Центр психического здоровья Туркестанской области

  • Home
  • Kazakhstan
  • Shymkent
  • Центр психического здоровья Туркестанской области

Центр психического здоровья Туркестанской области ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ
ШЖҚ "Облыстық психикалық денсаулық орталығы” МКК

2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Конститу...
10/04/2026

2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Конституциясы аясында азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып қала береді.

ҚР Президентінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №1206 Жарлығын іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жаңа конституциялық нормаларды түсіндірді.

Осыған орай Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында медицина қызметкерлеріне Конституциядағы денсаулық сақтау құқығына қатысты өзгерістер түсіндірілді.

Ата заңның 1-бабына сәйкес, Қазақстан – адам және оның өмірі мен денсаулығын ең жоғары құндылық деп танитын әлеуметтік мемлекет. Осыған байланысты денсаулық сақтау құқығы мемлекет тарапынан кепілді түрде қорғалады.

Конституцияның 32-бабында азаматтардың денсаулығын сақтауға және өздері ақы төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы екені нақты көрсетілген. Министрлік мамандары атап өткендей, «өздері ақы төлемейтін медициналық көмек» ұғымы медициналық қызметтердің ақылы негізге көшуін білдірмейді. Бұл норма азаматтарға тікелей қаржылық жүктеме түсірмей, медицинаны қаржыландыру көздерін әртараптандыруды көздейді.

Медициналық көмек келесі көздерден қаржыландырылады:
• мемлекеттік бюджет қаражаты;
• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі;
• заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер (қайырымдылық қорлары, халықаралық ұйымдар және т.б.).

Осылайша, Конституцияның жаңа редакциясы медициналық көмек көлемін қысқартпайды, керісінше оның қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Азаматтар үшін медициналық көмекті тікелей төлемей алатын қолданыстағы модель толық сақталады.

«Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында 23 наурыз күні Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында кең көлемді ...
23/03/2026

«Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында 23 наурыз күні Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында кең көлемді тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұл күні мекеме аумағы қоқыстан толық тазартылып, жасыл желектер күтімге алынды. Ағаш көшеттері отырғызылып, қолданыстағы ағаштар әктеліп, бұталары ретке келтірілді. Сонымен қатар, аула іштері, жаяу жүргіншілер жолдары мен кіреберіс алаңдар реттеліп, гүлзарлар мен көгалдар жаңартылды.

Аталған шаралар мекеме аумағын көркейтіп қана қоймай, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығ...
19/03/2026

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында медицина қызметкерлерінің барлық санаттарына, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем көліктерінің жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне енгізілген толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың практикалық маңызы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, қызметтік міндеттерін орындау кезінде құқықтық қорғалуы және жауапкершілік мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары аясында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ұсынымдар берілді. Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қызмет барысында туындайтын құқықтық тәуекелдердің алдын алуға ықпал етеді.

ТҮРКІСТАН: ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕМДЕУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІТүркістан облыстық п...
03/03/2026

ТҮРКІСТАН: ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕМДЕУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында Gedeon Richter фармацевтикалық компаниясының қолдауымен ғылыми-тәжірибелік кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында РФ Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік медицина университеті өкілі, сондай-ақ «Башқұртстан Республикасы наркологтарының психиатрлар қауымдастығы» өңірлік қоғамдық ұйымының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Асадуллин Азат Раилевич «Депрессия және антипсихотиктер. Шынайы емес шынайы» тақырыбында баяндама жасады.

Профессор өз сөзінде депрессиялық күйдегі пациенттерді дәрі-дәрмекпен емдеудің заманауи тәсілдері, клиникалық тәжірибеде кездесетін ерекшеліктер және халықаралық ұсынымдарға негізделген терапиялық стратегиялар жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Баяндамадан кейін мазмұнды сұрақ-жауап сессиясы өтіп, қатысушылар көтерген кәсіби сауалдарға толыққанды жауаптар ұсынылды.

Аталған кездесу өңірлік мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, халықаралық тәжірибені зерделеуге және психикалық денсаулық сақтау саласындағы озық әдістерді тәжірибеге енгізуге бағытталды.

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
19/02/2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

19/02/2026
📌 АДАМ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ Конституциялық өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Құжатта алғаш рет әділдік, заң мен ...
18/02/2026

📌 АДАМ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Конституциялық өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Құжатта алғаш рет әділдік, заң мен тәртіп қағидаттары нақты бекітіліп, экологияға жауапкершілік конституциялық деңгейде танылды. Бірлік, ынтымақ және ұлтаралық келісім – мемлекеттің берік іргетасы ретінде айқындалды.

💻 Сонымен қатар, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормалары енгізілді.
🛡 Құқықтық кепілдіктер күшейтіліп, заңдардың кері күшіне жол бермеу қағидаты нақтыланды.
👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы институтын қорғау мен гендерлік құқықтарды қамтамасыз ету мәселелері де қамтылды.

