Высочайшая динамика инфраструктурного развития университета обеспечила интенсивный рост ее образовательного, научного и инновационного потенциала. Наши выпускники востребованы как высококвалифицированные специалисты. Они успешно работают, как в Казахстане, так и за рубежом (в США, Израиле, Германии, России, Пакистане, Индии, Японии и других странах).
Нашей миссией является качественное медицинское образование во благо всего народа Казахстана. Стратегическая цель университета - это полное удовлетворение потребности в высококвалифицированных медицинских кадрах здравоохранения Восточно-Казахстанского региона.

✈️ 🩺 Air Astana әуе компаниясының Алматы–Астана бағыты бойынша рейсінде дәрігер мамандығының кез келген уақытта, кез кел...
25/05/2026

✈️ 🩺 Air Astana әуе компаниясының Алматы–Астана бағыты бойынша рейсінде дәрігер мамандығының кез келген уақытта, кез келген жерде және қандай жағдай болмасын көмек көрсетуге дайын болуды талап ететін ерекше кәсіп екенін тағы бір мәрте дәлелдеген жағдай орын алды.

Ұшу барысында жолаушылардың бірі – 32 жастағы Ильяның жағдайы кенеттен нашарлап кетті. Ер адамның денсаулығы күрт төмендеп, шұғыл медициналық көмек қажет болды. Бақытымызға орай, жолаушылар арасында Семей медицина университетінің оқытушысы, неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Жаннат Оразмұхаметқызы Жақиянова болды.

Бір сәт уақыт жоғалтпай, ол жолаушының жағдайын жедел бағалап, қажетті реанимациялық шараларды жүргізуге кірісті. Дәрігердің кәсіби біліктілігі, сабырлылығы және сауатты әрекеттерінің арқасында ер адамның жағдайын ұшақ қонғанға дейін тұрақтандыру мүмкін болды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Жаннат Оразмұхаметқызы барлық қажетті әрекеттерді нақты үйлестіріп, сенімді әрі байсалды әрекет еткен. Дәл оның жедел араласуы жолаушының өмірін сақтап қалуға көмектесті.

«Мен тек оның өмірін сақтап қалуды ойладым, себебі жағдайы көз алдымызда нашарлап бара жатты», – дейді Жаннат Оразмұхаметқызы.

Бұл оқиға – медицина қызметкерлерінің жоғары жауапкершілігі мен мамандығына адалдығының жарқын көрінісі. Дәрігерлер тек емхана қабырғасында ғана емес, адамға көмек қажет болған кез келген өмірлік жағдайда дәрігер болып қала береді.

22/05/2026

Советбек Жандос Нұржанұлы. «Балалар жақ-бет хирургиясы» мамандығы бойынша 1-оқу жылының резиденті.

Советбек Жандос Нуржанович. 1-й год обучения. Резидентура по специальности “Челюстно-лицевая хирургия (детская)”

19/05/2026

БББ 07R01165 «Пульмонология» (балалар)

Образовательная программа 07R01165 «Пульмонология(детская )

19/05/2026

Защита на соискание степени доктора философии (PhD) Аильбаевой Назым Муратбековны

18/05/2026

🔬 Бүгін «ABAI SCIENCE FEST» фестивалі аясында облыс әкімі Берік Уәли өңірдің жас ғалымдарымен кездесті.

Іс-шараға Шәкәрім университеті, Alikhan Bokeikhan University, Семей медицина университеті, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық технологиялар паркі, Ядролық медицина және онкология орталығы, сондай-ақ Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты жас ғалымдары қатысты.

Фестиваль аясында ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылып, онда агротехнологиялар, медицина, жасанды интеллект, биотехнологиялар, ядролық технологиялар, экология және азық-түлік өндірісі салаларындағы инновациялық әзірлемелер таныстырылды. Сонымен қатар, жас ғалымдардың ғылыми өнімдері көрмесі мен дәм тату аймағы ұйымдастырылды.

Семей медицина университетінің студенттері онкология, ЭКГ талдау және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі жобаларын ұсынды. Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық технологиялар паркі атом энергетикасы, радиациялық технологиялар және өнеркәсіптік инновациялар саласындағы жұмыстарын таныстырды.

Кездесу барысында өңір басшысы аймақтың ғылыми әлеуетін нығайтудың, қолданбалы ғылымды дамытудың және жастардың өңірде қалып, ғылыммен айналысуына қола�

18/05/2026

Қадыр Аяулым Наурызбайқызы. Балалар гастроэнтерологиясы бойынша 1 курс резиденті

15/05/2026

«Гастроэнтерология (ересектер мен балалар)» мамандығы бойынша резиденттері

Резидентура по специальности «Гастроэнтерология (взрослая, детская)»

14/05/2026

🧬 Университетте Қазақстан генетиктері мен селекционерлері қоғамының алғашқы республикалық конференциясы — KOGIS-2026 өтуде. Екі күнге жоспарланған бұл маңызды шара еліміздің ғылыми қауымдастығы үшін айтулы оқиғаға айналды. Конференция генетика, селекция, молекулалық биология, биотехнология және сабақтас бағыттарда еңбек ететін жетекші ғалымдарды, зерттеушілерді, оқытушылар мен жас мамандарды бір алаңға тоғыстырды.

Конференция бағдарламасы аясында пленарлық баяндамалар, секциялық отырыстар және постерлік сессиялар ұйымдастырылған. Қатысушылар қазіргі генетиканың өзекті мәселелерін талқылауда. Атап айтқанда, геномдық технологияларды дамыту, геномды талдау және редакциялау әдістері, популяциялық-генетикалық зерттеулер, молекулалық маркерлер және оларды селекциялық тәжірибеде қолдану, сондай-ақ биоинформатика саласындағы жетістіктер мен генетикалық деректерді интерпретациялау мәселелері қарастырылуда. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру және дақылдардың қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімділігін күшейту мақсатында инновациялық генетикалық тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ медицинада тұқым қуалайтын ауруларды ерте диагностикалау мен алд

14/05/2026

Азимбаева Айжан Нұрболатқызы, «Ересектер, балалар Фтизиатриясы» мамандығы бойынша 1-оқу жылының резиденті

Азимбаева Айжан Нурболатовна. Резидент 1-го года обучения. Специальность «Фтизиатрия взрослая, детская»

12/05/2026

«Семей Медицина Университеті» КеАҚ-да «Естелік аллеясы» бой көтерді
Университетте Семей сынақ ядролық полигонының жабылуына арналған «Семей полигонының естелік аллеясы» атты экологиялық акция өтті. Шара айтулы дата – полигонның жабылуына арналған жылдыққа орайластырылған.
Жас көшеттерді отырғызуға мына тұлғалар қатысты:
🔹 университет әкімшілігінің өкілдері;
🔹 Мектеп декандары;
🔹 білім алушылар (университет белсенділері мен студенттері).
Бұл акция – қаламыз бен кампусты абаттандыруға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар аймақ тарихына көрсетілген зор құрмет. Осы аллеядағы әрбір ағаш тіршілікті, жаңаруды және Қазақстанның экологиялық таза болашағына деген ұмтылысты бейнелейді.
Болашақ медицина қызметкерлері үшін экологияны қорғау және ядролық сынақтардың зардаптары туралы естелікті сақтау – кәсіби әрі азаматтық парыз. Жаңа аллея бейбітшіліктің маңыздылығы мен ұлт саулығы жолындағы жасампаз еңбектің айқын символына айналмақ.
#СМУ #СемейМедицинаУниверситеті #Семей #ЕстелікАллеясы #Экология Қазақстан

В НАО «Медицинский университет Семей» заложили «Аллею памяти»
В университете состоялась экологическая акция «Аллея памяти Семипалатинского полигона». Мероприятие пр

Құрметті әріптестер мен білім алушылар!🎖 Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!9 Мамыр — ерлік пен батырл...
09/05/2026

Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

🎖 Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

9 Мамыр — ерлік пен батырлықтың, төзімділік пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символына айналған қасиетті мереке. Бізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ сыйлаған бабаларымыздың теңдессіз ерлігі мен жанқиярлық еңбегін терең ризашылықпен еске аламыз.

🙏 Батырларымыздың ерлігі мәңгі жадымызда сақталып, жас ұрпақ үшін патриотизмнің, бірліктің және рух мықтылығының жарқын үлгісі болып қала береді.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір, жақсылық пен ертеңгі күнге сенім тілеймін. Әр шаңырақта татулық, бақыт пен тыныштық орнасын!

✨ Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы - Ректор А.А. Дюсупов

🔹

Уважаемые коллеги и обучающиеся!

🎖 Примите искренние поздравления с великим праздником – Днем Великой Победы!

9 Мая - это священная дата, символ мужества, стойкости и беззаветной любви к Родине. Мы с глубокой благодарностью вспоминаем подвиг поколения победителей, которые ценой невероятных усилий и жертв подарили нам мирное небо, свободу и будущее.

🙏 Подвиг героев навсегда останется в нашей памяти и будет служить примером патриотизма, единства и силы духа для молодого поколения.

В этот знаменательный день желаю всем крепкого здоровья, благополучия, мира, добра и уверенности в завтрашнем дне. Пусть в каждом доме царят согласие, счастье и спокойствие.

✨ С Днем Великой Победы!

С уважением, Председатель Правления - Ректор Дюсупов А.А.

Address

Kazakhstan, Abay Street 103
Semey
071400

Telephone

+77222522251

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Semey Medical University posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Semey Medical University:

Share