Жоба Конституция мәтінінің 84%-ын жаңғыртуды көздейді. Толық ақпаратпен ресми дереккөздер арқылы танысуға болады.

#ЖаңаКонституция #ӘділеттіҚазақстан #ЗаңМенТәртіп #ЦифрлықҚұқықтар

📌 ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ  Жаңа Конституцияны түсіндіру мақсатында жалпыхалықтық коалицияның қатысуымен...
18/02/2026

📌 ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Жаңа Конституцияны түсіндіру мақсатында жалпыхалықтық коалицияның қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара барысында Әділетті және прогрессивті Қазақстанды қалыптастырудағы Конституциялық реформалардың маңызы кеңінен талқыланды.

Кездесуде спикерлер конституциялық өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Мұндай алаңдар ашық диалог орнатып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

#ЖаңаКонституция #ӘділеттіҚазақстан #Шымкент

14/02/2026

🏥 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ: ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Түркістан облысының Облыстық психикалық денсаулық орталығында 2025 жылдың есептік жиыны өтті. Жиынға Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабаевич қатысты.
Орталықтың басшысы Чалкаров Алимкан Бакирович есептік баяндама жасады.

Түркістан облысының Облыстық психикалық денсаулық орталығының – 2025 жылға қорытынды есебі👇
📌 688 төсек-орын, 750 қызметкер
📌 Шымкент қаласындағы негізгі бөлімше және Сарыағаш, Кентау, Түркістан қалаларындағы құрылымдар�📌 26 826 науқас диспансерлік есепте�📌 Психиатриялық – 83,7%, наркологиялық – 16,3%�📌 Психикалық аурушаңдық ↓1,5%, наркологиялық сырқаттанушылық ↓15%�📌 5567 науқас стационарда ем алды�📌 98 000+ бала мен жасөспірімге суицидтің алдын алу бойынша кеңес�📌 458 бала аутизм бойынша есепте
💊 Дәрілік қамтамасыз ету жоспар бойынша толық орындалған, қаржылық нәтиже оң, кредиторлық берешек жоқ.
🔹 2026 жылға жоспар:�– Инфрақұрылымды нығайту�– Бастапқы психикалық денсаулық орталығын ашу (Түркістан қ.)�– Цифрландыру және интеграциялау�– Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу
-Мамандардың біліктілігін арттыру �– Онлайн және анонимді кеңес беру�– Лудомания, депрессия, мазасыздық бойынша кешенді терапия�– Сарыағашта 140 төсекке арналған кешен ұйымдастыру
-Аккредитациядан өту
-Мекеме аумағын көгалдандыру, экологиялық орта құру
Халық саулығы – басты назарда.

МӘМС: психиатриялық және наркологиялық көмек«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Түркістан облысының тұрғынд...
26/12/2025

МӘМС: психиатриялық және наркологиялық көмек

«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Түркістан облысының тұрғындарына мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық медициналық көмек көрсетеді.
Орталықта «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі» аясында психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар азаматтарға, сондай-ақ психикалық белсенді заттарға тәуелді тұлғаларға диагностика, емдеу, алдын алу, кеңес беру және медициналық-әлеуметтік оңалту қызметтері ұсынылады.
Балалар мен ересектерге арналған заманауи психоәлеуметтік оңалту бағдарламалары пациенттердің қоғамға бейімделуіне және өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Қазіргі таңда орталықта тәуліктік 638 төсек-орын, оның ішінде күндізгі стационарға арналған 20 төсек-орын қызмет көрсетеді. Құрылымында ересектер мен балалар психиатриясы, наркология, мәжбүрлеп емдеу, күндізгі стационар, психиатриялық (психоневрологиялық), психотерапия және оңалту стационарлары, сондай-ақ арнайы бөлімшелер бар.Амбулаториялық және наркологиялық диспансерлік бөлімшелер бір ауысымда 75 адамға дейін қабылдайды. Аутистикалық спектр бұзылыстары бар балаларға арналған 5 төсек-орын қарастырылған, соңғы 11 айда 49 бала ем қабылдады.

КІШКЕНТАЙ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШТүркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Психикалық ...
23/12/2025

КІШКЕНТАЙ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ

Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Психикалық денсаулық орталығының №8 балалар бөлімшесінде жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара барысында балаларға арналған арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, ертегі кейіпкерлері қатысқан қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар, орталық қызметкерлерінің қолдауымен бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Аталған шара балалардың жүздеріне қуаныш ұялатып, олар үшін есте қаларлық, әсерлі мерекеге айналды.

12/12/2025

Address

А-2 автодорога, 3
Shymkent
160001

Telephone

+77710609674

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Центр психического здоровья Туркестанской области posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Центр психического здоровья Туркестанской области:

Share

Category